Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 17:37

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 2
Пользователей: 1
murzabekdami

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Хочу поделиться

Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойландыра оқытудың маңыздылығы.
Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойландыра оқытудың маңыздылығы.
КСРО кезі сөзсіз Қазақстаның білім саласының дамуына үлкен үлес қосты. Бірақ кәзіргі заманда білім беру үрдісіне өзгеріс енгізу қажеттігі туып отыр. Қазіргі кездегі жаһандану үдерісі ұстаздардан да өзгеруді талап етеді. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушы¬лары¬ның біліктілігін арт¬тыруға талап-тарды күшейту қажет. (Қазақстан Республикасының Президентінің халқына жолдауы 2012 жыл) Себебі алдымен мұғалім балаға қарым қатынасы өзгерді. Бұрын оқушыға обьект ретінде қарасақ, ендігі уақытта субьект ретінде қарау талап етіледі. Және бұрынғы кезде мұғалім сөйлесе, қәзіргі уақытта оқушыны сөйлете білу қажет. Тәуелсіз Қазақстан үшін әрбір тұлға қымбат. Бұл орайда Елбасы білім саласы бойынша еліміздің ертеңі жастарды оқыту мәселесі жөнінде «жастардың бойынан патриотизм, мораль мен парасаттық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттық, тәннің де, жанның да дамуы, «заңға мойынұсынушылық» сынды оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейтумәселесін көтеруді қолға алу туралы тапсырма берген еді. (Орталық Қазақстан газеті 04.02.2013) Оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруда Қазақстан тарихы пәнінің маңызы өте зор. Осы мақсатта жаңа жоба жеті модуль бойынша сабақ берілсе кәзіргі заман талабына сай білім беру жүйесін жүзеге асыру мүмкіндігі туып отыр. Елбасымыздың 2013 жылғы халқына жолдауы бойынша қоғамдағы мұғалім, ұстаз мәртебесін көтеру мақсатында министрлік өз порталында «Мұғалімнің даңқ кітабы» бөлімін ашатын болады. Жаңа бағдарламаға сәйкес, мұғалімдер біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі де жасалған. Ол бойынша мектеп мұғалімдері әлемдік тәжірибеге сәйкес үш айлық дайындықтан өтеді. Оның нәтижесімен мұғалімдерге бұрынғы категорияларына қосымша, жаңа біліктілік деңгейі беріледі. Мұндай біліктілік деңгейі мұғалімнің еңбекақысын әрі қарай көтеруге негіз болмақ. Қәзіргі уақытта оқушылар жаңа жобаның маңызды модульдерінің бірі сыни тұрғыдан ойлаудың дағдыларын: бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация жасай білуі қажет. Бұл тарихи оқиғаларды жақсы түсініп, біліп, есте сақтау мүмкіндіктерін арттыруы үшін өте маңызды. Сыни тұрғыдан ойлантудың дағдылары болып - зерттеушілік әңгіме, дәйектеу, диалогтық оқыту, қолдау болып табылады. Осы дағдылардың барлығы тарихты оқытудағы маңызы өте ерекше. Тарихты оқушыға оқыту барысында оқушы көптеген уақиғалармен (соғыстар, көтерілістер, мемлекеттердіің саяси, экономикалық тарихы, т.б.) кездеседі. Бұл уақиғалардың барлығы еліміздің тарихы үшін өте маңызды. Тарихтың маңыздылығын сезіну үшін әр уақиғаны сыни тұрғыдан ойланту қажет. Сонда ғана біз осы заманға сай, елімізге қажетті тарихын білетін, елінің патриоты болатын, идеялық тәуелсіз тұлғаны тәрбиелеп шығуға ұмтыламыз. Сабақ барысында зерттеушілікті қажет ететін проблемалық сұрақты қоя білген мұғалім оқушының білім алуға қызығушылығын арттырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың элементі бар сабақта оқушылар көбінесе релеванттық ақпараттар жинау, проблеманы шешуге қатысты дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау, сол дәлелдеріне баға беру, кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар жасаумен, ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қараумен айналысады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық) Бұл әрекеттер оқушының зияткерлігін дамытады және уақиғыны терең зертеуге түркі болады. Модуль талаптары:
1. Релеванттық ақпараттар жинату, дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалату, кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар, ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қараулар жасату.
2. Балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.
3. Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары: бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация жасату.
4. Зерттеушілік әңгіме, дәйектеу, диалогтық оқыту, қолдау жасау.
5. Диалогтық педагогика – балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым қатынас құруын іске асыру.
6. Мерсер бойынша сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін: пікірталастық әңгіме, комулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме үдерісіне түрткі беру.
7. Рефлексивті оқыту: балалардың не үйренгені туралы сыни тұрғыдан ойлауы. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауы үшін негізгі қажеттіліктер: Ұтқырлық, сыңаржақты болмауы, Пайым болуы, Тәртіп, Өзіндік сана сезім. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады.

Сыни тұрғыдан ойлау оқушыларға өз бетінше проблемаларды шешіп, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларды жақсы ұйымдастыра білген жағдайда оқушылар алғашқы сабақтан кейін ақ ертеңгі тақырыптың атын сұрап, оған алдын ала дайындалып ізенуге, яғни өзінің бәсекелестігін арттыруға және дамуға ұмтылады.
Елбасымыздың айтуы бойынша: «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі маңызды. Бұл ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-ша¬раларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден, оқыту үдерісіне қәзіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Бүгінде халқаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мек¬тептер табысты жұмыс істеуде.
Уәсіптік техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді.
Олардың тәжірибесін бүкіл Қазақ¬стандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солар¬дың деңгейіне тарту қажет» (Қазақстан Республикасының Президентінің халқына жолдауы 2012 жыл)
Сыни тұрғыдан ойланту талаптары енгізілген сабақтар оқушының зияткерлігін дамытады және еріксіз оқиғаны зерттеуіне түрткі болады. Нәтижесінде оқушылар біріншіден өздігінен оқуды және түрткі беретін тапсырмалар арқылы оқушылар проблемаларды шешу стратегиясын анықтап, шеше білуді үйренеді. Оқушылардың зейінге шабуыл тапсырмасынан соң ойлау жүйесі дамиды. Тапсырмаларды қорғау барысында оқушылардың өзіне сенімділігі артады. Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасып, өзіне деген сенімінің артуына, қабілеттерінің ашылуына жаңа жоба бойынша сабақ берудің тигізетін әсері көп.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы 2012 жыл
2. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы 2013 жыл
3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ
4. Орталық Қазақстан газеті 04.02.2013 4-бет
Категория: Хочу поделиться | Добавил: Kanatbekovich (28.09.2013) | Автор: Ермеков Серик Канатбекович E
Просмотров: 1413 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz