Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 00:44

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Психологическая служба

«Қ ы р а н қ а н а т т ы а р м а н»
Сабақтың тақырыбы: «Қ ы р а н қ а н а т т ы а р м а н»

Сабақтың мақсаты: - Мамандық туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.

- Оқушы өзінің жеке мүмкіндіктерін толық пайдалана білуіне жол ашу, ғылым мен білімге құштар болуға, ізденіске, өмірде мамандық таңдауда қателеспеуге, қиыншылықтарды жеңе білуге мүмкіндік беру.

Сабақтың міндеті: - Маман иесі болған кезде пайдалы зиянды
жақтарының болатынын біліп, мамандыққа адалдық
керектігін түсіндіру.

Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаз, түрлі түсті карындаштар, ватман.

Көрнекілігі: Слайд шоу.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар алдымен амандасу үшін сіздерді ортаға шеңбер құрып тұруға шақырамын. Бүгін біз сабағымызда өзіміз қалаған әдіспен амандасамыз. Яғни сөзбен емес, кез – келген қимыл арқылы бір - бірімізге амандасып шығамыз.

ІІ.Негізгі бөлім:
Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Сіздер көпшілігіңіз негізгі пәндеріңізді таңдап отырсыздар, ал қандай мамандық деген кезде ойланып қалатындықтарың анық. Сондықтан мен бүгінгі сабақ бойынша сіздерге сол мамандықты таңдауға мүмкіндік тудыруға тырысамын.

Сыныпты екі топқа бөлу.

1- тренинг.
Сандық кәсіптік бағыт беру тесті.

Мамандық таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен болашақ жұмысының мазмұны арасындағы байланыс маңызды рол атқарады. Кез – келген мамандық адамның бойындағы сол мамандыққа сәйкес келетін «кәсіби маңызды қасиеттердің» болуын талап етеді.
Адамның қандай психологиялық типке жататынын «Сандық кәсіптік бағыт беру» тесті бойынша анықтауға болады.

Нұсқау: төмендегі кестедегі әр жұптан /1-2, 3-4, 5-6, 7-8/ бір санды таңдап
алып, сандық нөмірін жазып алып отырыңыз.

1. Сіздің жұмыс қабілетіңіз үнемі бірқалыпты /анық себептерге байланысты ғана өзгереді/.
2. Сіздің жұмысқа қабілетіңіз көңіл – күйге байланысты өзгеріп тұрады.
3. Келеңсіз жағдайлар мен дау – жанжалдардан себеп іздеп әуре болмайсыз. Ақыл – ойыңызды сезіммен ұштастыра білесіз.
4. Жақсы қарым – қатынасты бұзып алмас үшін келісімге келе саласыз.Сіз адамдар арасындағы сезім, өзара қарым – қатынасты бағалайсыз.
5. Сіз – реалист адамсыз. Бос қиялды ұнатпайсыз. Өзіңізге сенімді, ісіңізге берік адамсыз.
6. Болашақты елестете білесіз, өткенді жиі еске аласыз, жақсылыққа, өзгерістерге ұмтыласыз.
7. Ұстамдысыз. Әр нәрсенің соңын күтесіз. Қарым – қатынаста бастамашылық көрсете алмайсыз.
8. Жаңа адамдармен тез тіл табысып кетесіз. Таныстарыңыздың санын көбейтуге тырысасыз.

Қандай психологиялық типке жататыныңызды төмендегі
кесте бойынша табасыз.

Психологиялық тип Қандай кәсіппен айналысуына болады. Нені талап етуге болмайды және нені күтуге болмайды.

1357
Интроверт - тұйық
«ИНСПЕКТОР» Техникаға бейім. Инструктор, контролер, құжаттарды толтыру, салық инспекторы, тергеуші
бола алады. Адамадардың жеке бас қабілетін ескеру, жағдайға байланысты өзгерістерге тез бейімделу, кейбір маңызды істерде жұмсақтық
1358
Экстроверт – ашық
«АДМИНИСТРАТОР» Экономист, банктің несие бөліміндегі жұмыстар, хатшылық жұмыс, техникалық, құрылыс, ауыл шаруашылығы, фермерлік жұмыс. Жағдайға байланысты өз мінез – құлқын өзгерту, адамдармегн қарым- қатынаста жұмсақтық.
1367
Интроверт - тұйық
«САРАПТАМАШЫ» Жүйелі сараптауды қажет ететін салалардың бәрінде жұмыс жасай алады.
Адамдармен қарым- қатынас жасай білу, пысықтылық қасиет.
1368
Экстроверт – ашық
КӘСІПКЕР
Жоғары темп қажет ететін жұмыстарға, іссапарлармен байланысты жұмыстармен айналысуға болады. Үнемі сырт келбетін, киімін күтіп жүру, адамдармен санасушылық және психологиялық түсінушілік.

1457
Интроверт – тұйық
Әлеуметтік сала
Медицина, денсаулық сақтау, әсіресе, стоматология, масса, медбикелік жұмыс, ине салу т.б. салалар. Өмірге позитивті көзқарас, сенімі және бағалауын тез өзгеріс, проблемаларды шешуде тың шешімдер қабылдай білу.

1458
Экстроверт – ашық
«Энтузиаст» Жарнама, әлеуметтік сауалнама жүргізу, қызмет көрсету, сауда, әлеуметтік ғылыми, ұйымдастырушылық жұмыстар, жәрмеңке, демалыс, мерекелік кештерді ұйымдастыру.
Технологиялық қабілеттер, мерзім сақтауда анықтылық.

1467
Интроверт – тұйық
«Гуманист» Жасөспірімдермен тәрбиелік жұмыстар, псхотерапия, философты – гуманитарлы сала, портреттік, сюжеттік фотография.
Істерда бастамашылық білдіру, тосын жағдайда тез шешім қабылдай білу, жинақтылық, ұйымдастыру қабілеті.
1468
Экстроверт – ашық
«Тәлімгер» Гуманитарлық сала, өткізу немесе қамсыздандыру агенті, өнер салалары.
Айналасына объективті, сезімталдықпен көзқарас, жағдайды дұрыс сараптай білу.
2357
Интроверт – тұйық
«Шебер» Шаруашылықты рационалды жүргізу, заттарды көркемдеу, шағын бизнес, жұмыс орындарын көркемдеу.
Аз өңделген жобаларды қабылдау, айналадағы оқиғаларға қатысу.
2358
Экстроверт – ашық
«Маршал» Адамадарды жақсы басқара біледі.Бойдағы қасиеттерді басқару, техника, әскери жұмыстпрға баруына болады.
Барлық жағынан мұқият болу, қарым – қатынаста жұмсақтық, ымырашыл болу.
2367
Интроверт – тұйық
«Сыншы»

Қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстары, программалау, математика, физика, сараптама жұмыстары. Істе ширақтық, тосын жағдайларға жүректілік, шешім қабылдай алушылық, қонақжайлық, қамқоршылық.
2368
Экстроверт – ашық
«Ізденуші» Басқаларға тәуелсіз, өз бетімен болатын жұмыстар. Өзгеріске ұшырауы тиіс салалардағы жұмыстар.
Тұрмыста, жұмыс орнында маңайын үнемі тәртіпке келтіріп отыру. Жұмысын сапалы орындалуын қадағалау.
2457
Экстроверт – ашық
«Делдал» Әлеуметтік салада өзін толық көрсете алады.Аз мөлшердегі сауда, менеджер, жарнама, баспа т.б салаларда жақсы жұмыс атқара алады. Үнемісікерлік белсенділік, үлкен ұжымды басқару, міндеттерді бөле білу, тәуекелділікті қажет ететін жағдайлар.

2458
Экстроверт – ашық
«Саясаткер» Көпшілік мәдени іс – шараларды ұйымдастыру және өткізу, көңіл көтеру салалары, эстрада. Істі ұйымдастыра білу, міндеттерді дұрыс бөле білу, уәделерін орындау.
2467
Интроверт – тұйық
«Лирик» Аз адамдармен сыпайы түрде араласатын жұмыстарды
атқарады.Олардан жақсы хатшылар, аудармашылар, әдебиетшілер, журналист, редакторлар шығады. Күнделікті жоғары жұмыс қабілеттілігі, жағдайды жақсы сараптай білу, үлкен ұжымды басқара білу, міндеттерді бөлу.
2468
Экстроверт – ашық
«Кеңесші» Гуманитарлық сала, педагогика, жанұялық психлогиялық кеңес беру, таныстыру қызметі, жарнама. Істі сапалы жасау, құжаттарды тиянақты жүргізу, дау – жанжалды жағдайларда өзін ұстай білу.

2- ойын
Қазір сіздерге бірнеше мамандыққа мінездеме беріледі, ал сіздер берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтуларың керек.
Мамандық мінездемелері
Ең жасыл ..., Ең тәтті..., Ең ақшалы..., Ең күлкілі..., Ең ұсқынсыз..., Ең қарым – қатынасы күшті..., Ең жауапты..., Ең салмақты...
Оқушылар осы мамандықтар туралы кеңесіп, топ болып жауап береді.

Оқушылар біздер емтиханға байланысты қиындықтарды басымыздан кешіп жүргеніміз рас. Ал мен сіздерге сол қиындықтардан қалай шығуға болатындығы туралы алдыңғы сабақтарда нұсқау көрсеткен болатынмын. Қазір соларды естеріңе түсірейін.

Слайд шолу.

3.Тапсырма: Ішінде ситуациялық жағдайлардан жазылған парақшалар бар. Соны суырып өз жауаптарыңызды, толық беруіңіз сұралады. Өз пікірлеріңіз бойынша айтыңыз.

1 сұрақ – Емтихандағы стрестік жағдайды қалай түсіруге болады.
2 сұрақ – Емтиханға қалай дайындалу керек.

4- тапсырма. «Мамандықты тап»

1-ші топ мамандықты қимылмен көрсетеді, 2-ші топ оны табады.

Ол үшін төмендегі мамандықтар тізімін пайдалануға болады.

№ Мамандықтар тізімі 18 Шаштараз
1. Автослесарь 19 Аудармашы
2. Агроном 20 Жазушы, ақын, журналист
3. Драма театр артисті 21 Аспазшы
4. Археолог 22 Өрт сөндіруші құтқарушы
5. Кітапханашы 23 Тігінші
6. Балабақша тәрбиешісі 24 Программист
7. Терапевт 25 Психолог, психотерапевт
8. Хирург 26 Редактор
9. Геолг 27 Басшы, менеджер
10 Дизайнер 28 Ауыл механизаторы
11 Мал шаруашылығы
маманы /зоотехник/ 29 Милиционер
12 Өндіріс орындарында инженер 30 Шахтер
13 Инспектор 31 Экономист
14 Кондуктор 32 Заңгер
15 Ұшқыш 33 Мұғалім
16 Орманшы 34 балықшы
17 Манекенші, Фотомодель

5-тренинг. «Өз жұлдызыңды тап» деп аталады.

Нұсқау: Шеңбер құрып отырамыз, көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет
демалып, үш рет дем шығарасыздар. /психологиялық әуен
жіберіледі/

Ал енді жұлдызды аспанда елестетіңдер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық және күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе, бірнеше жұлдыз, ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін жарқыраған ноқаттар, ол бірде қол жетер жерге дейін жақындайды, бірде алыстайды.
Жұлдыздарға анықтап зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол біздің балалық арманымызға ұқсайтын шығар. Тағы да жұлдызды тамашалап сүйсініңіз және оған дейін қолыңызды созыңыз. Барлық күшіңізбен тырысыңыз. Сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жеткізесіз. Аспаннан мұқият түсіріп алыңыз да, алдыңызға қойыңыз, жақындап зер салып қараңыз және қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз.
Көзіңізді ашыңыз да, қағаз алып, түрлі карындаштармен өз жұлдызыңызды әдемілеп салыңыз.
Құрметті оқушылар сіздер әрқайсыңыз әдемі жұлдыздарсыздар. Осы жұлдыздарыңыз сіздерді білім жолында, емтихандарда қолдап, өміріңізге серік болады. Анықтап жұлдыздарға қарайықшы, олар әр түрлі бір – біріне ұқсамайды, яғни өздеріміз сияқты алуан түрлі.

Қорытынды: Адамға мамандық таңдауға қандай факторлар әсер етеді
деп ойлайсыңдар?

Мұғалім Қабілеті

Отбасы Беделі

Оқудың немесе
жұмыстың жақын
жерде орналасуы Мамандық таңдау Сырт
факторлары бейнесіне
байланысты

Досымен бірге Әлеуметтік жағдай

Оқиғаның әсер етуі Тәжірибенің болуы
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде – кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек.

Мәңгі алаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда.
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға – деген Мұхтар Шахановтың өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.

Сіздерге сәттілік серік болсын!

Даулетова Мендибике Тулегеновна
Психолог
СОШ им.У.Сахипова
Категория: Психологическая служба | Добавил: serega72 (13.08.2012) | Автор: Даулетова Мендибике Тулегеновна
Просмотров: 4083 | Теги: психолог | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz