Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 13.12.2017, 23:36

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [23]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [195]
Математика [87]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [106]
Начальная школа [407]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [135]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [37]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1611
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » История

Монғол мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы. 10-сынып. Қазақстан т
«Өзін-өзі тану» гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі
Кашаганова Гульсумкан Усеновна

10-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Монғол мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Монғол мемлекетінің құрылуы, қоғамдық құрылысы, тұрмысы, шаруашылығы туралы білім беру, күрделі тақырыптардың өзара байланысын ашу, негізгі ғылыми білімдерді беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оларды өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбие беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білуін, қарым-қатынас жасауды үйрету. Оқушыларды жауапкершілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен мәдениетін қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Оқыту технологиясы: дамыта отырып оқыту, іс-әрекетті бақылау, тірек сызбалары арқылы оқыту, саралап оқыту, ақпараттық технологиялар
Оқыту әдістері: иллюстрациялық түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Ортағасырлық мемлекеттер дәуірі ескерткіштерінің суреттері, слайд, тәуелсіздік монументі, оқулықтар, перфокарточкалар, электронды нұсқадағы лекция материалы
Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, Қоғамтану.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқытушы оқушылармен амандасып, зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырма бойынша дәріс дайындап келген оқушылардың мәліметтері тыңдалады.
3. Жаңа тақырыптың мақсаты мен міндеттері Жаңа тақырып туралы толыққанды мәліметтер беру,монғол мемлекеті туралы негізгі білімді қалыптастыру.
4.Жаңа тақырып (материалдар толық түрде)
Монғол империясының құрылуы.
Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді.1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.
Қоғамдық құрылысы
онбасы

10 мың әскер

жүзбасы

мыңбасы

Түменбасы

100 әскер

10 әскер

1000 әскер

Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса). Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:
Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы.
(Кесте арқылы түсіндіру).Отырардың күйреуі атты бейне фильмнен үзінді тыңдатып, М.Шахановтың «Отырар опаты» өлеңінен үзінді оқылады.
Аймақтарды басқару үшін –дарғы бекеттер, тамғаш және басқақтар тағайындалды

1207-1208 ж Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы
1207-1209 ж Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы
1211-1215 ж Қытай жерін бағындырылуы
1217 ж Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы
1218 ж Монғолдардың Жетісу жеріне енуі
1219 ж 150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы
1219-1220 ж Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы
Жаулап алудың зардаптары
• Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
• Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
• Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
• Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
• Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
• Мәдениеттің дамуына кедергі болды.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.
Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы

Монғолдардың Қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:
• Шапқыншылық, басқыншылық бағытта;
• Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы хандар тарихының бастауы болды.
Монғолдар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады.
5.Сабақты бекіту: Сайыс сабағы білім биржасы деп аталатын «Алтын балық» ойыны арқылы өтеді. Ойын интерактивті тақта арқылы жүргізіледі. Екі топ оқушылары өзенге қармақ тастау арқылы балық аулау үшін сұрақтарға жауап береді. Ал, балықтың тек біреуі ғана алтын, оның ұпайы да жоғары болады.
Шапқыншылық соғыстар
Жылдар Оқиғалар
1207-1208 жж. Жошы-Енисей қырғыздары, Сібір халқы
1207-1209 жж. Шыңғысхан – Таңғұл, Тұрфан, Ұйғыр
1211-1215 жж. Қытай жері, соғыс техникасы
1216 ж. Жошы, Керей, Торғай даласы
1217 ж. Жебе Ноян –Жетісу –Күшілік хан
1218 ж. Отырарға керуен
1219 ж. 200 мың әскер Орта Азия, Үгедей, Шағатай, Отырар, Жайық Жент, Янгикент, Шыңғысхан Төле- Бұхара
1220 ж. Мауереннахр
1221 ж. Мерв, Хорасан, Кавказ, Иран
1223 ж. Калка өзен бойы Орыс- Қыпшақ
Хронологиялық диктант
Екі топқа хронологиялық диктант беріледі. Жаңа меңгерген тақырыптан оқулықпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады.
І топ ІІ топ
1206 жылы 1208-1209 жылы
1207-1208 жылы 1211-1215 жылы
1218 жылы 1217 жылы
1219-1220 жылы 1219 жылы
Проблемалық сұрақ(ауызша): Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?
1.Шыңғысханның
шын есімі
2.Шыңғысханның баласы.
3. Моңғолиядағы өзен.
4. Тайпа.
5. 6-ай берілмеген қала.
6.Батый құрған мемлекет.
Бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы.
Оқушыларға Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру тапсырмасы беріледі.

«Өзін-өзі тану» гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі
Кашаганова Гульсумкан Усеновна

Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырларда құрылған хандық мемлекеттердің олардың әлеуметтік, экономикалық жағдайын, әкімшілік құрылысы туралы мағұлмат беру.
Қазақстан тарихы. 7-сынып
Тақырыбы: XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Сабақтың мақсаты:
• Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырларда құрылған хандық мемлекеттердің олардың әлеуметтік, экономикалық жағдайын, әкімшілік құрылысы туралы білімдерін тереңдету:
• Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
1. «Қазақастан 14-15 ғасырларда» картасы
2. «Қазақстан Республикасының сяси картасы».
Үй тапсырмасын сұрау:
Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?
1.Шыңғысханның шын есімі
2.Шыңғысханның баласы.
3.Моңғолиядағы өзен.
4.Тайпа.
5.6-ай берілмеген қала.
Сабақтың жоспары:
1. Қазақстан аумағында хандық мемлекеттердің құрылуы.
2. Мемлекеттердің әлеуметтік дамуы.
3. Экономикалық дамуы.
4. Мемлекеттердің әкімшілік құрылысы
Мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып, Шағатай, Жошы және Үгедей билеген аумақты картадан көрсетіп, олардың жеке ұлыс болып өмір сүргені жайлы айтады. Сонымен қатар Бату хан кезінде Алтын Орда құрылып, кейіннен оның Ақ Орда және Көк Орда болып бөлінгенін, онда билік жүргізген хандарға, оқиғаларға тоқталады.
Алтын Орда, Ақ Орда ыдырағаннан кейін Қазақстан аумағындағы мемлекеттер туралы түсіндіру барысында төмендегі сызбаны пайдалануға болады.
Алтын Орда
1. Ақ Орда –Әбілқайыр хандығы- Моғолстан мемлекеті
2. Көк Орда
3. Ноғай Ордасы
Жерге иелік түрлері
• Икта
• Інжу
• Сойырғал
• Тархандық
1. Мемлекеттік жер (диуандық)
2. Інжу-ірі жер иелену
3. Вакуфтық- дін иелігі
4. Миліктік-шаруалар
XIV-XV ғасырлардағы салық түрлері
Тағар
Қалан
Құшыр
Зекет
Сауын
Хараж
Баж
Соғым
Сыбаға
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы әкімшілік басқару жүйесінің көп жағдайда бір-біріне ұқсас болғанын, жоғары тап, ірі тайпа өкілдерінен тұратын хан кеңесінің рөлін ерекше атап өту керек. Мұғалім бұл мемлекеттердегі халықтың шаруашылығы , мәдениеті, тілі, діні, әдет-ғұрыптарының ұқсастығына тоқталып, қазіргі осы аймақтарда құрылған мемлекеттер халықтарының ұқсастықтары, айырмашылықтары туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгіме өткізуге, пікір алысуға болады.
Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету мақсатында, ізденісін дамыту бағытында қырғыз, өзбек, башқұрт, түрікмен, татар, қалмақ, т.б. халықтар туралы баяндама, реферат жазып келуді тапсыру да тиімді.
Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін, осы аймақта Қазақ хандығы құрылып, дами бастайды. Қазақ хадығының құрылуының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор.
Сабақты бекіту:
1. Орта ғасырдағы мемлекет тұрғындары мемлекет қазынасына қандай салық түрлерін төледі?
2. 14-15ғ Қазақстанда жерге иелік ету мен жерге жеке меншіктің қандай түрлері өмір сүрді?
Бағалау:
Үйге тапсырма беру: §19.
Категория: История | Добавил: ТатьянаТатьянка (23.12.2016) | Автор: Қашағанова Гүлсімқан Үсеновна E
Просмотров: 387 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz