Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 12:48

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Внеклассное чтение

фигуралар сыры (сабақтан тыс)
Сыныптан тыс сабақ. (7-9 сыныптар )
Тақырыбы: Фигуралар сыры
Мақсаты: оқушылардың фигура туралы алған білімдерін пысықтап, тиянақтау;
- ой-өрісі мен сөз қорын дамыта отыра, еркін сөйлеуге дағдылау;
- ұқыптылық пен шапшаңдыққа, жауапкершілік пен бірауыздылыққа тәрбиелеу.

- Жаңа технологияны қолдану. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы
Өнерді жаңа қырынан тану. фигурадан құрастыру, кеңістікте орналастыру, эссе, өлең шумағын құрау т.б. жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
Пәнаралық байланыс. Қазақ әдебиеті , математика , геометрия, сызу, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, т.б. пәндермен байланыс.
Өмірмен байланыс. күнделікті өмірмен байланыстыру, өмірдегі көріністерді қағаз бетіне көрсете отыра, ойын ұштастыра білу дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
 Оқушының пәнге қызығушылығын артады.
 Шығармашылық қабілеті дамиды.
 Бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алады.
 Топтық жұмысқа бейімделеді.
Сабақ барысы: І. Психологиялық дайындық
- әр балаға фигуралар тарату, соның көмегімен топқа бөлу
- әр топ өзіне фигура таңдап эмблемасын жасату, оны таныстыру
ІІ. Қызығушылықты таныту
- 5.Математикалық жұмбақтар

Шар емес, дөңгелек емес
Бірақ осылардың бөлігі
Радиус,диаметрін іздегенде
Онсыз болмайды келісі
(шеңбер)

Қарама-қарсы қабырғалары
Параллель боп қосылған
Оқыңызшы аталуында
Параллель , грамм сөзі қосылған (параллелограмм)

- Нүктеден, екі сәуледен
Фигура ол құралды.
Айтыңдаршы канекі
Қалай ғана аталды (бұрыш)

Шелекке ұқсайтын дене
Біліңдерші сіз қане? /Цилиндр/

ІІ. Мағынаны тану
- сонымен бүгін біз тек фигуралар сырын ашамыз
1-тапсырма
- фигуралар тарату сол туралы математикалық тілде қорғау «Не білесің?»
2-тапсырма
- Сіреңке беру 15 содан фигура құрау, қорғау
- «Бір апта » өлеңін тарату , өз күн тәртібімен алмастыр
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
3-тапсырма
Графикалық диктант
1. 1тор солға, 1 тор жоғары, 1тор оңға, 1 тор жоғары, 3 тор солға, 1 тор төмен, 1 тор оңға ,1тор төмен, 1 тор солға, 2 тор төмен, 1 тор солға, 1 тор жоғары, 1 тор солға, 1 тор төмен, 1 тор солға, 1 тор төмен, 6 тор оңға, 4 тор жоғары.
- шар көмегімен «Шамдар» құрау
Мақсаты: шарларды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.
Ойынның мазмұны: Балаларға шеңбер таратып беру, түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Берілген шеңберден шар құрау.
Сергіту сәті
Жаңылтпаш
1) Бір ақ шымшық,
Екі ақ шымшық.
Үш ақ шымшық,
Төрт ақ шымшық.
2) Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық
Бес күзетші.. бес пысық.
3) Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім.
4) Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.
5) Есет атам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар.
6) Аппақ, аппақ, бәрі аппақ,
Ақ қар аппақ, бәрі аппақ.
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ
Ақ сүт, айран, қант та аппақ.
7) Бес түп алма,
Бестік алғандыкі.
Төрт түп алма ,
Төрттік алғандыкі.

4-тапсырма
«Әдемі кілемшелер» оқушыларға фигура салынған конферт беру, сол арқылы кілемше тоқу.
- дайын кілемшеге эссе немесе өлең құрау, қорғау
- ортаға топ басшысын шығару қол үзбей фигура ойлап сызып шық
(бір-біріне жасыру)
5-тапсырма Ой толғаныс
«Тірек дабылы» мәтін беру
- нақыл сөз
- қызықты суретін салу
- белгілері
- сызбасы
Сабақты мына санамақпен аяқтағым келеді:
«1»дегенім жаман баға
Алады оны жаман тбала
«2» дегенім нашар баға
Оқушыларым нашарлама
«3» дегенім орта баға
Сапасы да орта ғана
«4» дегенім жақсы баға
Алады оны жақсы баға
«5» дегенім үздік баға
Оқиық тек үздік қана!
Категория: Внеклассное чтение | Добавил: Даулетхановна (05.02.2015) | Автор: Хасенова Гуль Даулетхановна E
Просмотров: 603 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Айжан_Нурлановна   (12.02.2015 09:23)
Өте мазмұнды іс-шара. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда көп көмегі тиді.  сізге шығармашылық табыстар тілеймін.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz