Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 07:30

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1519
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Хочу поделиться

"Көрікті көктем"
Естиярлар тобына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің
технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас, әлеуметтік орта, таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Қазақ тілі, айналамен танысу»
Тақырыбы: «Көрікті көктем»

Мақсаты: Жеке сөздерден сөз тіркестерін, шағын сөйлемдер құрай отырып, көктем мезгілін тірек сызбалардың көмегі арқылысипаттау. Қыспен көктем мезгілдерін салыстыра отырып бекіту. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Бір – бірін тыңдауға, табиғатты сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету, сұрақ-жауап, ойын,тірек сызбалармен жұмыс.
Көрнекіліктер: Тірек сызбалар, ұзақ құсының суреті, көктемгі орманның көрінісі.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, қараңдаршы, бізге бүгін қонақтар келіпті. Олармен амандасайықшы.

Әрекет кезеңдері
Әрекет барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың
іс- әрекеті

Мотивация-лық
қозғаушы
Амандасу шеңбері

Ұстанымдар

Сәлем деймін мен күнге
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Ағаштарға, құстарға.

Көңіл – күйлерін сұраймын

1,2,3 мұқият біз тыңдаймыз,
Ойланамыз, қараймыз.
Тәртіпті де бұзбаймыз.
Сұрақтарға қойылған
Дұрыс, анық жауапты
Қол көтеріп береміз.

Терезені біреу тықылдатады. Бұл қонаққа ұшып келген ұзақ екен.
Балалардан қонаққа кім ұшып келгенін, ол қай жыл мезгілінде ұшып келетінің сұраймын.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
(жекеше, топпен сұраймын)

Ұзақ бізді көктемгі орманды тамашалауға шақырады.
- Барамыз ба, балалар?
- Көктемгі орманға жету үшін, ұзақ бізге өзінің сиқырлы қанатын сыйлап жатыр. Осы сиқырлы қанаттың арқасында, біз сендермен құстарға айналамыз. Көздеріңді жабындар, ал 1,2,3 құстар болып ұш!

Бәрі бірге дұрыс, әрі анық айтады.

Ұстанымдарды айтады, естеріне сақтайды.

- Мынау ұзақ.

- Қазір жылдың көктем мезгілі (Жекеше, топпен жауап береді)

- Иә, барамыз.

Іздену ұйымдасты -рушысы

Фонетикалық жаттығу

Тірек сызбамен жұмыс

Қызығушылықтарын ояту

Сергіту сәті:

- тық – тық –біз ұштық,
- гі-гі –гі –көктемгі
- ға-ға- орманға
- ық-ық –ық – қонайық

(табиғаттың оянған дыбысы естіледі.)
- Балалар, қараңдаршы, табиғатымыз қандай көрікті, әдемі.
Ал көктем мезгілінде қандай өзгерістер байқалатынын айтып беру үшін, бізге біздің көмекші тірек сызбамыз көмектеседі. (Сұрақты бірнеше тәсілдер арқылы қоя отырып (жекеше, эстафета түрінде, «мен бастаймын, сен аяқтайсың», т.б.), жауаптарды аламын
- Көктем мезгілі туралы қаншама көп айттыңдар, жарайсыңдар.

Топқа қонжық кіріп келеді.
- (Есінейді) Мен ояндым, ой сәлем, балалар!
- Қалдарың қалай?
- Сәлеметсің бе, қонжық. Міне біз балалармен көктемгі орманды тамашалауға келдік. Қарашы, айналаға, табиғатымыздың қыстан соң оянып жатыр. Кәне сен де оян. Балалармен бірге сергіту сәтін жаса.

Қонжық шықты далаға,
Жан- жағына қарады.
Жүгірді, секірді,
Орнына кеп отырды.

Балалар құстар сияқты қолдарын қағып, фонетикалық жаттығуды жасайды.

- Қар ериді.
- Құстар ұшып келеді.
- Күн жылынады.
- Бәйшешек гүлдейді.
- Бүршік атады.

Балалар тірек сызбаның көмегімен көктем мезгілін сипаттайды.

- Сәлем қонжық!
- Жақсы!

Шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді, өлеңді дұрыс, әрі анық айтады.

(Жылайды) Мен қыс не екенің білмеймін.
Балалар қонжықты жұбатады.
- Жылама, қонжық, біз саған қыс туралы айтып береміз.

Рефлексивті-коррекциялау
шы Тірек сызбамен жұмыс:

Тірек сызбаның көмегімен қыс пен көктем мезгілдері туралы айтып беру

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Жыл мезгілін, сипатын сөз тіркестері арқылы айта алады.
Меңгеруі: Тірек сызбалар арқылы жұмыс істеу
Қолдана алады: Тірек сызбалардың көмегімен сөз тіркестерін, шағын сөйлемдер құрай отырып, қыс пен көктем мезгілін салыстыру.

Источник: http://www.fayloobmennik.net/5685889
Категория: Хочу поделиться | Добавил: minus_76 (22.01.2016) | Автор: Тайгушкарова Роза Жагудаевна E
Просмотров: 224 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz