Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 28.04.2017, 07:35

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [187]
Математика [86]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [100]
Начальная школа [406]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [134]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1570
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Творческая личность

БАЯНДАМА « Балалардың ұлттық қолөнер туралы түсініктерін қалыптастыру»
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «Оқушылар сарайы»мм қолөнер үйірмеснің жетекшісі Ахетов Ермекбай Ахетұлы

БАЯНДАМА « Балалардың ұлттық қолөнер туралы түсініктерін қалыптастыру»

Жаңа технологияны меңгеру өндірістік оқыту шеберінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновация дегеніміз -ХХI ғасырдағы зерттеулерде пайда болып,белгілі бір мәдениеттің кейбір элементтерідің бірінен екіншісіне енгізу дегенді білідіреді. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері,түрлері мақсаты мен мазмұнын педагог пен студент бірлескен қызметін ұйымдастыру жаңалық енгізуді білдіреді. Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан - 2050" стратегиялық жолдауында "біз білім, ғылым-инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден ,бұл -уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры" деп атап көрсеткен болатын.
Менің көп жылдық тәжірибемнің нәтижесінде байқағаным – жаңа инновациялық тәсілдерді қолдануы білім берудің саласындағы негізі болып табылады. Қазіргі замандағы инновация технологиялары әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы өзіндік ой тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасын ашық айта алатын, ақпараттар ағымына қажетін айта ала білетін, қоғамдық ортаға икемділігі бар, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу.
Құзіреттіліктерге тоқталсақ: технология пәніне тән оқушыларды қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, мәдени мұрасын қадірлеп, сәндік қолданбалы қолөнермен тереңірек таныстыруда, эстетикалық жағынан дамыған, ойлау қабілеті кең, жеке тұлға тәрбиелеуде еңбекті өнермен тығыз байланыстыра отырып, одан қоғамға немесе өзіне пайдалы, ұнамды жаңа дизайн талаптарына сай әсемделген, жыл бойы жасаған шығармашылық жобаның ролін білу.
Ақпараттық құзіреттіліктер: пән бойынша ақпарат жинап, сұрыптау, таңдау жасау; қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен ақпараттарды қабылдап, сақтап, өзгертіп, дәлелдеуге дағдыландыру, ақпаратты өңдеуге қажетті әдістерін жолдау, жинақтау, қорыту, жүйелеу, дәлелдеулерді салыстырақолдану, мәдени-танымдық құзіреттілік-еліміздегі ұлттық құндылықты құрметтеу, халықтар достығын бағалау, қазақ халқының отансүйгіштік сезімін сезіне білуі, ұлттық үлгілердің өзіндік ерекшеліктері арқылы технология пәнін меңгеру.
Технология пәнін оқыту, сапасын арттыру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Әрбір сабақты белсенді өткізіп, әр оқушыдан еркін жауап алуға тырысамыз, жауаптарын соңына дейін тыңдап, салауатты, мәдениетті сөйлеуге көңіл бөлеміз. Ұстаз баланы сыйласа, құрметтесе, әрбір сабақ мереке сияқты болса, мұғалім оқушымен дос, оқушылар бірлігі дамиды, тілге деген сүйіспеншілік қалыптасады.
Технология пәні мұғалімдері ұлттық қолөнерді оқушыларға үйретіп, өздерін ізденіс зерттеулерге кірістіруге, одан әрі қарай дамытуға мақсат қояды. Сондықтан да оқушыларға қазақ қолөнерінің барлық түрі тұрмысқа қажеттіліктен пайда болған дүниелер екенін, осы қажеттіліктің арқасында елде пайда болып, жалғасын тауып келе жатқаны түсіндіріледі. Оқушылар бұл дүниелерді шеберлер заман талабына сай жаңаша туындыларға айналдырып, елімізді дамытып келе жатқанын біледі.
Балалардың әдебиеттен , математикадан, музыкадан, бейнелеу мүсіндеу, кесте тігу мен ою –өрнек алу өнерінен хабардар болуы келешекте рухани үрдісті жоғары , кемел азамат болып шығуына жол ашатыны анық
Категория: Творческая личность | Добавил: Айару6308 (07.04.2017) | Автор: Ермекбай E
Просмотров: 10 | Теги: Ахетұлы, Ахетов | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz