Қыпшақтардың шығу тегі және ежелгі тарихы. 10-сынып. Қазақстан тарихы - История - Мастерская учителя - Каталог статей - Учителя Алматы
Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 24.03.2017, 15:12

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [56]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [184]
Математика [86]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [100]
Начальная школа [405]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [134]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1562
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » История

Қыпшақтардың шығу тегі және ежелгі тарихы. 10-сынып. Қазақстан тарихы
«Өзін-өзі тану» гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі
Кашаганова Гульсумкан Усеновна

10-сынып. Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қыпшақтардың шығу тегі және ежелгі тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қыпшақтардың шығу тарихы, этностық құрамы жөнінде оқушыларға толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: Тарихи санасы қалыптасқан, қызығушылығы жоғары тұлға қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ұлтжанды, білімді азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғғ басында)
Жоспары
1.Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы
2. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы
3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
4. Қыпшақтардың шаруашылығы
Ал қыпшақтардың әуелгі кездегі тарихы жөнінде сабақты түсіндіру барысында мына кестені пайдаланамын
№ Кезеңдері Оқиға мен нәтижесі
1 IV ғасыр Қыпшақтар ғұндар бірлестігінде болды
2 IV-VII ғасырлар Яньто тайпаларын басып алып, сеяньто атты жаңа бірлестік құрды
3 VI ғасырдың ортасы Түрік қағанатының қол астында тәуелді болды.
4 VII ғасырдың басында Қыпшақтар Монғолияның терістігіндегі он-теле немесе он-оғыз тайпасынан құрылған бірлестікті басқарды.
5 630 жылы Қыпшақтар (сеяньто) Өтікенді өздерінің Сир (Қыпшақ мемлекетін құрады
6 VII ғасырдың басы 646 жылы Қыпшақтар бағындарып алған оғыз тайпалары қыпшақтар мемлекетіне күйрете соққы берді.
7 691 жылы Тоғыз-оғыз дағының басындағы ұйғырларды жеңіп, Өтікен жерін алады. Бұ аймақта 742 жылы құлағанға дейін қыпшақтар 50 жыл билік жүргізді.
8 759 жылы «қыпшақ» сөзі көне түрік жазба деректерінде Мойыншор құлпысында кездеседі.
9 ІХ ғасыр Араб саяхашысы Йбн Хордад бектің VIII ғасырға жататын түркі тайпаларының тізімінде қыпшақ сөзі жазылған.
10 VIII ғасыр Қыпшақтар Орталық Қазақстанда қоныстанады
11 ІХ-Х ғасырлар Қыпшақтар Қимақ қағанатының құрамына кіреді.
12 ХІ ғасырдың ортасы Сырдария жағалауындағы Хорезм шекараларына дейін қоныстанған
13 ХІ ғасырдың екінші жартысы М.қашғари жасаған картада қыпшақтар Ертістен бастап Еділ өзеніне дейінгі жерді, тіпті Маңғыстау түбегін де иеленген.
14 1096 жылы Қыпшақтар Хорезмге шабуыл жасаған.
15 ХІ ғасыр Орыс жылнамаларында қыпшақтарды половецтер деп атаған
16 ХІ ғасырдың басы Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойындағы оғыздарды жеңіп, жерін кеңейтіп, санын көбейтіп отырды.
17 ХІ ғасыр Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейінгі Ұлы Даланы мекендегендер «қыпшақтар» деп аталды
1.Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы

• Қыпшақ хандығы XI ғ құрылды .
• Алтайдан Еділге дейінгі аралықтың “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп атаған.
• Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы екі бөліктен тұрады
Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы екі бөліктен тұрады
• Батыс бірлестігі
11 тайпадан тұрады:
елбөрілі, тоқсоба,
йетиоба, дурдут
• Шығыс бірлестік
16 тайпадан тұрады:
8 негізгі , 8 ұсақ тайпалық бөлімшелер.
Ең беделдісі бөрілер болған.
Қыпшақ ханы осы тайпадан шығып отырған.
Қыпшақ бірлестігіндегі түрік тілдес тайпалар:
• Қимақ
• Оғыз
• Құман
• Ежелгі башқұрт
• XIIғ бастап Арал маңындағы
• Қаңлылар
• Қарлұқтар
• Жіліктер қосылған
Еуропа саяхатшысы Плано Карпинидің “қаңлылар қыпшақша сөйлейді екені” дегені төлық дәлелдейді.
Қыпшақ халқының қалыптасуы
Дешті Қыпшақта (Қыпшақтар даласында ) қыпшақ халқының қалыптасуы заңды құбылыс еді.Бірақ монғол шапқыншылығы бұған үлкен нұқсан келтірді. Сөйтіп Қазақстанда біріңғай халық болып қалыптас құбылысы XV ғ дейін кешеуілдеді.
2. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы
Қытай тарихшысы Жүзжани бөрілерді хан әулиетінің тайпасы деп атаған.
Хандық биліктің орталығы “орда” деп атаған
Әскери басқару жүйесі бойынша оң және сол қанат болып бөлінді.
Әскери басқару жүйесі екіге бөлінген
• Оң қанаттың күші және беделі басым орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы
• Сол қанат орталығы Сырдария өзені бойындағы Сығанақ қаласы
Екі қанатқа бөлу билікті мызғытпай ұстан отыру үшін жасалған еді.
Ақсүйек-шонжарларға
Хан ----Ханның туыстары ----- тархандар ----------басқақтар ----- бектер ------ ру-тайпа ----
-------көсемдері ----- байлар----ру-тайпа көсемдері
Құлды “яланкуг” деп атаған
Қыпшақтардың бөгде аттары:
Орыс деректерінде: «Половцы» (далалықтар)
Венгр деректерінде: «Кундар» «командар»
3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
Қыпшақтар Хорезм елімен қатынасты жақсартуға тырысады.
Хорезм билеушілері Текеш пен II Мұхаммед қыпшақ ханы Қадыр Букехан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып,Сығанақ қаласын басып алуды ойластырады. Текеш Отырарды билеп отырған Алып-Деректің әскерін өз жағына шығарып, қаланы жаулап алды.
Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.
4. Қыпшақтардың шаруашылығы
• Мал шаруашылығы (төрт түлік)
• Тұрмыстық кәсіп ( қолөнер .зергерлік)
• Аң аулау шаруашылығы
• Егін шаруашылығы
Жаңа сабақты бекіту:
1. Қыпшақтардың саяси орталығы болған қала. (Сығанақ)
2. Қыпшақтың елбөрілі тайпасы табынған аң . (Қасқыр)
3. Қыпшақтар туралы жазған еуропалық ғалым.(Карпини)
4. Орта ғасырлардағы түрік ғалымы.(Қашқари)
5. XI-XIII ғғ Еділ өзені мен Алтай тауы аралығындағы мемлекет бірлестігі .(Қыпшақ)
6. Қыпшақтардың этникалық құрамындағы тайпа .(Тоқсоба)
. Сабақты бекіту:
Қыпшақтардың шығу тегі қайдан және қашан бастау алған?
Қыпшақтардың алғашқы кездегі тарихи жағдайы қандай?
«Қыпшақ» сөзінің пайда болуы және қыпшақтардың тарих сахнасына көтерілуі.
Қыпшақтардың алғанқы орналасқан жерлерін картадан көрсетіңдер.
2. Басқару жүйесі:
1. Оң қанат (Сарайшық)
2. Сол қанат (Сығанақ)
3. Зерттеушілер:
1. Ибн Баттута – «Қыпшақтар малға бай…»
2. Плано Карпини, Рубрук – «Қыпшақтардың жылқы малы 100 — 500 динарға сататын…»
3. Петахья – «….. тары мен күріш өсіреді….»
4. Әл — Омари – «….. бидай, арпа, тары өсіреді»- деп жазған.
Оқушылырды бағалау
Қорытынды.
Үйге тапсырма: §21 оқып келу
Категория: История | Добавил: ТатьянаТатьянка (23.12.2016) | Автор: Қашағанова Гүлсімқан Үсеновна E
Просмотров: 73 | Теги: Тарих, кыпшак | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz