Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 18:41

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Профессиональное обучение

БАҒДАРЛАМА HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ WEB ДИЗАЙН 10-11 сынып оқушыларына арналған
Түсініктеме хат

Информатиканың бағдарлы курсын оқыту оқушылардың бағдарламалау әдістері туралы, сонымен қатар визуалдық: жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен қолданбалы бағдарламалық жасақтамаларды өңдеу технологияларын, ақпараттық-логикалық моделдер құру және деректер базасын өңдеу технологиясын парақтар құру құрылымы туралы жалпы түсінікті қалыптастырады. Осының барлығы ақпараттық технолгиялар әдістерін меңгеруіне негіз болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды Web-беттер құруға, Интернетте материалды жариялау, Web-дизайн негіздерін білуге, дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға,компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады.
Қазіргі кезде компьютерлік дизайн, Web-дизайн, администраторлар, программистер сияқты мамандықтарды таңдау заман талабына айналып отыр. Кез келген қарапайым құжаттардың өздерін компьютерлік бағдарламаламалар арқылы өңдеу талап етілуде. Интернетте ақпартты жариялау үшін Web-дизайн негіздерін білуді қажет етеді. Демек, осы Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандық иесіне қажет болады.
Берілген курс мазмұны 10-11 сынып оқушыларының информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру және болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. Бұл курс аптасына 1 сағаттан 10 сыныпқа 34 сағат және 11 сыныпқа 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа негізделген. Курсты оқыту оқушылардың өз қабілеттерін толық көрсетуге және Web-беттерді құруға мүмкіндік береді.
Курстың мақсаттары:
- оқушыларды өздері белгілі бір мақсатқа жету кезінде құрған Web-беттерді қолдана отырып, ақпарттық Интернет желісінде тиімді жұмыс істеуге үйрету;
- ақпараттың Интернетте берілу тәсілдерін үйрету;
- сайт құру және түрлі жобалар жасау арқылы оқушылардың логикалық және танымдық ойлау қабілеттерін арттыру;
Курстың міндеттері:
- HTML тілінің негіздерін қолданып, қарапайым Web-сайт, Web-жобалар жасау, орналастыру және жүргізуді ұйымдастыру;
- оқушыларды Web-сайт түрлерімен, оның құрылымдық, техникалық ерекшеліктерімен таныстыру;


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

Бұл бағдарлама 10 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама авторы
информатика пәнін оқытудың төмендегідей нұсқасын ұсынады:
1. Кіріспе. Негізгі түсініктер: ауқымды компьютерлік желі Интернет,WWW-әлемдік өрмек, браузерлер, HTTP-хаттамасы, URL, IP-адрес.
2. Web-сайт құрылымы: сайт дизайны, сайтты басқару, сайтты Интернетке кірістіру.
3. HTML тілініне кіріспе. HTML-құжаттың құрылымы. Абзацты, тақырыптарды, қаріптің түсін, фондық түсті, жоғарғы, төменгі индекс, астын сызуді пішімдеу.
4. Oбъектілермен жұмыс. Құжатқа кестелерді қою. Кесте ұяшықтарын біріктіру, бөлу, шекара және кестені бояу. Маркерленген және нөмерленген тізімдер. Дыбыстық сүйемелдеу және сандық бейне.
5. Гиперсілтеме түсінігі. Сілтеме картасы туралы түсінік. Фреймдер. Web-беттегі формалар.
6. HTML-құжатты Microsoft Word, Microsoft FrontPage көмегімен жасау. Басты меню, негізгі құралдары. Көру терезесі және орналастыру.

Нормативті бөлім
10 сыныптарға арналған
34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Сабақ
№ Тақырыбы Сағат саны
Теория Практика
1 Негізгі түсініктер: Интернет, WWW, Web-сайт, браузерлер, URL, IP-адрес 1
2 Интернет қызметі. Іздеу жүйелерімен жұмыс. 1
3 Интернет қызметі. Іздеу жүйелерімен жұмыс. 1
4 Web-сайт құрылымы. Дизайн, басқару жүйесі 1
5 Web-сайт құрылымы. Дизайн, басқару жүйесі 1
6 HTML тіліне кіріспе. Web-бет құрылымы 1
7 HTML тіліне кіріспе. Web-бет құрылымы 1
8 Web-құжатты пішімдеу: абзацтар, тақырыптар, қаріп параметрлері 1
9 Web-құжатты пішімдеу: абзацтар, тақырыптар, қаріп параметрлері 1
10 Web-құжатты пішімдеу: қаріп параметрлері 1
11 Web-құжатты пішімдеу: қаріп параметрлері 1
12 Жаңа жолға көшу, сызықтар, арнайы символдар қою, жолды жүгірту. 1
13 Жаңа жолға көшу, сызықтар, арнайы символдар қою, жолды жүгірту. 1
14 Сурет, фотобейнелер, иллюстрациялар қою 1
15 Сурет, фотобейнелер, иллюстрациялар қою 1
16 Кестелер. Кесте шекарасы, бояу. 1
17 Кестелер. Кесте шекарасы, бояу. 1
18 Кестенің ұяшықтарын біріктіру, бөлу 1
19 Кестенің ұяшықтарын біріктіру, бөлу 1
20 Тізімдер: маркерленген және нөмерленген 1
21 Тізімдер: маркерленген және нөмерленген 1
22 Дыбыстық сүйемелдеу және сандық бейне. 1
23 Дыбыстық сүйемелдеу және сандық бейне. 1
24 Гиперсілтемелер. 1
25 Гиперсілтемелер 1
26 Сілтеме картасы 1
27 Сілтеме картасы 1
28 Фреймдер 1
29 Фреймдер 1
30 Web-бет формасы 1
31-34 Шығармашылық жұмыс
Жеке сайтты құрастыру 4

11 сыныптарға арналған
34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Сабақ
№ Тақырыбы Сағат саны
Теория Практика
1-2 Microsoft Word көмегімен HTML-құжаттарды құру. Графикалық объектілерді қою, пішімдеу 1 1
3-4 Microsoft Word көмегімен HTML-құжаттарды құру. Графикалық объектілерді қою, пішімдеу 1 1
5-6 Microsoft Word көмегімен HTML-құжаттарды құру. Тізімдер, кестелер, гиперсілтемелер 1 1
7-8 Microsoft Word көмегімен HTML-құжаттарды құру. Тізімдер, кестелер, гиперсілтемелер 1 1
9 -10 Microsoft Word көмегімен HTML-құжаттарды құру. Ішкі және сыртқы сілтемелер 1 1
11-12 Шығармашылық жұмыс
Microsoft Word көмегімен сайт жасау 2
13-17 Шығармашылық жұмыс
Microsoft Word көмегімен сайт жасау 4
18-19 Microsoft FrontPage программасының көмегімен HTML-құжаттарды құру. 1 1
20-24 Шығармашылық жұмыс
Microsoft FrontPage программасының көмегімен сайт жасау 2
25-26 Шығармашылық жұмыс
Microsoft FrontPage программасының көмегімен сайт жасау 2
27-28 Сайттың тақырыбы, мазмұны 2
29-30 Сайтты ақпаратпен толықтыру 2
31-32 Дизайн макеті. Логотип 2
33-34 Шығармашылық жұмысты қарау 2

Ақпараттық- әдістемелік бөлім

Ақапарттық бөлімде оқушылардың білімдерін бағалау жолдары ұсынылады. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бағалау нәтижесі бес балдық жүйемен жүзеге асырылады.
Бес- оқушы материалды толық меңгерген, теориялық білімді практика жүзінде қолдана алу дағдысы қалыптасқан, жұмыс істеу әдісінің құрамы жүйелілігін нақты білетін, осы заманғы маңызды ақпараттарды алған білімімен толық үйлестіре білген жағдайда қойылады.
Төрт- жоғарғыдағы аталған талаптарды қанағаттандырады. Толық, дұрыс жауап беру барысында фактілерді баяндауда, ұғымдарды жүйелеуде, өзара байланысты айқындауда, қорытынды жасауды елеусіз қателер жібереді және ол қателерді мұғалім көмегімен оңай түзетуге болады.
Үш-материалды түсінеді, бірақ ұғымдарды толық айқындай алмайды, фактілерді өзара байланысты жүйелі түрде өздігінен түсіндіруге қиналады, бағдарламалармен жұмыс істеуде қиналады, қорытынды жасауда қателіктер жібереді.
Екі – жауабы дұрыс болмаса, материалды теориялық және практикалық тұрғыда меңгермеген, оқулықпен, қосымша әдебиетпен, компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптаспаған жағдайда қойылады.
Курс соңында қорытынды тест алынып және бақылау түрінде шығармашылық жұмыстарын қорғау өткізіледі.
Тестіні бағалау мынадай түрде жүргізіледі:
«2»- сұрақтардың 1-20%-і дұрыс болғанда;
«3»- сұрақтардың 20-50%-і дұрыс болғанда;
«4»- сұрақтардың 50-80%-і дұрыс болғанда;
«5»- сұрақтардың 80-100 %-і дұрыс болғанда;
Шығармашылық жұмыс тақырыптарының үлгісі:
• Менің сүйікті қалам.
• Менің достарым.
• Біздің Отанымыз-Қазақстан.
• Күн жүйесі.
• Қазақ батырлары.
• Информатика әлеміне саяхат.
• Жер –Ана.
• Халықтар достығы.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылар нені білуі керек:
- ДК жұмыс істеу кезінде негізгі ережелер мен техника қауіпсіздік ережелерін;
- Интернет жүйесінінің негізін;
- Ақпаратты алу жылдамдығының өлшемін;
- Web-сайт құру программаларының айырмашылығын;
- Оқыту, бақылау, ойын бағдарламаларының жасалу негіздерін;
- Іздеу жүйелерін қолдануды;
- HTML тілінің негізгі құрылымын;
- HTML тілін қолданудың ерекшеліктерін;
- Web-редакторымен жұмыс істеу ерекшеліктерін;
- Web-беттердің құрылымы мен жобалауды;
Оқушылар нені үйренуі керек:
- Internet арқылы ақпаратты іздеуді және қарап шығуды;
- Internet-те және электрондық поштамен жұмыс істеуді;
- Web-бетті құруды, Web-беттің дизайын жасауды;
- Графикалық оъектілерді орналастыруды;
- Қарапайым тегтермен қаріпті пішімдеуді;
- Кестелермен жұмыс жасауды;
- Маркерленген және нөмерленген тізімдерді құруды;
- Гиперсілтемелерді қолдануды;
- Сілтеме картасын жасауды;
- Қолданбалы бағдарламалар көмегімен Web-құжаттар жасауды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. 10- 11 сынытаррға арналған жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытына және
1. қоғамдық- гуманитарлық бағытына арналған бағдарлама. Ермеков Н. Т. Мухамбетжанова С. Т, Стифутина Н. Ф.
2. Оқу құралы, Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Информатика Х, Информатика ХI
3. Н.Д. Угринович Информатика және АКТ. Профильный курс: 10 сынып М. БИНОМ , 2008
4. 10-11 сыныптар үшін бағдарлы курс бойынша тақырыптық жоспарлар, Алматы қаласы МБЖжҚДИ, 2006ж
5. Календарно-тематическое планирование по информатике 1-11 классы. Тен А. С., Кабулова Г. С., Т. К. Даутова, Алматы 2005.
6. Усенков Д. Уроки вев-мастера. Москва, ЛБЗ, 2003.
Қосымша оқулықтар:
1. Н. Угринович, Информатика и информационные технологиии, Москва, ЛБЗ, 2003.
2. Интернет в школе, Методическое пособие по применеию Интернета на уроках и во внекласной работе, Алматы, 2005.
3. HTML в примерах. Как создать свой Web-сайт: Самоучитель. Дригалкин В. В. 2004.
4. Конец формы. Межевич В Создание Web-страниц, 2002.
Категория: Профессиональное обучение | Добавил: SD (25.02.2012) | Автор: Досполова Сауле Амангельдиновна E
Просмотров: 6513 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz