Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 14:39

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Общество семи муз

Драма - мектеп сахнасында
№ 1, 2008

Айша Дулатқызы,  

 «Жаңа сахна» үйірмесінің жетекшісі  Аблаева

Мен өзім жастайымнан әртіс болуды армандайтынмын. Арманым толық орындалмаса да өкінінуге еш хақым жоқ.Өмірдің сан қилы соқпағы мені ұстаз етіп шығарды.Ұстаздықтың ұлы қамытын киіп,шәкірт тәрбиелеп жүре бердік.Бірақ бала кездегі арманымды басқа жолмен жүзеге асыратын кез келгендей.Содан «шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей 2001-2002-ші оқу жылдары мектебімізде алғаш рет драма үйірмесі ашылды. Мектебіміздің қазақ   тілінен  сабақ  беретін мұғалімдері  ұйымдасып,оқушылар арасында байқау өткіздік.Байқауда оқушыларымызды түрлі қырларынан тану үшін «Көркем оқу шебері», «Образды бейне жасау» атты байқаулар өткізіуді ұйғардық.Осы жерде нақтылап айта кететініміз байқауға қатысушылардың қызығушылығы  мен саны күннен күнге артып отырды.Дәл қазіргі бүкіл әлем дағдарып жолын таппай отырған «жаһандану» заманында бұл бір «теңізге тамшыдай» болса жастарымызды дұрыс жолға бағыттау деп сенеміз.Ал жастарымыздың аталмыш  үйірмеге белсене қатысуы ұстаздар қауымына да қанат бітіргендей.

Үйірменің көркемдік жетекшілігін  мектеп директоры Мәсәлім Ернар Шәуенұлы  атқарды да, қоюшы режиссері мен болдым.Үйірме жұмысы алдын ала жоспарланып,белгілі бір мақсат бойынша өз жұмысын асқан белсенділікпен, қызығушылықпен бастады.Жастарымыздың  ынтасын жігерлендіру үшін мектептен тыс «М.Әуезов» драма театры ұжымымен творчестволық байланыста болуды жөн көрдік.Содан бері міне көз алдымызда сан баланы Абайша сөйлеттік,Кенесарыдай қол бастаттық, Қайрат болып  «Желтоқсанның жауыздығын» көрсеттік.  

Үйірменің талантты мүшелерінің қатарында:Есімбек Дәркен, Әбдуәли Аида, Шәуен Азат, Рымова Арай, Ұлан Болатбек, Аслан Қайратұлы, Анапияев Қазбек, Парибаева Айнұр, Құрманалиев Нұржан, Молдашарипов Қадіржан, Жалбаев Ілияс. Алғашқы қойылым 2001-2002 жылы Әуезов ауданының 30 жыдығына орай М.Әуезовтің «Қарагөз» пьесасынан үзінді қойылды.Осы қойылым барысында көпшіліктің көнілінен шығып көрермендер тарапынан алғысқа бөлендік.Содан бері міне үйірмеміз тоқтамай жұмыс жасауда.

2002-2003 жылы Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына орай М.Әуезовтің «Хан Кене» пьесасынан үзінді қойылды.

2003-2004 жылы М.Мақатаевтың 70 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған кеште М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық қойылым,

2003-2004 жылы Ақын Әубәкір Қайрановтың «У» пьесасынан үзінді қойылым, 2004-2005 жылы Қ.И.Мандокидің өмірі мен шығармашылығына байланысты «Үш кезең» пьесасынан қойылым,

2004-2005 жылы А.Тауасаровтың «Арманшыл қыз» әңгімесінің желісі бойынша сахналық қойылым,

2006-2007 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы,Желтоқсанның 20 жылдығына орай «Желтоқсан желі» атты сахналық қойылым,  2007-2008 жылы М.Әуезовтың 110 жылдығына орай М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді көпшілік көңілінен шығып, аудандық,қалалық марапаттауға ие болып,баспа беттерінде жарық көрді.

Бұл жерде тағы да баса айтарымыз аталмыш үйірме тек мектеп қабырғасында ғана шектеліп қоймай, балаларымыздың кең дүние есігін айқара ашып мамандық таңдау шағында маңызды рөл атқарады деп кесімді түрде айта аламыз.Оған дәлел ретінде жоғарыда аталған қойылымдарда басты рөлдерде өнер көрсеткендердің ішінен; Есімбек Дәркен, Әбдуәли Аида, Рымова Арай сынды көптеген шәкірттеріміз осы үйірмеден бастау алып, Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясында оқып білімдерін жалғастыруда.

Бүгінгі таңда үйірме ұжымы өз жұмыстарын жандандыра түсуде.Үйірме болашақта «Тазабеков театрымен» шығармашылық жұмысты бірлесе отырып атқаруды жоспарлап отырмыз.

Осы игі істердің басы-қасында жүрген мектеп басшысы Ернар Шәуенұлы  Мәсәлім мырза Қазақстанның Халық әртісі,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрманбек Жандарбековтің 100 жылдығына арналған «Театр көктемі 2005» фестиваліне қатысып, шығармашылық жетістікке жеткені үшін және «Театр және көрермен» дипломына, «Ақ желкен 2007» алғыс хатына ие болды. Мінекей біздің ұжымның «Бәсекеге қабілетті елу ел қатарына қосылу» мақсатында атқарып отырған жұмыстары осылайша өрбуде.

Категория: Общество семи муз | Добавил: teacher-almaty (16.07.2008)
Просмотров: 5149 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz