Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 07:29

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1519
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Профессиональное обучение

Кәсштік білім-ел болашағының тірегі
№ 2, 2008 г.

Қ. Ә. Исаева, Алматы көлік және коммуникациялар колледжі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесіне көп көңіл бөлінген.Барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт екені айтылған. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында да біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.Қазақстан оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Жетекші оқу орындары ғана емес, орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының дипломдары күллі әлемге танылуы тиіс.Біз мұны істеуге міндеттіміз.

Осы мақсаттарымызды жүзеге асыру бойынша Алматы көлік және коммуникациялар колледжінде  істеліп жатқан іс-шаралар:

1. Информатика кабинеттері, әдістемелік кабинеті, кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Кабинеттер мен лабораториялардың 75% мультимедиялық проекторлармен, видеотекамен қамтамасыз етілген.   

2. Оқушыларға дәріс беру әр оқытушыдан мықты білім, әдіс және оқытудың жаңа технологиясын талап етеді. Оқушылар пәнді неғұрлым терең игере алуын қамтамасыз ету үшін оқытушының шығармашылық ізденісін, әдістемелік жаңалықтарға сергектігін, оны сабақ өткізу барысында шебер пайдалана білуге жоғары талап қойылған. Сол мақсатта сабақтарда электрондық оқулықтар, дидактикалық құжаттар міндетті түрде қолданылады. Колледжде 200-ге жуық компьютерлік баағдарлама, 150-ден аса бейнефильмдер, 80 электрондық оқулықтар жиналған.

3. Әр оқытушы осы техникаларды қолдана отырып, сабақты жай лекция түрінде ғана емес, интерактивтік әдіспен қызықты етіп өткізуге тырысады. Сол мақсатта оқытушылар өте көп те тиімді еңбек етеді. Ал мақсаттың нақты болуы, нәтижемен тікелей жұптасып жатуы педагогикалық технологияның түйіні болып табылады.Мысалы, «Құқық негіздері» пәнінің оқытушысы Жампейісова А.А. 2006 жылы республикалық  «Ең үздік сабақ» байқауына қатысып, 3-ші орынды жеңіп алып, «Жылдың ең үздік оқытушысы» байқауына қатысып, «оқытушы эрудит» номинациясына ие болды. «Қоғамдық пәндер» және «Автоматика, телемеханика және байланыс» циклдарымен «Білім берудің қазіргі заманғы жүйесіндегі теория мен практика» тақырыбында , «Энергиямен қамтамасыз ету» циклымен «Жаңа ғасыр, колледж оқытушыларын кәсіптік дайындаудың жаңа мектебі» тақырыбында, «Теміржол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты ұйымдастыру» циклымен «Арнайы пәндерді оқытудағы ТОҚ қолданылатын білім беру технологиялары» тақырыбында семинар-тренингтер өткізілді.

Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы, АККК директоры Баймұхамбетов Қ.С. жетекшілігімен Қызылорда аграрлық-техникалық колледж базасында «Оқу үрдісіне жаңа информациялық технологиялар мен оқытудың дәстүрлі емес түрлерін дайындау және енгізу» тақырыбында семинар өткізілді.

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтпен біріге отырып колледж деңгейінде арнайы пәндер оқытушылары:Алтеев Ж.А., Қоқымбаева К.К., Кенжебаева Л.Б. оқу үрдісіне жаңа информациялық технологияларды қолдану бойынша шеберлік - класс өткізді.

5. ҚР Президентінің арнайы Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» толықтырулар енгізілді.Онда 2010 жылға дейін мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілге көшу кестесі бекітілген. Бұл мәселе тұтастай шешімін табу үшін,  колледжде мына бағытта жұмыс істеледі:

- мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуы нақтыланған;

-өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру міндеттерін орындау үшін арнайы сабақтар өткізіледі;

-Тіл туралы заңды жүзеге асыруға қажетті ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық және кадрлық ресурстар барынша тиімді пайдаланылады;

-тілді оқыту мен үйретудің озық әдістемелері мен жаңа технологиялары енгізілген;

-мемлекеттік тілдің қоғамдық қызмет аясы кеңейтіліп, іс қағаздары мемлекеттік тілге толығымен көшуде.

Өзін Қазақстанның азаматы деп санайтын кез келген адам, кез келген ұлттың өкілі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік тілді өз тілім деп қабылдауға тиісті. Сонда ғана біз шын мәніндегі татулық пен тұрақтылыққа қол жеткізе аламыз.

Категория: Профессиональное обучение | Добавил: teacher-almaty (25.09.2008)
Просмотров: 2194 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz