Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 08.12.2016, 23:18

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 9
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Творческая личность

Шәкіртіне ой салған ұстаз

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында қоғамның барлық саласында сапалы өзгерістер іске асырылуда. Әлемдік өркениетті елдерге кірігуде тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі-жас ұрпақты шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі заман талабы.

Бала жүрегінде еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктің тарихты оқыта жүріп, Қазақстанның асқар тауы мен айдын көлін сезіндіріп, болашағының иесі өздері екенін оқушыларға түсіндіретін, мақтаныш сезімін оятатын Мәженова Мәдениет Дәулетқалиқызы өз ісінің шебері.

Елбасымыз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты биылғы Жолдауында сапалы білім беру мәселесін басты мақсат етіп, көп міндеттер жүктеді. Осы орайда Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі М.Мәженова оқушылардың білім сапасын жоғары деңгейге көтере алған ұстаз. Мәдениет Дәулетқалиқызы ұстаздық еңбегінің соңғы 25 жылын осы мектепте тарих пәнінен шәкірттеріне шығармашылықпен білім берумен жалғастыруда.

«Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған, 7-сыныпқа арналған «Орта ғасырлардағы дүниежүзі тарихы» жаңа буын оқулығының және хрестоматия, әдістемелік құралдардың, дидактикалық материалдардың, 11-сыныпқа арналған дидактикалық материалдардың авторы.

Педагогикалық оқуларға қатысып «Қазақстан тарихында ХҮІІІ-ХІХ ғғ ұлт азаттық қозғалыстарды оқытуда қосымша әдебиеттерді, тарихи шығармаларды пайдалану, ұлтжандылыққа тәрбиелеу» және т.б. тақырыптарда  баяндама жасады.

Ұстаз Республикалық «Біріңғай Ұлттық Тестілеу» жүйесіне байланысты сарапшылар тобының құрамында тест сұрақтары мазмұнын анықтауға қатысты.

М.Мәженова әр сабағына мұқият әзірленіп оқушының ой-өрісінің, таным түсінігінің молайуына әсер етеді. Сабақта қосымша материалдарды пайдалану  арқылы  балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Мұғалімнің оқытқан оқушылары қалалық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарында жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Рахметов Олжас «Менің Қазақстаным» атты шығармалар сайысында І дәрежелі дипломмен (2001), Құрманбаев Қуат «Қазақстан тарихы» пәнінен оқушылардың республикалық олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен, Құбашев Ермек «Қазақстан тарихы» пәнінен оқушылардың қалалық олимпиадасында ІІ орын, құрмет грамотасымен, Қалидулин Бейбіт «Қазақстан тарихы» пәнінен «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» тақырыбындағы ғылыми жобасы ІІ дәрежелі дипломмен (2000), Жұматаева Жанар «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбындағы ғылыми жоба Кіші Академияда І орынды, І дәрежелі дипломмен марапатталды (2006).

Қазіргі сабаққа қойылатын басты талап оқыту үрдісінде интерактивті әдіс-тәсілдері пайдалану екенін мұғалім жақсы түсінген.

М.Мәженова сабақтарының негізгі ерекшеліктері: үй тапсырмасын беруде әр оқушының білім дәрежесін ескеру мақсатымен карточка-консультацияларды қолданады, алдын ала тапсырмалар беріп, жаңа сабақты түсіндіруде озат оқушылардың көмегін пайдаланады, жаңа тақырып бойынша хабарламалар жасату, оқушылардың өздеріне-өздері баға беру, бір-бірінің жауаптарына ауызша рецензия беруді ұйымдастыру т.б. жұмыстың түрлерін қолданады.

Мұғалім сабақтың ғылыми өзегін жақсы ойластырады. Сабақ процесінде философиялық байланыстарды, психологиялық процестерді, педагогикалық, методикалық әдіс-тәсілдерді жүйелілікпен таңдайластырып оқу материалын біртұтас толық меңгеруге бағыттайды.

Мұғалімнің әдістемесіндегі бір ерекшелік - өзінің шығармашылық іс-әрекетін оқушылардың өз бетінше ізденушілік жұмыстарымен ұштастырып отыратындығында. Әрбір сабағында оқушыларға өздігінен жұмыс істетіп, өздерін сөйлеттіріп, ойлаттыруға, олардың танымдық белсенділігінің артуына бағыттайды.

Орыстың ұлы педагогы Ушинскийдің «Егер сіз өзіңізге лайықты мамандықты сәтімен іздеп тапсаңыз, оған жан-тәніңізді салсаңыз, онда бақыт сізді өзі іздеп табады» - деген орынды пікірі қарапайым еңбек адамы ұстаз Мәдениет Мәженоваға арналған іспетті.   

К. Қ .Найманбаева,

Алматы қаласы білім беру жүйесі

мамандарының біліктілігін көтеру

және қайта даярлау институты

директорының орынбасары

Категория: Творческая личность | Добавил: teacher-almaty (25.03.2008)
Просмотров: 2995 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz