Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 22.09.2017, 06:01

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [187]
Математика [86]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [104]
Начальная школа [406]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [135]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [36]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1592
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » История

Ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила
Алматы қаласы
«Өзін-өзі тану» гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі
Қашағанова Гүлсімқан Үсеновна


Пән: Қазақстан тарихы. Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: «Халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгіліне тоқтала отырып,Атилланың еуропаға жеңімпаз жорығы,қаһармандығы, ақылдылығы мен алғырлығы туралы толық түсінік беру.
Дамытушылық: Сабақта оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып,қорытынды жасай білуге үйрету және ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Ғұндардың және олардың патшасы Атилланың ерлігін әңгімелей отырып, оқушыларды елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ.
Сабақтың типі: Интерактивті оқыту.
Cабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, картамен жұмыс,ауызша баяндау,талдау,есептеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, дүние жүзінің саяси картасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу
2.Оқушыларды түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын қорытындылау тапсырмалары. (Ғұндар тарихы)

1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі.
1. Тарихи деректер.
2. Ғұн мемлекетінің пайда болуы туралы аңыз.
3. Ғұн мемлекетінің құрылуы.
2.Ғұндар мемлекетінің құрылымы.
4. Басқару жүйесі
5. Қоғамдық құрылысы.
3.Ғұн тайпаларының бірлестігі.
6. Ғұн-Қытай соғысы.
7. Ғұн мемлекетінің екіге бөлінуі.
2.Тапсырма: «Жұлдызды сәт ойыны».
р/с Сұрақтар Жауаптар
1. Ғұндар туралы дерек беретін (Қытай деректері )
2. Қытай деректерінде «ғұн» атауының пайда болған кезі: (б.з.б. ІІІ ғ. аяғы)
3. Қытай деректерінде ғұн басшысының лауазымы («Шаньюй»)
4. «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?»,-деген ғұн басшысы ( Мөде)
5. Ғұн державасының б.з.б. 209 жылы пайда болғаны туралы жазған ( Л.Н.Гумилев)
6. Ғұндар мекендеген жері (Енисей жағалаулары мен Алтайды)
7. Ғұн мемлекетіндегі Шаньюйден кейінгі басты лауазым (Түменбасы )
8. Ғұн мемлекетіндегі түменбасы әскерінің құрамы (10 мың атты әскер)
9. Ғұн мемлекетінде ақсақалдар кеңесі жылына шақырылды: (3 рет )
10. Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт: (300 жылдан астам)
11 Хань әулетінің қол астына түскен: (Оңтүстіктегі ғұндар)
12 Ғұндардың Қазақстан аумағына жылжуын кім басқарды? (Чжи-Чжи)

ІІІ.Жаңа сабақ жоспары:
1.Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
2.Ғұн жорықтарының маңызы.
3.Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.

І топ.- Халықтардың ұлы қоныс аударуы. 3 минут мәтінмен танысу.
ІІ топ- Ғұн жорықтарының маңызы. 3 минут мәтінмен танысу..
ІІІ топ.- Тарихтағы ғұндар сипаттамасы. 3 минут танысу.

Талдау жасаңыз. Қазақ ақын-жырауларының шығармаларын талдау:
Сабыр жырау шығармасынан үзінді:
Бабамыз батыр Еділ-ді,
Еділ кімнен жеңілді?
Көндірген екен ырқына
Сонау төменгі жатқан көп елді.
Қарсыласқан талай табырлар,
Ат артына теңделді.
Кезекті күні келгенде,
Мынау бес күндік дүниеден
Ол да өтіп жөнелді…

Мағжан Жұмабаев : «Пайғамбар»
Ерте күнде жоқ бар еді түн туған,
Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған.
Отты Күннің сәулесінен от алтын
Отты көзді,отты жанды Ғұн туған.
Ерте күнде отты Күннен Ғүн туған,
Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам,
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем –
Күннен туған,Ғұннан туған пайғамбар.
Тапсырма: Тарихи жыл санау.
1.Каталаун ұрысы (451 жыл) мен сақтардан б.з.б. 530 жеңілген Кирдің жорығы аралығында қанша жыл өтті? __________
2.Б.з.б. 209 жылы Орталық Азия ғұндарын Мөде басқарды. 445 жылы ғұндардың билеушісі Аттила болды. Осы елеулі оқиға арасында қанша жыл өтті?__________
3.1856 жылы Парижде «Аттила және оның мұрагерлерінің тарихы» кітабы жарық көрді. Авторы – француз тарихшысы Тьер Амедиди. 453 жылы Аттила өлген соң, ұлы ғұн туралы кітап қанша жылдан кейін жарық көрді?_________
Еділ мінездеме беру.
ІV.Бекіту тапсырмалары.

5 санына байланысты:
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес борыш: Жаратушы , пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш.
1.Ғұн патшасы Аттиланың өмір сүрген жылы?
2.Ғұндардың соғыс құралдары қандай?
3.Ғұндар Еуропаның қай мемлекетіне дейін жетті,картадан көрсет.
4.Ғұн жорықтарының нәтижесі қандай?
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Қырық жыл қырғында тірі қалғандардың бірімін. Мен әскери адаммын. Біздің айбынды армиямыздың торқалы тойы мен үшін де ерекше қуаныш. Бұл армия Отан соғысында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды.
Балаларыма немере— шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Отанды Сүйер Ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты болып өсіңдер!
Бауыржан Момышұлы
V.Бағалау.
VІ.Үйге тапсырма:
1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
2.Оқулықтың 123 бетіндегі сұрақтар мен тапсырмаларға ауызша жауап беруге дайындалып келу.
3. Шығармашылық тапсырма: Қосымша әдебиетті пайдаланып, Аттила туралы әңгімеле
Категория: История | Добавил: ТатьянаТатьянка (30.11.2016) | Автор: Қашағанова Гүлсімқан Үсеновна E
Просмотров: 643 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz