Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 09:28

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Иностранный язык

Дидактические игры на уроках английского язык в детском саду.
Павлодар қаласы әкімдігі
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің
«№ 12 мемлекеттік тілде оқытатын сәбилер бақшасы»
мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын

Ағылшын тілі оқу іс – әрекетінде қолданылатын дидактикалық
ойындар мен фонетикалық жаттығулар жинағы

Құрастырған:
С.С. Алиева- ағылшын тілі мұғалімі

Павлодар қаласы 2013 жыл
ТҮСІНІК ХАТ
Бала өмірінде ойынның маңызы зор,ол ересектердің қызметінде, жұмысында,қызмет бабында қандай мәнге ие болса,мұнда да сондай мәнге ие болады.Бала ойнағанда қандай болса,есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады.Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
А.С.Макаренко
Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойындар элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған. Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр 1) Оқыта үйрету ойындары. Бұл ойындарды сабақта да, сабақтын тыс шараларда да пайдалануға болады.
Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлері:
1.ойыншықпен ойналатын ойындар.
2.Үстел үстінде ойналатын ойындар.
3.Сөздік ойындар
Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеледі, сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімі тереңдете түседі және ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектеседі.
Дидактикалық ойындарды ағылшын тілі сабағында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін дидакткалық ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады.
Затпен ойналатын дидактикалық
ойындар.
3 – 4; 4 – 5 жастағы балаларға арналған
«Доппен ойын».
Мақсаты: Балалардың белгілі бір тақырып бойынша білімдерін бекіту.
Керекті құралдар: Доп
Ойын мазмұны: Балаларға доп беріледі сұрақ қойылады. “What is your name?” Балалар допты қайтарып, My name is … деп жауап береді.

«Ол не?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: Әр түрлі суреттер.
Ойын мазмұны: Жүргізуші немесе мұғалім балаларға суретті көрсетіп What is it? сұрағын қояды. Балалар сұраққа It is a … деп жауап береді.

«Не жоғалды?»
Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: Бір тақырыпқа байланысты суреттер немесе заттар.
Ойын барысы: Тақтада суреттер ілініп тұрады немесе үстел үстінде заттар тұрады. Балалар оларда қарап, есте сақтайды. Close your eyes ! командасы беріледі. Балаларды көзді жұмғанда бір зат немесе сурет алынып тасталады




«Не бар екенін тапшы?»
Мақсаты: Балалардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын дамыту.
Керекті құралдар: жемістер, жануарлар, ойыншықтар суреттері
Ойын барысы: Бала үстел үстінде жатқан бір суретті алады да, оны артына тығып тастайды. Қалған балалардың мііндетті ол ненің суретіекенін табу. Ол сұрақ арқылы білінеді.

«Заттың атын ата»
Мақсаты: Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Керекті құралдар: Ыдыс, көкөніс пен жемістер муляждары, ойыншықтар, жануарлар, қоржын.
Ойын барысы:Балалар қоржыннан заттарды алып, олардың атауларын ағылшын тілінде атау керек. Оны жан жақты сипаттайды

5 – 6; 6 – 7 жастағв балаларға арналған

«Себеттегі жемістер»
Мақсаты: Шапшаңдылықты дамытады.
Керекті құралдар: Жемістердің муляждары.
Ойын барысы: орындықта отырған балаларға жемістер таратылады. Жүргізушу “Apple, change places with orange” кімде ол жемістер болса, сол балалар орындарынмен ауысады.

- What is it?
- Is it a ball?
- No, it isn’t
- Is it a bear?
- Yes it is.

«Түс» ойыны
Мақсаты: Түстер мен реңдерді қабылдауын дамыту, түс бойынша таңдап алу іскерлігін қалыптастыру.
Кереті құралдар: Түрлі түстер картокалар
Ойын барысы: Балаларға түрлі түсті карточкалар таратылады. Мұғалім немесе жүргізуші бала команда береді: “Green, stand up”, “Red, sit down”, “Blue, run”, “Yellow, jump”.




«Кім шапшаң?» ойыны
Мақсаты: Балалардың зейін қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: сандар жазылған карточкалар
Ойын барысы: Балалар екі командаға бөлінеді. Үстел үстінде сандар жатады, жүргізуші бала бір санды атағанда балалардың міндетті санды қарсылатардан тез алу.

«№ 8» ойыны
Мақсаты: Зейінді, шапшаңдылықты дамыту.
Керекті құралдар: 1-ден - 10- ға дейін сандар
Ойын барысы: Балалар екі командаға бөлініп, бір біріне қарама қарсы тұрады. Ортасында орындық тұрады, үстінде ойыншық немесе кез келген зат жату керек. Балаларға сандар таратылады. Мұғалім немесе жүргізуші кез келгенсанды атағанда сол сан бала ортада тұрған затты тез алу керек. Қай топтың баласы тез алса, сол топқа ұпай әкеледі.

«Телефон» ойыны.
Мақсаты: Естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру. Диалогты сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.
Керекті құрал: Телефон
Ойын барысы: Екі бала бір бірімен телефон арқылы сөйлеседі. Ағылшын тілінде сұрақтар қояды:
-Hello! How are you?
-Hello! I am fine thank you. How are you?
-What are doing?

«Тиінге жаңғақ жинап берейік» ойыны
Мақсаты: Балалардың сезім мүшелерін дамыту
Керекті құралдар: Әр түрлі пішінді заттар, жаңғақтар, қапшық
Ойын барысы: Бала көзді жұмып қапшықтың ішінен тек қана жаңғақ жинау керек.

«Бұл не?» ойыны
Мақсаты: Балаларды ағылшын тілінде сұрақ қоюға және оған дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
Керекті құралдар: Әр түрлі тақырыптарға байланысты суреттер немесе заттар
Ойын барысы: Мұғалім балаларға бір бірден суреттер береді, содан кейін What is it? сұрағын қояды. Бала сұраққа жауап бергеннен кейін ол сұрақ келесі балаға қойылады. Барлық балалар сұраққа жауап бергеннен кейін, басқа суреттер беріледі.




«Кім тез?» ойыны
Мақсаты: Шапшандылықты дамыту
Керекті құралдар:Әр түрлі суреттер (ойыншықтар, ыдыстар, жануарлар, пішіндер)
Ойын барысы: Балалар орындықта отырады да, қолдарында суреттерді ұстайды өз суреттің атауын естігенде орнынан тұрып тақтарды аналып жүгіріп орнына отыру керек.






«Сиқыршы» ойыны
Мақсаты: Балалрдың ойлау қабілеғттерін дамытады. Сөздік қорын дамытады.
Керекті құралдар: Үлкен бас киім, әр түрлі заттар немесе суреттер.
Ойын барысы: Бас киімнің астына бір зат немесе сурет салынады.
Педагог: What is it?
Бала: A toy?
Педагог: No
Бала: A cat?
Педагог: No
Бала: An apple
Педагог: Yes
Жауапты тапқан бала сиқыршыға айналады.

«Көңіл күйді көрсет» ойыны
Мақсаты: Балаларды сабаққа деген көңіл күйді білдіруге үйрету.
Керекті құралдар: Ағаш суреті, қызыл, жасыл, көк түсті дөңгелектер
Ойын барысы: Балалар ағашқа дөңгелектерді іле отырып, көңіл күйлерін білдіреді.
Жақсы көңіл күй - қызыл түс
Орташа көңіл күй - көк түс
Жаман көңіл күй - жасыл түс

«Түрлі түсті пішіндер» ойыны
Мақсаты: Балаларды пішіндерді, түстерді ажыратуға етіп дайындау. Есту қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: Түрлі түсті қарындаштар мен бояулар.
Ойын барысы: Балалар бір бірден тақтаға шығып аталған пішінді салу керек. Бала түсті өзі таңдайды.
Мысалы:
- Draw a circle
- What colour is a circle?

«Көкөністер» ойыны
Мақсаты: Көкөністер атауларын ағылшын тілінде бекіту.
Керекті құралдар: Көкөністер муляждары.
Ойын барысы: Балалар дөңгеленіп отырады. Қолдарына әр түрлі көкөністердің суреттері беріледі. Жүргізуші бала немесе педагог балаларға бұйрық береді: Tomato, change places with cucumber. Балалар орындарымен ауысып жатқанда жүргізуші бос орынға отырады. Орын жетпеген бала жүргізуші болады.


Үстел үстінде ойналатын дидактикалық
ойындар.
3 – 4; 4 – 5 жастағы балаларға арналған
«Көңіді пішіндер» ойыны.
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер мен түстер жайлы білімдерін бекіту, түсті таңдай білуге үйрету.
Керекті құралдар: Түрлі түсті геометриялыұ пішіндер
Ойын мазмұны: Балалар әр түрлі пішіндерден бір затты құрастыру. Мысалы: гүл, үй.

«Кім тығылды?» ойыны
Мақсаты: Көзбен қабылдау, есте сақтау қабәлеттерін дамыту
Керекті құралдар: Жануарлардың суреттері
Ойын барысы: Үстелдің үстінде жануарлардың суреттері қойылады. Балалар көзді жұмғанда бір сурет алынады. Балалар қандай сурет тығылып қалғанын айтады.

«Не артық?»
Мақсаты: Суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
Керекті құралдар: Суреттер
Ойын барысы: Балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады. Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап, басқаларынан өзгеше біреуін табу керек.

«Вагондарға дөңгелек таңдау»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның барысы: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әр түрлі пішіндердің ішінен табады.

«Түрлі-түсті жолақтар»
Ойынның мақсаты: түстерді ағылшын тілінде атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген әртүрлі жолақшалар.
Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.



«Жабайы аңды көрсет»
Мақсаты: Жабайы аңдарды үй жануарларынан ажырату



5 – 6; 6 – 7 жастағы балаларға арналған
«Жалпы атауын ата»
Мақсаты: Балаларға заттарды жеке жеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы аауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа, шапшаңдылыққа баулу.
Кереті құралдар: Жемістер, ойыншықтар. Оқу құралдары, үй жиһаздары.
Ойын барысы: Балаларға жемістер, ойыншықтар, үй жиһаздары бар бірнеше сериялы дидактикалық материалдары таратылады. Балалар осыматериалдарды топтастырып, атау керек.
Мысалы: алма, өрік, алмұрт жемістерге жатады. Өйткені олар жеміс ағаштары.





«Не өзгерді» ойыны.
Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: Әр түрлі ойыншықтар, заттар
Ойын барысы: Үстел үстіне әр түрлі заттар қойылады, балалар бірнеше секунд оларға қарап, есте сақтайды. Балалар көздерін жұмады, оы кезде мұғалім бір затты алып тастайды (орнымен ауыстырады, қосады)
- What has changed on the table?
- You have put your bag on the table.

«Пішінді көрсет»
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Керекті құралдар: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойынның барысы: Алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.


«Дәл осындай пішінді тап» ойыны
Мақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Керекті құралдар:геометриялық пішіндер
Ойын барысы: Балалар пішіндереді атайды:
- What shape is it?
- It is a circle
- What colour is s circle?
- Red

«Киім атауын ата»
Мақсаты: Киім атауларын дұрыс атай алу. Жұпсыз тұрған киімдерді көрсетіп, атау.






«Мамандықтарды ата» ойыны
Мақсаты:Балаларды мамандық түрлерімен таныстыру, сөздік қорын дамыту. Еңбекті құрметтеуге дағдыландыру.
Керекті құралдар: Әр мамандық иелерінің суреттері
Ойын барысы: Балаға ағылшын тілінде сұрақ қойылады:
- What do you want to be?
- I want to be a doctor
Бала суретке қарап кз келген мамандықты атайды.



«Қайсысының отбасы үлкен»
Мақсаты: Балалардың ағылшын тілінде санау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Ойын барысы: Балалар суретке қарап жануарлар атауларын ағылшын тілінде атайды. Қай жануардың отбасы үлкен екенін анықтайды.



Сөздік дидактикалық ойындар.
5 – 6; 6 -7 жастағы балаларға арналған
«Телемост» ойыны
Мақсаты: Балаларды шетел тілінде сұрақтарғ толық, нақты жауап беруге дағдыландыру.
Керекті құралдар: Америка мен Қазақстан елдерінің тулары.
Ойын барысы: Балалар екі командаға бөлінеді. Бір команда Американың оқушылары, ал екінші команда Қазақстанның оқушылары болады. Олар бір бірінен ағылшын тілінде атын, жасын, қай жерде тұратынын, жанұя туралы сұрайды.
Мысалы:
- What is your name?
- How old are you?
- Where are you from?
- Where do you live?
- Have you got a family?

«Мамандықты жіберіп алма» ойыны
Мақсаты: Зейінді ауыстыру қабілеттерін дамыту
Ойын барысы:Балаларға әр түрлі тақырыптарға байланысты сөздер оқылады. Ол сөздердің арасынан мамандық атауын естігенде қолмен шапалақтау керек.
Мысалы: a dress, a banana, a circle, a doll, a teacher, a moon, green, a cat, a driver, a dog, a sheep, an apple, a seller, a sky, white, a bear, a car, a policeman, a pen, a sailor.

«Артық сөзді тап» ойыны
Мақсаты: Балалардың зейін қабілеттерін даыт
Ойын барысы: Балаларға төрт төрттен бір категорияға жататын сөздер оқылады, олардың арасынан балалар бір артық сөз табу керек:
A bear, a fox, a wolf, a dog
A cow, a sheep, a horse, a tiger
White, yellow, green, wolf
A dress, jeans, lion, a T shirt

«Қайталау ойыны»
Мақсаты: Балалардың есту, тыңдау қабіеттерін дамыту
Ойын барысы: Жүргізуші немесе мұғалім балаларға анық, бірақ ақырын бір сөзді айтады. Балалар оны анық қайталау керек.

«Цепочка» ойыны
Мақсаты: Балалардың білімдерің тексеру. Балаларды ойынды біріктіріп ойнауға үйрету.
Ойынның барысы: Балалар шеңберге отырады да, жүргізуші балаға бір сұрақты қояды. Бала осы сұраққа жауап береді де, басқа балаға сұрақты қояды.

“Eat. Don’t eat”
Мақсаты: Баланың шапшаңдылығын, зейінің дамытады.
Керекті құралдар: Доп
Ойын барысы: Балаға доп беріледі де, ағылшын тілінде сөздер аталады. Балалар ол сөздерді жеуге бола ма, жоқ па екенін айтады.
Мысалы:
- A toy
- Don’t eat
- A dress
- Don’t eat
- A pear
- Eat


«Рифманы таңда»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын барысы: Балаларға сөздер оқылады балалар ол сөздерге рифманы таңдайды. Мысалы түстерге байланысты:
1. Ted – red crack - black
Night – white seen - green
They – grey fellow - yellow
Town – brown glue - blue


“ Yes/ No” ойыны
Мақсаты: Зейін қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: Белгілі бір тақырыпқа арналған суреттер немесе ойыншықтар.
Ойын барысы: Балаларға суреттер көрсетіледі де сұрақ қойылады.
Мысалы:
- Is it a cow?
- No, it a sheep
- Is it a cat?
- No, it is a dog
- Is it a mouse?
- Yes, it is a mouse.

«Тілші» ойыны
Мақсаты: Диалогты сөйлеу дағдыларын дамыту. Қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алу.
Ойын барысы: Бір бала тілші болып таңдалады. Балаларға ағылшын тілінде сұрақтар қойылады:
- What is your name?
- My name is Dana
- Where are you from?
- I am from Kazakhstan.
- What is it?
- It is an apple
- What colour is an apple
- Green

«Сөзді ата» ойыны
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамытады. Ойлау қабілеттерін арттырады.
Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлінеді. Педагог бір категорияны атайды. (food, animals, family members). Қай топ бірінші болып белгілі бір категорияға сөзді атаса, сол топ бір ұпайға ие болады.


«Ассоциация»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамытады. Ойлау қабілеттерін арттырады.
Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтың капитандары қарсы топтың бір ойыншысына ағылшын тілінде бір сөзді атайды. Атаған сөзге ойыншы осы сөзбен байланысты басқа сөздер атау керек.
Мысалы:
- Apple
- Yellow, red, green, delicious

Сергіту сәттер

1. Hands up! Hands down!
Hands on hips! Sit down!
Hands up! To the sides!
Bend left! Bend right!
One, two, three… Hop!
One, two, three… Stop!
Stand still!

2. Hands up! Clap! Clap! Clap!
Hands down! Shake! Shake! Shake!
Hands on hips! Jump! Jump! Jump!
Hop! Hop! Hop! Stop! Stand still!

3. Hands up! Hands down! Shake! Shake!
Stand up! On the tiptoes
Turn around! Step aside,
Step left! Step right!

4. Hands on the head,
Hands on the hips,
Hands on the table,
Hands like this.
Hands on the shoulders,
Hands up and down,
Hands behind the head

5. One, one, one.
Little dog, run!
Two, two, two.
Cats see you!
Three, three, three,
Birds in the tree.
Four, four, four,
Frogs on the floor.

6. Clap, clap, clap your hands.
Clap your hands together.
Stamp, stamp, stamp your feet,
Stamp your feet your feet together.
Nod, nod, nod your head
Nod your head together
Dance, dance, dance a dance
Dance a dance together.

7. Red, red, touch your head,
Black, black, touch your back,
Blue, blue, touch your shoe.
Green, green, touch your chin.
Brown, brown, touch the ground.

8. Cars are running in the town
Up and down, up and down.
Now and then a three – eyed cop
Tell them straightly “go” and “stop”.

9. My hands upon my head
I place
On my shoulders, on my face
Then I put them
In front of me,
And gently clap
One, two, three!

10. Walking, walking
Walking, walking.
Hop, hop, hop.
Running, running
Running, running.
Please, let’s stop.
Stand up. Sit down.
Stand up and point.
Sit down and listen.

11. Point to the ceiling,
Point to the floor,
Point to the window,
Point to the door.
I am tall like a house,
I am small like a mouse,
I am big like a tree,
Now, look at me!
Touch your head,
Touch your shoulders,
Touch your feet,
Touch your nose.

12. If you are happy and you know it,
Clap your hands.
If you are happy and you know it,
Clap your hands.
If you are happy and you know it,
And you really want to show it,
If you are happy and you know it,
Clap your hands.

13. Put your finger on your head
Put your finger on your head
Don’t forget, don’t forget.
Put your finger on your head
Put your finger on your nose
Put your finger on your nose
Don’t forget, don’t forget.
Put your finger on your nose
Put your finger on your nose
Don’t forget, don’t forget.
Put your finger on your feet
Put your finger on your feet
Don’t forget, don’t forget.
Put your finger on your feet

14. Put your finger on your nose
On your hips and on your toes.
On your nose, on your toes,
On your hips and on your toes.
Put your fingers on your knees,
On your hair and on your cheeks,
On your knees, on your hair
And wave them in the air.

15. I can swim like a fish,
I can run like a rabbit
I can jump like a little cangaroo.
I can sing like a bird,
I can walk like a cat,
I can climb like a monkey in the zoo.
I can do it, he can do it
She can do it too, too, too
We can do it, they can do it
And what about you?

16. Hop a little, jump a little
One, two, three.
Run a little, skip a little,
Tap one knee.
Bend a little, stretch a little,
Dance a little, nod your head.
Sleep a little, sleep
In your bed.

Фонетикалық жаттығулар

[u]
A cook has a good look in a cookery book.
Could you cook a gooseberry pudding without putting sugar in?

[a:]
Are these pass marks?
Father’s father hard on Charles.
Cars can’t be passed here after dark.

Mark has a smart car.

[ai]
Get up gay and bright in the morning light.
At night this side of the house seems quite light.
Mike and Ike sat side by side quite a mise.
Stop piping the eye like a crocodile.

[ei]
Haste makes waste.
The mail train is delayed again.
They say it takes eighty – eight days.

[e]
Fred fed Ted bread, and Ted fed Fred bread.
Can you retell ten texts in twelve seconds?

[i:]
I see a pen
I see a hen,
I see a fox,
It is in the box.

The frog is green, green, green,
So is the tree, tree, tree.
And what is blue? One, two, three;
The sky is blue, so is the sea.

[t] – [p]
I have a little motor boat.
It turns around the bay,
And when I start my motor boat
It always seems to say:
Putt – putt, putt – putt,
But when the boat is under way
And running fast, it seems to say:
Putt – putt, putt – putt
Putt – putt, putt – putt.

[ai]
What is white?
Snow is white.
It is white
Even at night.

Good night, good night,
My little child.
Get up gay and bright
In the morning light.

[ei]
Rain, rain, go away,
Come again another day.
Little children want to play
In the happy month of May.

Kate, take a plate.

[h]
- How do you do, Hatty?
- How do you do?
- I hope you are well, Hatty,
- I hope you are too.

He who has begun has half done.

Sam has a black hat in his hand.

[t]
Try to put it right together.
Better the foot slip than tongue trip.

[ә:]
There lived a little girl,
And she had a little curl.

[s]
It’s nice f you to say so sir.

Swan swam over the sea
Swim, swam, swim.
Swan swam back again
Well
Swum, swan.
Категория: Иностранный язык | Добавил: alievasamal (06.04.2015) | Автор: Самал E
Просмотров: 1042 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Сёма1967   (22.12.2015 14:16)
Интересная статья

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz