Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 18:38

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Хочу поделиться

Мен – қазақтың қызымын

“Ұлтыңыз қандай?” деп сұраған жолаушы сауалына жауап

Сафура Сәлімбайқызы, №128 мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жас ұстаз өз мамандығын сүйіп, жеткіншек  жастарды   тәрбиелеп қана қоймай, бос уақытында поэзиямен айналысады. Сафураның   жазған өлеңдерінде  өз ұлтын мақтан тұтып, оның ерлік, елдік жолдарын  жырлауы мен  туған ауылы Ащысайды «Атақоныс Ащысайым – жұмағым, азамат қып жеткізген сен жөргектен» деуі  оның жүрегінің  поэзия деп соғуынан. Бүгін Сафураның  бір топ өлеңдерін ұсынып отырмыз.
    Мен - қазақтың қызымын
(“Ұлтыңыз қандай?” деп сұраған жолаушы сауалына жауап)

Қанағат деп, үйреткен бала күннен,
Иман толы жүректен  нәр алып ем.
Қуат енген бойына жаңа күнмен,
Салт-дәстүрі игі елден таралып ем.
Қаны таза,  жігері жасымайтын,
Қазақтай  өр халықтан  жаралып ем.

Сырласқан би-шешенмен, ұлы абызбен
Атамыз алғыс алған күнде жүзден.
Тілдескен асқар таумен, құладүзбен
Әжеміз сусындатқан жыр-аңызбен.
Мен, қазақтың қызымын, арман бар ма,
Айнымаған бабасы тура ізден ?!

Әкесі  жұрт сыйлаған  ел ағасы,
Бас иіп, пір тұтатын бар баласы.
Пейілі -  секілденген кең даласы,
Тау-талғам, күн-жүректі жан анасы.
Дос түгіл, дұшпанына  жоқ наласы,
Қазақтың қарапайым мен - баласы.

Жақын тұтар жатты да жанын ұқса
Табынатын жөнім бар  асылдыққа:
Әлия мен Мәншүктей батырлыққа,
Фариза мен Күләштай ақындыққа.
Әже - үлгі, ана - ақын, әпке-батыр,
Олай болса, құқым жоқ  жасырлыққа.

  Үмітті сөндірмейді  қайнар - арман,
  Кедергі кезіксе де,  жүргенде алдан.
  Көзде - нұр, қарай қалсам, жайнар жалған,
  Мінезім бар айдан да, күннен де алған,
  “Сіз” деген жылы сөзбен жанды ерітсем,
  Мен - қазақтың қызымын, қайран қалман...

Дос барда

Асау өзендей, тоқсаусыз аққан
күндер тым
Құбылады-ау, бұлқынады-ау күнде мың.
Жылудан жұрдай, ағысы қатты кейдегі
Құлатардай-ақ, сезбесем достың
Күн демін.

Шығарар дейсің шуақты сәтті естен кім,
Жасыру күнә, жұмақтай күн
де кешкенмін.
Дұшпан - ғайып, көңіл - көкте жүргенде
Достың төрде отырғанын қош көрдім.

Белуардан батқанда  мұң мен қайғыға
Тіл қатпадым... Дос қойды
 бірақ жайды ұға.
Жапан түзді кезген жаным сол сәтте,
Аққу-арманын қондырды қайта айдынға.

Адымдап жүріп, сүрініп бірде құладым,
Тағдыр - тағы, тырнағы батып, жыладым.
Сырқат жүректің  дертіне шипа табардай,
Жақ ашпай жанға, досымнан
  көмек сұрадым.

“Өмір - күрес” - итжығыс, жеңіс, жеңілу.
Жеңгенде - бөсу, жеңілсең - жөнсіз егілу”-
Деді-дағы, қолтықтан демеп тұрғызды,
Мүмкін бе енді, тірліктен безіп, жеріну?!

Сенім - қамал, орнаттық оны биіктен,
Шын доспыз, біздер, құламас 
шыңға ту тіккен.
Қылау түспеген, адал достықтың арқасы,
Асқақтасақ та, бақыт тапсақ та тірліктен.
       
Алаңдап, құрақ ұштым
(ақынға мұң шағу)
 
Ақын аға!
Алаңдап, құрақ ұштым әлде неге,
Сабыр жырақ, сенім аз әрленерге.
Сөреден тұрмын іздеп кітабыңды,
Жанға азық болар лайым әлденерге.

Сырласып ем, жан аға, сабылғанда,
Жырың - бақ, жол көрсетті  жаңылғанда.
Тілі   майда,  жұбатар жан-жүректі
Дем берген бағың балғын шағымда да,

Мейірімге шөліркеп,  тарығуда
Жол бермейтін  қуаты жабығуға.
Тұңғыш, аға,  ұқтырған сенің жырың
Бір  бақыт -  екендігін   сағыну да.

Өсті жас, жылдар көшті содан бері.
Тоңдырды  жанды қанша қоғам желі.
Бақыттырақ екенін ұқтырды ғой,
Сәби болып жүргенім  бұдан гөрі.

Қатал-ау, өмір атты сахынада.
Қу жеңді, шарасызбын, ақын аға,
Сезініп өзін құдай шіріген бай
Ұмытты сәлем деуді жақынға да.

Билік тиіп қолына озбырлардың,
Шындық іздеп, табанды тоздырған күн
Орнай берсе, жан аға, жоғалмай ма,
Бәйгеден тұлпарларды оздырған күн?!

Жараны аштым, бәлкім, ауырар тым
Маңында жүрсе адалдар қамығар кім?!
Арына дақ тимеген, пәк жандарды
Күн туып жүрмесінші сағынар мың ...

Мен ауылға барғанда
                                                                
Туған ауыл, мен өзіңнің гүлің ем,
Қауыз жарып, өніп-өстім төріңнен.
Күйбең тірлік қаладағы қажытты,
Қуат алып, қайтсам ба екен өзіңнен?!

Кеше ғана оралып ем тауыңнан
Алғыс алып, иман жүзді қауымнан.
Мен өзіңе  барған кезде достарым
Көзайым боп, сүйінші алған бауырдан.

Қабақ шытпай, сонда алтын жеңешем,
Етін асып,  қинаушы еді жемесем.
Азан-қазан үй қонаққа толса да,
Ағам маған отыр дейтін төрде сен.

Бесігім - сен,   есейсем де тербеткен,
Сендей жерді таба алмаспын жер-көктен.
Атақоныс Ащысайым - жұмағым,
Азамат қып жеткізген сен жөргектен

Жан-тәніммен жер-суыңды ұнаттым,
Тәй-тәй басып, сенде алғаш тіл қаттым,
Қобалжытып талай әке-шешені
Құшағыңда сауық құрып, түн қаттым.

Бар жақсыны тек өзіңнен үйренгем,
Жалықпаймын сол себепті  сүйгеннен.
Ауыл - үйім, қимай әрең кетуші ем,
Құдірет пен қасиет мол  үйден мен

Содан ба екен, мен ауылға барғанда,
Ең бақытты жанға айналам жалғанда.
Шабыттанам, қанат бітіп, құс болам,
Қолым созсам, жетердейін  арманға.

Арайланған тым  ерекше таңнан ба,
Қуат алам мен ауылға барғанда.
Құшып, сүйіп, ақ жол тілеп туған жер
Қайта  мені   әкеледі   жалғанға.

Категория: Хочу поделиться | Добавил: teacher-almaty (25.03.2008)
Просмотров: 3599 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz