Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 09:28

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Мир науки

Ғылымға жол мектептен басталады

 Г. Б. Бейсеева,

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

 Алматы қаласы Әуезов ауданы №13 КМГ,

 «Зерек» ғылыми қоғамының жетекшісі

Алматы қаласы Әуезов ауданы №13 көпсалалы мектеп гимназиясында 2001 жылдан бері оқушылардың «Зерек» ғылыми қоғамы жұмыс істейді.  Ғылыми қоғамның президенті мектеп директоры Сатубалдина Сәуле Хажыгерейқызы. Бұл қоғамның мүшелері әртүрлі салада ғылыми жобалармен айналысады. Ғылыми қоғам Алматы қаласындағы көптеген жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен келісім шарт негізінде жұмыс істейді. Осы аталған жоғары оқу орындары, ғылыми зерттеу орталықтары оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына көп көмектерін тигізеді. Ғылыми қоғамның мүшелері өздерінің ғылыми жобаларын аудандық, қалалық және Республикалық ғылыми конференцияларда қорғап қоймай, сонымен қатар осы оқу жылында «Зерек» ғылыми қоғамының мүшелері топырақ зерттеуші ғалым Өмірбек Оспанұлы Оспановтың 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференцияға, оқушылардың «Дарын», Кіші ғылым академиясы, қалалық әкімшілік пен «Тұран» университеті ұйымдастырған ғылыми конференцияларға, семинарларға, олимпиадаларға қатысты. 2004 жылдан бері осы ғылыми қоғамның мүшелері Ө.О.Оспанов атындағы «Топырақтану және агрохимия зерттеу орталығының» ғалымдарымен бірге экспедицияларға қатысып, зерттеу орталығының зертханаларында өздерінің ғылыми жобаларына материалдарды дайындады.

Өткен оқу жылында  «Зерек» ғылыми қоғамының мүшелері 2006 жылғы 14-15 желтоқсанда  топырақ зерттеуші ұлы ғалым Ө.О.Оспановтың 100 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-парктикалық конференцияға қатысты. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында «Зерек» ғылыми қоғамының ғылыми жетекшісі  ғылым кандидаты Бейсеева Гүлжан Бейсеқызы және эколог мұғалім Аймырзаева Гүлбарам Сейділдақызының ұйымдастыруымен, ғалымдардың қатысуымен «Ғылымға қанат қаққандар» атты ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға Ө.О.Оспанов атындағы Агрохимия және топырақтану ғылыми зерттеу орталығының қызметкері биология ғылымдарының докторы, профессор Фарида Есенқожақызы Қозыбаева,  ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сапаров Абдулла Сапарұлы, әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Күләш Әділбайқызы Дауытбаева, Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары: биология ғылымдарының докторы, профессор Шоқыбаев Жеңіс Әкімбекұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты Орденбек Бейсбекұлы Мазбаев және аға оқытушы Берік Асубаев, Алматы қаласы Әуезов аудандық оқу бөлімінің бастығы Бұзаубеков Мекебай Қуанышбаев, Алматы қаласының мектеп директорлары, «Түркістан» газетінің тілшісі Мыңжасарова Динара қатысты. **Биылғы жылы «Зерек» ғылыми қоғамының мүшелері «Менің туған жерім» атты   қалалық экологиялық марафонға қатысты. Бұл марафонға қатысу барысында оқушылар «Менің тұрған жерім» атты сурет көрмесіне қатысқаны үшін 11 сынып оқушысы Мамаев Дәурен 1 орынға ие болды. Ал керексіз заттардан әртүрлі қолөнер заттарын жасағаны үшін 8-сынып оқушысы Жұмабаев Айтмұрат 2 орынға ие болды. «Армандастар» командасы театрландырған экологиялық ертегіні көрсеткені үшін 2 орынға ие болды, сондай-ақ экологиялық шығарма жазғаны үшін 8 сынып оқушысы Абжанова Арайлым 2 орынға ие болды. Осы оқу жылы басталысымен Республикалық мұғалімдер біліктілігін және білімін көтеру институтына келген мұғалімдерге «Дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға осы аталған институттың әдіскері Абшенова Ляззат Үсенқызының бастауымен  республиканың түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер қатысып, дарынды оқушылардың жұмыстарымен танысып, оқушылардың өздерімен кездесіп пікір алмасып қайтты. Бұл семинарда оқушылардың  қалалық және республикалық «Дарын», Кіші Ғылым Академиясының  конференцияларының бірнеше рет жеңімпазы болған 11 сынып оқушылары. Оқушылардың ғылыми мақалалары республикалық журнал және газет беттерінде жиі жарияланып тұрады. Оқушылардың жасаған ғылыми және шығармашылық жұмыстары және мұғалімдердің жұмыстарының 6 жинағы баспадан басылып шықты. Биылғы жылы біз көп салалы мектеп-гимназия болдық. Бұған біздің ғылыми жұмыспен айналысатын оқушыларымыз, «Зерек» ғылыми қоғамының мүшелерінің жеткен  жетістіктері де өз үлесін қосты деп ойлаймын.

Категория: Мир науки | Добавил: teacher-almaty (15.07.2008)
Просмотров: 3986 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz