Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 01:24

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Профессиональное обучение

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Циклдік әдістемелік комиссия отырысында оқылған баяндама

Тақырыбы: «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ»

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалану білім берудегі ең маңызды әдістерінің бірі болып табылады.
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдерінің оқушыларына саналы меңгертіп, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан мемлекеттік тілді оқытатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: оқушылары қазақ тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алатындай деңгейге жеткізу үшін қандай технологияларды қолдану керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданған жөн?
Әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалану білім берудегі ең маңызды әдістерінің бірі болып табылатына көз жетеді. Осы технологиялар арқылы оқушылар сабақтарда сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, тұжырымдау, пайымдау, дәлелдеу, салыстыру дағдыларын алады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, оқытушыларға сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасауға арналған тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) болып табылады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген В.Сухомлинскийдің сөзі бар. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарда мүмкіншілікке қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырса, оқытушының ұтары мол. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
- этнопедагогикалық тәрбие береді;
- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- оқытушының уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді.
Мультимедиялық проекторды пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
- барлық баланы оқыту;
- оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
- білім берудің нысанын оңайландыру міндеттерін атқару;
- оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену.
Яғни, әр қазақ тілі сабағы слайдтар қолдану арқылы өткізілсе, оқушылардың тілге деген қызығушылығы артары сөзсіз.
Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап талдануға бағынады. Сатылай комплексті талдаудың маңызы зор деп ойлаймын:
- оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады;
- оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі;
- ізденуге жетелейді, қызықтырады;
- талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады;
- өзіндік пікірі қалыптасады.
“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауда қолдану. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетеді. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны тану;
- ой-толғаныс.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек.
“Қызығушылығын ояту” кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушының білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында “Топтастыру” стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе отырып, жай сөздермен емес, тақырыппен байланыстыра жаңа сабақтың атауы шығарылады.
Сабақтың қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды қолданғанда “Мен не ұтам?” және “Оқушы не ұтады?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
“Мағынаны тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны “Куббизм” стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап береді.
Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” дианраммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты “Пікірталас” яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 минуттық эссе” жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі нәтиже.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Инновациялық технологияларға мыналар жатады:
Теледидар бағдарламалары;
Сандық теледидар;
Интернет / WWW;
Интербелсенді тақта;
Ұялы телефон;
Ұтқыр қондырғылар;
Компьютер/ ноутбук т.б
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:
- психологиялық ахуал туғызу;
- оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;
- ақпараттық –коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
-ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы;
-сыныптағы әр деңгейлі оқушылар ескерілуі керек;
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;
- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету;
- оқушылар өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;
Әрине, осы айтылған мақсаттарға жету, әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім сабақтың тақырыбына сай мақсатын айқын құрып, негізгі мәселені бөле көрсетуі, материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуын қадағалап отыру керек. Сабақта ақпараттық-коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру тиіс.
Ақпараттық технологияны қолдануда әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, балаларды салыстыруға, өз ойларын сол тақырыпқа сай жеткізе білуге итермелеу керек. Рөлдік ойындарды пайдалану, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпараттық технологияларды пайдалану, оқу үдерісіне енгізу тіл үйретуде тиімді. Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.
Ақпараттық технология арқылы бізге сабақтарды түрлендіріп, жаңаша ұйымдастыра алуға мүмкіндік туып отыр. Мысалы, әр сабақтың басында тұсау кесер өткізуге болады. Бұл міндетті түрде тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсету арқылы балардың сабаққа деген уәжін көтеріп, белсенділігін арттырады. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – оқушы өзін белсенді және еркін ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндік береді. Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы өткізу өте тиімді және қызықты. Мысалы, сабақта қандай-да бір тарихи тұлғаны, қайраткерді өтіп жатып, оқушыларға гиперссылка жасау арқылы қосымша материал іздеуге дағдыландыруға болады. Оқушылардың қызығушылықтарының оянуы соншалық, деңгейі төмен шәкірттерінің өзі орындай бастайды. Сонымен қатар Ғаламтор желісіне қосылған компьютер арқылы сабақ өткізу, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі.
Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды орындатуға болады:
• Тақырыпқа байланысты көрген бейнежазбаға өз ойын білдіру; диалог, монолог құру; сурет арқылы ойын жеткізу;
• Компьютер экранына сөйлемдер жазылады. Ол сөйлемдер белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз дәптерлеріне жазу керек;
• Аудиожазба тыңдағаннан кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы екенін топпен талқылап, мазмұндайды;
• Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды. өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады;
• Мәтіннің басын тыңдатып, аяғын өздері құрастырып, аяқтайды;
• Бірнеше сөйлем беріледі, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келеді, соны табу; т.б
Міне осы ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен байланысты тапсырмалар:
1. оқу материалын терең түсінуге;
2. оқу уәждемесінің артуына;
3. алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
4. білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.
Кесте 1- АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімдердің тәсілдеріндегі өзгерістерді көрсетеді:
Дәстүрлі педагогика Жаңа педагогика
Кітапта қанша болса, сонша және мұғалім қанша айтса, сонша білу. Нені білуді және еске сақтауды шешу.
Мұғалім оқушыға білім береді. Мұғалім оқушыларды ақпараттарды бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі.
Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға жазады. Оқушылар дискке жазады және желіге жариялайды.
Анық, қолмен жазылған есеп. Кәсіби қағазға басылған құжаттар.
Оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы шектеулі. Оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі.
Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады және мұғалімге ғана оқуға болады. Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасады.
Қорыта келгенде оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден–бір шарты.

Әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұқаулық. Үшінші деңгей. WWW.cpm.kz
2.А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
3.Гин А.А. Приёмы педагогической техники: Свобода выбора. Открытость. Деятельность. Обратная связь. Идеальность : Пособие для учителя. – 5-е изд. – М.: Вита – Пресс, 2003.
Категория: Профессиональное обучение | Добавил: translator9381 (20.06.2014) | Автор: Акерке E
Просмотров: 2127 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz