Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 19:16

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » История

Қазақстан республикасының тарихи даму қорытындылары
Үштөбе орта мектебі
тарих пәнінің мұғалімі Халелова М.Е.
9 сынып
Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының тарихи
даму қорытындылары (1991- 2008)
Мақсаттары:
1. Қазақстан Рспубликасының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының қорытындылары туралы жалпы түсінік беру. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» бағдарламасымен таныстыру.
2. Жалпы білім деңгейлерін арттыру, топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
3. Өз Отаны үшін мақтаныш, отансүйгіштік және өмірге үмітпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.

Түрі: жаңа тақырыпты игеру сабағы
Әдісі: флипчарт, сұрақ-жауап, әңгіме-дәріс, топпен жұмыс

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа тақырып. «Қазақстан 2050»
3. Ұй тапсырмасы
4. Бекіту
5. Қорытынды
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Ұй тапсырмасын тексеру:
Оқушылар параққа дұрыс жауаптарды белгілейді:
“иә” – “жоқ”
 1990 жылдан бастап жеке меншік мектептер көбейді.
 Жалпы білім беру мектептеріндегі оқу жүйесі 12 жылдыққа көшті.
 1991 жылдын бастап жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта оқу орындары ашылды.
 1999 жылы “Білім туралы” Заң қабылданды
 1996 жылдың соңында шетелдегі отандастарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары белгіленді
 1985-1995 жылдары төмендеген демографиялық ахуал тереңдей түсті
 1995 жылдан қазақ мектептерінің саны 811-ге өсті
 2011 жылы қаңтар айында Астанада тұңғыш Президенттің бірінші интеллектуалық мектебі ашылды
 1994 жылы алғаш рет 187 қазақстандық студент шет елдерінің оқу орындарына аттанды
 1989-1994 жж Әділет министрлігінде 500-дей қоғамдық бірлестіктер тіркелді

3. Жаңа тақырыппен жұмыс барысы:

Қазақстан Республикасының қол жеткізген
басты жетістіктері:
 1995 жылы Президент Жарлығымен республика Астанасы Ақмола қаласына көшіретіні жөнінде шешім қабылдады да, ол 1997 жылы 10 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының ресми астанасына айналды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының аты Астана қаласы болып өзгертілді
 Қазақстан 1995 жылы қазақтың ұлы ақыны, гуманист, ойшылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығын кеңінен атап өтті
 1996 жыл – көрнекті суырып салма ақын Жамбыл Жабаев жылы болды
 Қазақстан 2005 жылы соғысқа қабілетті армия жасақтай алды (қай күні?)
 Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Ресеймен, Өзбекстанмен, Түркменстанмен, ҚХР-мен, Қырғызстанмен шекараға қатысты мәселелерді толық реттеді
Оқулықта берілмеген тағы қандай ірі игі істер атқарылды? (оқушылар жауабы)
 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ - ның төрағалық қызметіне кірісті.
Қазақстандық төрағалықтың ұраны
төрт “Т”: «Қазақстан бұл ұйымды Trust, Traditions, Transparency, Tolerance, - яғни сенім, дәстүрлер, ашықтық және төзімділік - деген ұранмен басқаратын болады» Н.Назарбаев.
 Қазақстан Республикасының 20-жылдығы
 Азиада 2011
 Лондондағы Олимпиада ойындарының жетістіктері
Экономикадағы жағдайдың жақсаруы:
 Колхоз-совхоздар жүйесі жойылды
 Жеке меншік енгізілді
 Шағын және орта бизнестің әр түрлі нысандары қалыптасты
 1993-2000жж 14,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды
355-бет Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар. № 2, 3, 4,1

1997 жылы ұзақ мерзімді стратегияық даму бағдарламасы “Қазақстан 2030” 1997 жылы қабылданды:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3. Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы,білімі мен әл-ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым,әсіресе көлік және байланыс.
7. Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәсіпқой мемлекет.
Қазіргі кезде осы бағдарлама іске асырылды. Н.Назарбаев бұл туралы былай деді: « Бүгінгі күні мен үшін 2030 Стратегиясының мерзімінен бұрын орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың қорытындыларын шығару үлкен абырой.» осыған байланысты Астанада 2013жылы 14 желтоқсанда
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа бағдарлама қабылданды.
Н.НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БАСТАПҚЫ САТЫСЫНЫҢ ЖЕТІ БАҒЫТЫН БЕЛГІЛЕП БЕРДІ:
1. ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТАБЫСЫ МЕН ЕРСПЕКТИВАЛЫҒЫНЫҢ
КЕПІЛІ
 Автожол инфрақұрылымын дамытудың ауқымды жобасын құру
 Темір жол магистральдары желісін ұлғайту
 Астана – Алматы шапшаң жүрісті темір жол қатынасын жетілдіру
 Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту
2. «ЕХРО -2017» - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КАТАЛИЗАТОРЫ
 Көрме нысандарын энергияның баламалы көздері есебінен энергиямен толық жабдықтау
 Астанада «Жасыл орам» құрылысын салу
 Астана ребрендингі бағдарламасын, кешенді маркетингтік
компания жоспарын іске асыру
 Өңірлік инновациялық жүйелерді құру жоспары
 «Жасыл өсу» қағидаттарын ұстану
Стратегия мазмұнына байланысты жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру:
 Ребрендинг – брендинг (яғни брендті ойлап табу мен шығару) процесін қайталау. Оның деңгейі әр-түрлі болуы мүмкін: компанияның жай ғана логотипін ауыстыруынан тіпті толық концепциясын, миссиясын, ұсталымын және стилін өзгертуіне дейін бара алады.
Мәселен, 2007 жылы Қазақстан банкілерінің ішінен Казком және БТА шетел нарығына шығу үшін ребрендинг өткізді. Тағы бір мысал - Картел операторы K-Mobile сауда белгісін Beeline-ға ауыстыруы, оның себебі - Ресейлік Вымпелкомның (түпкі Beeline-ның иесі) Қазақстандық Картелді толық сатып алуы.
2009 жылы GSM Kazakhstan компаниясы KCell брендін жаңартты.
Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласындаХалықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.
Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.

3. АЗЫҚ-ТҮЛІК САЛАСЫ – ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕР
 Жайлауда бағылатын мал шаруашылығын қалпына келтіру
 Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын жаңғырту
4. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ
 Бақылаушы органдардың тәуекелдерді басқару жүйелерін жетілдіру
 Стратегиялық емес кәсіпорындарды жекешелендіру
 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі мен міндеттерін қайта қарау
 «Бизнестің жол картасы-2020-ны» көкейкестілендіру
 Тиісті бизнес инфрақұрылымдар құру
5. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН НЫҒАЙТУ
 Бірегей зейнетақы қорын құру
 Банктерді нарықтық қорландыру нақты экономиканы несиелеуге бағыттау
 Сақтандыру нарығының ресурстарын тарту
6. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ ПРОЦЕСІ
 Өзін өзі жұмыспен қамтыған халықты экономиканың нақты секторларына тарту
 Заңсыз сыртқы көші-қонды бақылау және оған қарсы тұру жұмыстарын күшейту
 Әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту
 Әлеуметтік дамудың жалпыұлттық тұжырымдамасын дайындау
7. ӘКІМШІЛІК РЕФОРМА
 Басқару функцияларын орталықсыздандыру
 Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру
 Мемлекеттік басқарудың орталық деңгейін институттық басқару
 Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттік құру
 Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену тұжырымдамасының жобасын әзірлеу
4. Үйге тапсырма:
§51, 355-беттегі сұрақтар мен тапсырмалар
Смагулова Д., Саликова С., Қалкенова А. – Астана туралы 5 минуттік презентация дайындау

5. Бекіту:
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Топтар тапсырма бойынша жұмыс істейді:
І топ- “Мен 2050жылы”
ІІ - “2050 жылдағы мектеп”
ІІІ - “2050 жылдағы ауыл”
Жұмыс нәтижесін тындау, баға беру
6. Қорытынды
Категория: История | Добавил: Ерликовна (30.01.2014) | Автор: Халелова Майдагуль Ерликовна E
Просмотров: 1224 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 GST   (13.02.2014 20:53)
Очень интересный урок.Использовано много разных видов работ,которые можно применять на уроках.Поэтому я взяла их себе на заметку.Спасибо!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz