Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:20

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Внеклассное чтение

«Ойлан да тап!» танымдық ойыны
Балтабаева Ш.А.
Торғаева Б.А.
Қостанай қаласы
№1 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
Орыс тілі мектебіндегі қазақ тілінде өткізілген 9-шы сыныптар аралығындағы сыныптан тыс іс-шара

Ойынның тақырыбы: «Ойлан да тап!» танымдық ойыны
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың алған білімдерін ойын арқылы жинақтау, танымдық қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды ұлттық дәстүрімізге сай
қасиеттерге бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында
қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна
мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-
дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші болуға баулу.
Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын байыту.
Жабдықтары: қанатты сөздер, компьютер, интерактивті тақта, сахна шармен, гүлдермен безендіріледі.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Дайындық барысы:
 Топтарға қойылатын талаптармен таныстыру
 Таныстыру – 3 минут
 Сұрақтарға жауап беру – 15 минут
 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді айту – 7 минут
 Математикалық тапсырманы шешу – 15 минут

ІІ. Әр топтың өздерін таныстыру кезеңі. Әр топ өз аттарының, ұрандарының таңдау себебін түсіндіреді.
1) «Жігіттер» тобы
Ұраны: Отан үшін отқа түс,
күймейсің!

2) «Арулар» тобы
Ұраны: Қыз өссе, елдің көркі,
Гүл өссе, жердің көркі.

3) «Алтын жастар» тобы
Ұраны: Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін.

ІІІ. Бірінші бөлім «Ойлан да тап!»
Ойын шарты: Ойынға 15 минут беріледі, әр топ өзіне ұнаған ұяшықты таңдайды. Таңдаған сұрағына нақты, тез жауап беруі керек. Ұяшық саны бойынша ұпай жинайды, ал жауабы дұрыс болмаса, сол сан шегеріледі.

Мысалы:
Қазылар алқасы әр топтың жинаған ұпайларын хабарлайды. Көп ұпай жинаған топ екінші бөлімді бастайды.

ІҮ. Екінші бөлім «Жетті жұрттың тілін біл»

Ойын шарты:
Көп нүктенің орнына үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ауызша, жазбаша қатесіз, сауатты жауап берулері керек. Әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Егер 1-ші топ жауап бере алмаса, жауабы дұрыс болмаса, келесі топтар бірінші болып қызыл түсті белгі арқылы жауап беруге құқылы. Қай топ көп сұраққа жауап берсе, сол топ жеңімпаз атанады. Мысалы:
1- сұрақ
Наданмен қас болғанша,
Кітаппен ... бол. (Дос- друг- friend )
Қазылар алқасы әр топтың жинаған ұпайларын хабарлайды.

Ү. Үшінші бөлім «Әрі есеп, әрі жұмбақ»

Әр топқа үш тапсырма, әр тапсырмаға 15 ұпайдан беріледі. Ойлануға 3 минут уақыт бөлінеді. Жауаптарын нақтылап, дәлелдеулері керек. Егер жауаптары дұрыс болмаса, ұпай берілмейді.

І топқа: Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?

ІІ топқа: Бір отбасында алты ұл бар. Олардың бір-бірден қарындасы бар.Осы үйде барлығы неше бала бар?

ІІІ топқа: Далада торғайлар ұшып жүр. Бұтақтарға бір-бірден қонса, бір торғай артық, ал екі-екіден қонса, бір бұтақ артық қалады. Сонда қанша торғай, қанша бұтақ бар?

Қазылар алқасы әр топтың жинаған ұпайларын және жеңімпаз топты хабарлайды, мадақтау қағаздарымен марапаттайды.

Категория: Внеклассное чтение | Добавил: 01233210 (12.11.2010) | Автор: Боранкуль E
Просмотров: 9612 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 3.0/8
Всего комментариев: 4
+1   Спам
4 6654456   (13.11.2010 14:50)
сыныптан тыс сабақтарың жақсы, презентацияларын бар ма, бар болса жіберіңдерші. Рахмет.

+1   Спам
3 987789   (13.11.2010 14:38)
Құрметті мұғалімдер, ойындарын жаксы екен! Презентация жок па?

2 01233210   (12.11.2010 15:52)
Рахмет.

1 01233210   (12.11.2010 15:51)
Рахмет, маған өте ұнады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz