Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 17:29

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Мир науки

Қазақ тілін еуростандарт негізінде оқытудың тиімділігі

               С. Н. Әлменова,  ҚМБЖ МБК ҚДИ, әдіскер

 «Біздің Еуразиялық тамырларымыз шығыстық, азияттық, батыстық, еуропалық ағымдарын біріктіріп, полимәдениеттіліктің ерекше қазақстандық нұсқасын құруға мүмкіндік береді»

 Н.Ә.Назарбаев

Тіл үйретудегі   отандық  тәжірибеміз өте мол. Мысалыға алғанда,  Ұлы ағартушы Ыбрай Алтынсариннің басты мақсаттарының бірі қазақ балаларына орыс тілін үйрету әдістемесі болды.  Ыбырайдың еңбектері  орыс тілін үйретуге бағытталғанмен, ғалымдарды қызықтырғаны – екінші және шетел тілін үйрету принциптері. Бұл принцип ең алғаш ағартушының еңбектерінен байқауға болады. Бір ғасыр бұрын: «Қалай оқытамын? Неден бастаймын?»  Ы.Алтынсариннің алдына қойған сұрақтары бүгінгі таңда бізді де қатты толғандырады.  Ұлы ғұламаның ойынша, балаға оқып жазудан бұрын  айтылған ойды түсіну үшін, алдын ала жүйелі дайындық керек. Дайындықсыз оқушы  оқығанын түсініп, ойын жеткізе алмайды.  «Бұл шешімге мені бесжылдық орыс-қырғыз мектептеріндегі тәжірибем әкелді.  Басшылыққа айтылған ойды түсінуге дайындық керектігін алған соң  табысты әрі дұрыс жұмыс жүре бастады» Ыбырайдың грамматиканы түсіндіру принципі жеңіл жолмен ұсынылып отыр. Қазіргі таңда  Еуропа елдерінің оқулықтарында грамматика  осы «түсінуге жеңіл, қолайлық принципіне» жүгініп  жазылған.  

Бір ғасыр бойы алдымызда тұрған үлкен мәселенің бірі – орыс мектебіндегі қазақ тілін үйрету. Мектеп практикасынан біз нені  байқаймыз? Жалпы білім беру мектебін бітіруші пән бойынша үздік бағаларға ие, бірнеше мың сөз біледі, сөздіктер мен оқулықтарды қолданады, бірақ қазақ тілінде емін-еркін сөйлей алмайды.   

Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай қазақ тілін оқытудың жаңа жолдарын іздеу мәселелері де әр кезеңде өз дәрежесіне сай сұраныста болды.  Қазіргі ХХІ ғасырда мемлекеттік тілді оқытып үйрету мәселесі жаңа бір белеске көтерілді.

Қазақстанның  өркениетті елдер қатарынан орын алуы елдегі білімнің, ғылымның даму деңгейіне тікелей қатысты. Бүгінгі күні білім беру жүйесінде жасалып жатқан жұмыстың бәрі осы саланы дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.    

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік тіл – елдің барша азаматтарын біріктіретін, ту, елтаңба, әнұран секілді нышан. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі…» - деп нақты ашып айтты. Әрине, ұлттың ұлы байлығы, басты тұғыры – тіл екені ақиқат.

Ел егемендігінің басты сипаттарының бірі – мемлекттік тіл болғандықтан, білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытып үйрету сапасы Қазақстан Республикасының болашағын айқындауға маңызды ықпал ететіндігі даусыз.

 Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жас ұрпаққа қазақ тілінің мәртебесі мен маңызын, сөз құдіретін  насихаттап   тәрбиелеу мақсатында  қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жаңа инновациялық технологиялармен жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда педагогика ғылымдарының докторы И.Кубаеваның «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін еуростандартпен оқыту. Б-1» әдісі бойынша   21 қыркүйек күні Түрксіб ауданындағы №83 көп салалы мектеп-гимназиясында семинар-практикум ұйымдастырылды. Қала мектептерінен 27 директор және 120 қазақ тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар-практикум жұмысы барысында Білім департаменті директорының орынбасары Г.М.Самотокина, Алматы қаласы ББЖМБК және ҚДИ директоры С.К.Исламғұлова Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңының» іске асырылуына байланысты атқарылатын жұмыстарға шолу жасап, оның саяси мәнділігіне тоқталды. Қазақ тілін оқыту үшін қолданылатын жаңа педагогикалық технологияларды  қандай жолмен ендіру керектігі туралы да ой бөлісті. Семинарда көкейкесті  мәселелердің бірі – оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқыту проблемасы көтерілді. Педагогика ғылымдарының докторы Ираида Кубаева осы әдіс жайлы толық мағлұмат берді. Өзге ұлт өкілдерін тиімді жолмен оқыту жайлы мұғалімдермен ой бөлісіп, пікірталас ұйымдастырды.  

Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытудың халықаралық стандартқа негізделген  жаңа технологиясы – тілді оқып үйренудің тиімді жолдардың бірі болып саналады. Осымен байланысты қазақ тілін үйрету үшін тіршілік, болмыс, қимыл-қозғалыс, бағыт-бағдар, зат, байланыс пен қарым-қатынас, кеңістік, сана, сапа, сезім категорияларына жататын лексикалық минимумды анықтап, оны игертудің оңтайлы әдістемесі қажет. Сөздік-минимум төмендегідей үш бөліктен тұрады (А.Е.Карлинскийдің топтауы бойынша):

1.         Жиі қолданылатын /ядерный словарь/ сөздер. Бұл сөздер лингвостатистикалық тәсілмен іріктелген және оқулықтағы жалпы сөздіктің 60 пайызын құрайды.

2.         Әр түрлі жағдаяттарға байланысты пассив лексикада /диспонибельная лексика/ қолданылатын, белсенді лексикалық сөздік қорға кірмейтін сөздер, олар сөздіктің 25 пайызын құрайды.

3.         Комплементарлық лексика /тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер/ сұрыптау негізінде ұсынылған. Аталған лексика сөздіктің 15 пайызын құрайды.

 Оқулықта қамтылған оқу материалдарының мазмұны мына ұстанымдарға негізделген:

-           тіл туралы теориялық білімнің  ғылымилығы;

-           оқытудың қатысымдық маңыздылығы;

-           оқыту мен тәрбие бірлігі ұстанымы;

-           дамыта оқыту ұстанымы;

-           үйренушінің жеке дара ерекшеліктерін ескере оқыту ұстанымы.

Оқу кешенінде берілген тапсырмалар мен жаттығулар жеңілден күрделіге қарай ұстанымына сәйкес құрылған,  сондай-ақ олар даяр күйінде емес, шығармашылық ойлауды қажет ететін проблемалық тапсырмалар ретінде берілген. «Грамматикалық шеңбер», «Мен білемін» т.б. айдарымен берілген оқу материалының мазмұны айтқанымызға дәлел.

Қатысымдық /коммуникативтік/ мақсатқа құрылуына байланысты мәтіндер көркем шығармалардан алынған үзінділермен толықтырылды.

Лексикалық, грамматикалық материалды оқушы жетік меңгеру мақсатында мына алғы шарттар жүзеге асырылуы көзделеді:

-           жиі қолданылатын лексиканың сабақтарда үнемі қайталанып отыруының көзделуі;

-           орындалатын тапсырмаларда сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің үнемі кездесіп отыру мүмкіндігінің жоғары дәрежеде болуы;

-           сөздер мен сөз тіркестерінің әр түрлі стильдік бояуда қолданылуы;

-           «Көркем сөйлеймін!» айдарында тұрақты тіркестер мен бір түбірден тараған сөздің сөзжасамдық ұясының беріліп отыру мүмкіндігі;

-           өткенді қайталап, бекіту арқылы жаңа лексика мен грамматиканы меңгеру.

Халықаралық стандарт бойынша тілді меңгерудің бастапқы деңгейінде 35 грамматикалық категорияны меңгерген жағдайда еркін сөйлеу дәрежесіне жете алады. Оқулықтағы грамматикалық минимумның іріктелуі, негізінен, мына ғылыми ұстанымдарға негізделген:

-           тілдік материалдың ғылымилығы;

-           грамматикалық материалдың тілде қолданылу жиілілігі;

-           тілдердің өзіндік ерекшеліктерін салыстыра оқытып-үйрету.

Бүгінгі талаптарға сай оқулық үш тілде жазылған. Егер бала орыс тілін жетік білсе, қазақ тілін ағылышын тілі арқылы меңгеруге де толық мүмкіндігі бар.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім беру және ғылым саласы қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде Қазақстан азаматтары қазақ, орыс, ағылышын тілдерінде еркін сөйлесе, бұл еліміздің үлкен жетістігі болатынын атап көрсетті.    

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын қазақ тілін оқыту сапасын арттыру мақсатында  педагогика ғылымдарының докторы Ираида Кубаеваның тілдерді оқытудың халықаралық стандарттары негізінде қазақ тілін үйретудің  жаңа әдістемесін енгізуге бағдарланған «Қазақ тілі. Казахский язык. Просто о невероятно сложном» атты оқулығын пайдалануға ұсынады.

И.Кубаеваның мемлекеттік тілді оқытудың авторлық жаңа технологиясы туралы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 11 ақпанында Астана қаласында өткізген тілдерді оқыту проблемалары жөніндегі Республикалық кеңесінде алғаш рет ресми хабарлама жасалған болатын.    

Жоғарыда аталған оқулық Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №6 бұйрығымен бекітілген оқу әдебиеттері Тізбесінің 4-қосымшасында 55-тармақпен берілген.

Категория: Мир науки | Добавил: teacher-almaty (24.03.2008)
Просмотров: 7140 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.5/6
Всего комментариев: 2
2 Тілші   (09.08.2010 23:50)
Мақала тақырыпқа сай емес, еуростандарттың тиімділігі туралы емес, Кубаеваның оқулығы туралы ғой.

1 Жамбыл   (12.10.2009 18:49)
Қазақ тілі пәнінен ештеме жоқ неге сайтарға салып қоймайсыздар!!!!!!!!""

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz