Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 05:15

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Мир науки

Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы

  А. Қ.  Бидайбекова,

     ББЖМБК және КДИ   бастауыш білім беру  кабинетінің  меңгерушісі

Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.

 Қазіргі мектеп жағдайындағы  білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны  игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,  талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:

І. Жаңа идеяны іздеу

Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу

Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану

IV. Жаңалықтарды бекіту

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын    арттыру:

               Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

               Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

               Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

               Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;

Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Инновациялық технологиялар:

               Жобалау технологиясы;

               Саралап даралап оқыту;

               Дамыта оқыту технологиясы;

               Модульдік оқыту технологиясы;

               Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

               Сатылай комплексті талдау;

               VTS бағдарламасы;

               Деңгейлеп оқыту технологиясы;

Инновациялық технология нәтижелері:

1.             Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.             Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.

3.             Олардың  әрқайсының деңгейін анықтай аласың.

4.             Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5.             Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

6.             Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.             Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген  кәсіби сенімін қалыптастырады.

Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды. «Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның 8-бабында білім беру жүйесі басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу деп аталып отыр.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

               Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

               Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.

ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі - функционалдық сауаттылық.

Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.

Категория: Мир науки | Добавил: teacher-almaty (24.03.2008)
Просмотров: 20232 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 4.2/33
Всего комментариев: 5
5 аслан   (16.05.2010 12:30)
жаксы тамаша мне понравилас статья

4 аслан   (16.05.2010 12:29)
очень замечательный подход к новым технологиям7 я только за такие мысли

3 индира   (05.03.2010 11:11)
жаңа технологиялар әрине,келешегіміз үшін қажет.Олардың ертеңгі күнгі сапалы білім алуына қосқан үлесіңізге рахмет айтамын

2 Сания   (24.10.2009 11:04)
Очень хоршии поход к новым техналогиям

1 Серик   (24.02.2009 11:01)
рахмет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz