Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 09:25

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Иностранный язык

«Жалпы білім беретін мектептің 2 – сыныбынан бастап ағылшын тілін оқыту» экспериментінің жүзеге асырылуы
№ 3, 2008 г.

 Б. Б. Сүлейменов,

Алматы қаласы № 128 қазақ орта мектебі

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

 Елімізді дамыту тұрғысында білім беру жүйесінде бірталай іс-шаралар жүзеге асуда. Оның мақсаты – елдің біліктілігін арттыру, сол арқылы елді дамыту. Білім беру жүйесінде ақпараттық және инновациялық технологияларды көтеру шаралары іске асуда. Солардың қатарында тіл мәселесі де бар. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің үшінші түрі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 29-мамырда бір топ бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесуінде «Тілдердің үш тұғырлығы» мәселесіне байланысты ағылшын тіліне деген өзінің ой пікірін төмендегі сөзімен дәлелдеп берді:

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.

Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын  тілін  біздің халқымыздың жаппай меңгеруі сол тілде жасалған , жасалатын шексіз байлықты аудару жөніндегі машақаттан , артық шығыннан құтқарады . Демек , балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.

Осы мақсатта ағылшын тілін жетік меңгертудегі басты әрекет – белгілі мектептер мен басқа да оқу орындарындағы эксперименттік обьектілердің немесе топтардың ашылуы.  Осыған орай №128 орта мектебі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 4-наурызындағы « Жалпы білім беретін мектептің 2 – сыныбынан бастап ағылшын тілін оқыту » экспериментін ұйымдастыру туралы № 174 және 2004 жылғы 2- сәуірдегі« Жалпы білім беретін мектептің 2 – сыныбынан бастап ағылшын тілін оқыту » экспериментін ұйымдастырудың іс – құжаттарын бекіту туралы № 273 бұйрығын негізге ала отырып , 2004 – 2005 оқу жылынан бастап « Ағылшын тілін 2 – сыныптан бастап оқыту » жалғастырып келеді.

Эксперименттің  мақсаты:

12 – жылдық білім беру жүйесіне өтудің міндеттерін іске асыру үшін база дайындау шеңберінде жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында ағылшын тілін сапалы оқытуды қамтамасыз ету.

Міндеттері:

-               Баланың бойына тілдерге деген қызығушылығын , оны үйренуге құштарлығын сіңіру

-               Жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін , мәдениетін , тарихын  және әдет – ғұрпын танып білуіне ықпал ету

-               Баланың сезімтал , шығармашыл , әлеуметтік , танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып , оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу

-               Бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен , әндерімен , тақпақтарымен , оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу.

№128 қазақ орта мектебінің эксперименттік нысанында бүгінгі күнде 8 сынып бар. 2 сыныптарда (а,б), 3 сыныптарында (а, ә), 4 сыныптарында (а, б) және 5 (а,б) сыныптарында ағылшын тілі аптасына 2 сабақ сыныпты 2 топқа бөлу арқылы және 1 сабақ топқа бөлмей факультатив сабақ ретінде жүргізіледі. Осы сыныптарға дәріс беруші мұғалімдер Олжаева Ү, Өкісханова А, Қалдыбекова Л ,Қошқарбаева  Ш. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық  институтында және қалалық білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтында , «Макмиллан» әдістемелік орталықтарында білімдерін ары қарай шыңдауда.

Мектебімізде шет тілін оқыту ҚР Білім және Ғылым министрлігінде бекітілген құжаттар мен бағдарлама негізінде жүргізіледі. Балалармен   ағылшын тілін тереңдетіп оқытумен қоса педагогикалық-психологиялық бағыттағы бақылау жұмыстары жүргізілуде. Зерттеу барысында балалардың психологиялық процесі дамуының 10 % артқандығы айқындалды. Алдағы уақытта мұндай өнімділіктің көлемін арттыруды мақсатқа алып отырмыз. Бұрынғы жоспар бойынша осы оқу жылында да «Макмиллан» әдістемелік орталығына оқулықтарға алдын ала тапсырыс беріліп, әр сыныпта жиналыс өткізіліп, барлық оқушы ата-аналардың көмегі арқылы оқулықтармен қамтамасыз етілді. Яғни, Way Anead 1, 2, 3, 4 деңгейлік оқулықтары, жұмыс кітаптары және грамматикалық қосымшасы. Бюджеттік тапсырыспен берілген дидактикалық материалдар, СD, бейне және аудио таспалар қабылданды. Эксперимент сыныптарға бөлінген 2 кабинет педагогикалық және санитарлық-гигиеналық тұрғыдан алғанда оқушылардың сабақ процесінде еркін жүріп-тұруына, сабаққа қызығушылыған арттырудағы әр түрлі ойын элементтерін қолдануына, ақыл-ойының дамуына, мұғалімнің оқушыға керекті, қызықты білім бере алуына ыңғай туғызылып жасалған.                            

Сонымен қатар баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеу шаралары қарастырылған. Дегенмен біздің жұмысымыздың әлі де дамуына кедергі жасайтын кемшіліктер де бар. Мысалы, балалардың қызығушылығын одан әрі арттыруға үлкен үлес қосатын компьютер жабдықтарының жетіспеушілігі, мультимедиалық электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілмеуі, мультимедиялық кабинеттің осы уақытқа дейін мектебімізге бөлінбеуі көңілді қынжылтады.

Мұндай кемшіліктерге қарамастан эксперимент сыныптарға дәріс беретін пән мұғалімері көптеген конференцияларға, семинарларға қатысып, өз тәжірибелерін ортаға салуда.   Яғни , атап айтатын болсақ  , 2005 жылы 21 – 23 ақпан аралығында өтілген « Қазіргі заманға сай шет тілін үйрету » атты  республикалық семинарда Өкісханова А., Олжаева Ү. ашық панорамалық сабақтар жүргізді , 2006 жылы 12 қазанда « Ағылшын  тілін ерте жастан оқытудың коммуникативтік әдістемесі» тақырыбындағы мектебімізде өткен қалалық ғылыми практикалық семинарда  4 «а», 4 «б» сыныптарында  Өкісханова А .,  Олжаева Ү. ашық сабақ өтіп ,эксперимент жетекшісі Сүлейменов Б. « Ағылшын тілін 2 – сыныптан бастап оқыту » экспериментінің  2 – жылдық жұмысына талдау жасады. 2007 жылы 07 қарашада « Шет тілін ерте жастан оқыту » тақырыбында №125 орта мектепте өтілген қалалық семинарда Өкісханова А. , Қалдыбекова Л. ашық панорамалық сабақтар өткізіп,тәжірибелерін қала көлемінде таратты. Осы жүргізілген іс-шаралардың қорытындысын сырттан келген қонақ әріптестеріміз, басқа облыстан келіп қатысқан мұғалімдер де өз ризашылықтарын білдіріп, оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарының жоғары деңгейде екеніне, осы деңгейге жетуге көп үлес қосқан, білім сапасының жоғары болуына дәріс берген мұғалімдерге үлкен рахметтерін айтты.

Оқушылардың білім сапасының нәтижесіне келетін болсақ:

Соңғы 4 жыл ішінде оқушылардың жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларының едәуір өскенін байқауға болады. Оқушылардың оқуға деген мотивациясы айтарлықтай жақсарды, олардың  білім алуға деген қызығушылығы жылдан – жылға артуда

 Білім сапасы орташа 15 % - ке көтерілді.  

Эксперимент сыныптардағы оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің өсу динамикасына тоқталатын болсақ , оқушылардың коммуникативті және интеллектуалды даму көрсеткіштерінің өсу деңгейі байқалуда . Сонымен бірге оқушылардың  психикалық , физикалық денсаулық және тәрбиелілік деңгейі көтерілді.        

Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің өсу динамикасы

Коммуникативтік деңгей

Эксперимент сыныптарға мектеп психологтарының көмегімен жыл сайын психо – диагностикалық салыстырмалы талдау жүргізіліп отырады.Соның бір айғағы ағылшын тілінің оқытылу сапасына  деген оқушылардың қатынастарын және қанағатын дәріптеу мақсатында оқушылар , мұғалімдер және ата – аналарға жүргізілген социологиялық зерттеудің нәтижесі төмендегідей:

Эксперимент және бақылау сыныптарына жүргізілген психо – диагностикалық салыстырмалы талдау төмендегідей нәтижелер беріп отыр:

-               Эксперимент сыныптардағы оқушылардың жалпы даму деңгейі бақылау сыныптарына қарағанда едәуір жоғары деңгейде.

-               Ағылшын тілін үйрену мотивациясының ұлғаюы байқалуда.

-               Оқушылардың жылдан – жылға ағылшын тіліне деген қатынасының жақсаруда.

-               Эксперимент сыныптардағы оқушылардың оқуға деген құштарлықтары , белсенділіктері  және сөз әрекеті бақылау сыныптарына қарағанда едәуір дамуда.

Осы зерттеулер мен бақылауларға қарап оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығының артқанын көреміз. Ерте жастан ағылшын тілін үйретудің тиімділігін оқушылардың тілге деген құштарлығынан, жаңа сөздерді жаттау қабілеттерінің ересек оқушыларға қарағанда жылдам жаттауынан және де оқулықтан, жұмыс дәптерінен тапсырма орындағанда тиянақты, ұқыпты орындауларынан байқауға болады.

Оқушылардың ағылшын тілін үйренудегі тағы бір жақсы жағы 2, 3, 4 сыныптарда сөз қорының едәуір ұлғаюын байқауға болады.

Сонымен қатар « Ағылшын тілін 2 – сыныптан бастап оқыту » экспериментін жалғастыруды жүзеге асыру жолында әр түрлі мекеме , орталықтармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтар болсақ , Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты (ББЖБЖҒПКБАРИ) , Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының  біліктілігін көтеру және қайта даярлау  институты (АҚББЖМБКЖҚДИ) , Педагогикалық зерттеулер орталығы , Макмиллан әдістемелік орталығы , Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және « Ағылшын тілін 2 – сыныптан бастап оқыту » экспериментін бірге бастап келе жатқан №125 орта мектебі.

Қорыта келе , « Ағылшын тілін 2 – сыныптан бастап оқыту » экспериментінің қазіргі заман талабына сай жүргізу , мектепті технологиялық ақпараттандыру құралдарымен қамтамасыз етуді негізге ала отырып төмендегі өтініштерімізді ұсынамыз:

1.Оқушылардың ағылшын тілін толық меңгеруіне ықпал тигізетін мультимедиялық кабинет ашу.

2. Мүмкіншілік болса эксперимент алаңындағы мектептерде шетелдік оқытушылармен  өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу.  

Категория: Иностранный язык | Добавил: teacher-almaty (15.12.2008)
Просмотров: 14329 | Рейтинг: 4.0/9
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz