Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 05:13

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Психологическая служба

Жас достар!
ҰБТ- КЕ ТҮЛЕКТЕРДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ

«Шамалған станциясындағы қазақ
орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталықпен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің педагог- психологы:
Кушкумбаева Перизат
Абдыбаевна
(ҰБТ қарсаңында түлектермен жүргізілетін психо-профилактикалық жұмыс)
Мақсаты: 11 сынып оқушыларын алдағы ҰБТ жүйесіне психологиялық тұрғыдан дайындау және қиындықпен күресуге жігерлендіре отырып, өзіне деген сенімділігін арттыру.
Құрметті ЖАС ДОСТАР! Заман білімдінікі
XXI ҒАСЫР ҚАТАҢ БӘСЕКЕ ҒАСЫРЫ. Бәсекелестік заманыныда ұтқырлықпен ұмтылу қажеттілігі сөзсіз. Бірақ уақыт орнында тұрмайды. Ал, біздер уақытты бағалай аламыз ба? Уақытты жоғалту білімді жоғалту. Адам өзіне-өзі талап қоймаса ілгері баса алмайды. [Н.Ә.Назарбаев Жолдауы 2-3 б]
Аңсаған арманыңа жету үшін өзімізге қандай талаптар қойып, қандай қабілетімізді арыттырып жұмыс жасауымыз керек деп ойлайсыңдар. Ол үшін, біз өзімізге-өзіміз табандылақпен күн тәртібін қалыпқа келтіріп бос уақытымызды тиімді пайдаланатын уақыт жетті деп ойламайсыздар ма?
Өзіміз, ең алдымен төмендегідей қарапайым сауалдарға жауап іздейік.
1. Кім болғым келеді, қандай мамандықты таңдаймын?
2.Бұл мамандықты таңдауыма басты себепкер болған не?
3.Жоғарғы оқу орнына түсуге қабілетім жете ме?
Осы сұрақтар жайлы ой елегінен өткізіп, көз алдымызға болашағымызды елестетейікші.Сол сәтте қандай әсерде болдыңыз?
Жас достар!
Шындығында, бәрі тәртіптен басталады. Тәртіп бар жерде – табыс бар. Адамның өзін-өзі бақылауы, әрдайым өзіне-өзі есеп беруі оның өз қатесін көруіне, оны жоюына ойландырып ықпал етеді. Сондықтан талаппен жасалған жұмыс нәтижелі болады, яғни мәселен қандай сабақ оқуда емес, қандай көзқараспен оқимын.
“Егер басқалардан көп білгің келсе, басқалардан артығырақ еңбектен”
Ештеңеге шағым айтпа, ешкімге қызғана қарама, арыңа қарап аяқ баспа, адал да жомарт болуға тырыс, өзгелерге көмектесе біл. Өзіңе-өзің сен, сенім бар жерде үміт бар. Үміт бар жерде болашақ бар деген қағиданы басшылыққа алып отыр.
Төмендегі ережені есіңе сақта.
1. Өз тағдырымның қожасы өзіммін
2.Өзіме сенемін, себебі өзімді алып шығатын еңбегім мен біліміме сүйенемін.
3. Өзімді батылдыққа бағыттаймын.
Уақытты босқа өткізбе, дәулетке, баққа қызығушы болма, ол мәңгілік емес, әрине материалдық қамтамассыз болғанда дұрыс шығар, дегенмен білім сарқылмас байлық көкірегіңді нұрландыратын, рухани сарқылмас қазынаң, ол өмір бойы сенімен мәңгілік бірге болады. Кітаптан тапқаның , одан алған білімің, әсерің санаңа сіңіп, көкірегіңе тоқыла береді. Кітаптың рухани сарқылмас мәңгілік қазынаңызға айналуы сондықтан. Білім –ғылым үйренбекке талап қылушыларға бірінші білмек керек,білмей ізденгенмен табылмас. [Р.Т.Төлегенова 57-58 б]
Адам анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, дәмін татып ескерсе, дүниедегі жақсы – жаманды ажырата біледі. [ Абайдың он тоғызыншы қарасөзі]
Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт себеп бар:
бірінші- көкірегі байлаулы берік болмақ керек,
екінші- сол нәрсені естігенде немесе көргенде үлгі алу керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. [ Абайдың он тоғызыншы қарасөзі]
1. Сабырлы болу.
2. Сөз бен істе әділ болу.
3. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбау.
4. Әр кез өзінің істеген ісіне мұхият есеп беріп отыру.
Өзіне қажетті, қабілеті жететін нәрсеге ғана бой ұсыну
Жас достар! Ұлттың келешегін анықтап беретін және оның бүкіл болмысын ашатын ең қасиетті әрі аса қажетті мәселе- БІЛІМ [Н.Ә.Назарбаев Жолдауы 2-3б]
Баланың жақсы азамат болып өсуі қазір де білім мен тәрбие саласында еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың, тіпті қарапайым отбасының да көкейтесті мәселесі болып отыр.
Алдағы ең күрделі де, тағдырымызға, біздің болашағымызға жол ашатын ҰБТ .
Ұттық біріңғай тестілеуді табысты тапсыруға және де кездейсоқ жағдайларда өзін -өзі қалыпты ұстауға, психологиялық тұрғыдан қалыптастыру әр оқушының өз қолында.
Алдағы уақытта өзіңді қалыптастыр:
- біріншіден, емтихандағы жетістіктің 20%- ол психологиялық дайындыққа байланысты. Сондықтан, ҰБТ арналған кітапшаларды неғұрлым көбірек оқы және де оның мәнін түсінуге тырыс, соғұрлым ұтымды.
- емтихан кезінде реттілікпен жауап беру шарт емес, бірінші кезекте жеңіл, оңай өзің білетін сұрақтарға жауап беруден баста. Өйткені сен шаршамайсың және уақыттан ұтылмайсың.
-екінші өзіңе қиындық келтіретін күрделі сұрақтарға көш. Бұл әдістер, сен үшін ұтымды және тиімді.
- өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, өзіңе сен- өзіңді алып шығатын білімің мен ақылыңа сүйен.[ Р.Т.Төлегенова 6 б]
Уақыт жақындаған сайын сансыз сұрақтар мазалай бастайды, Ұлттық біріңғай тестілеуден қалай өтемін, жоғары оқу орнына түсе алам ба? Деген сан сұрақтардан мазасызданып қобалжу, үрей пайда болады.
“Еш нәрседен де қорықпаушылық, табиғатта жоқ нәрсе. Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар. Бірақ қорқынышты жеңіуге болады. Немен? Жалпы алғанда мәжбүр ету жолымен жекелей алғанда ішкі және сыртқы әсер ету арқылы қалай мәжбүр ету, яғни өзін-өзі мәжбүр етеді (ұят, адамгершілік, ар-ождан – парызды сезіну) және сыртқы мәжбүр ету, яғни қоғамдық мәжбүр ету, яғни қоғамдық әсер ету (өзінің намысы мен адамгершілігін ұят сезімімен – масқара болудан сақтай отырып) қорқынышты жеңуге міне осылар көмектеседі. Өз еркімен қорқынышты ешкім де жеңе алмайды, тек қана мәжбүр ету жолымен ғана жеңуге болады. Қорқыныш, үрей, сенімсіз сезімдерінен қалай да тезірек арылуға әрекет жасаңыз. Егер ескі әдеттен сары уайымға салынып, қамығып, көңіл-күйіңіз төмендей бастаса:
- мен тек жеңіс үшін жаралған жанмын;
-мен бұл өмірде табысты болу үшін ғана өмір сүремін;
-менің табысқа жетерлік күш –қуатым бар;
- бәрі мен ойлағандай қиын емес, бәрі жақсы болады;деген сөздерді ішіңнен қайталап сабырлылыққа шақыр.[Қызықты психология 2008ж №5,8-9б]
Қанша дегенмен өзіңде ерекше өзгеріс болғандығын байқайсың. Өзіңе-өзің қайрат бер, жақсылықтан үміттен. Қазірден бастап өзіңе жеке жоспар құр.[Мектептегі психология ]
Егер адам баласында өзіне деген сенім мен жігердің ұшқыны байқалмаса, ондай адамдар өз өміріне мақсат қоя алмайды. Сол себептен де адамзат баласының өзіне және болашақ өмірге деген сенім мен ынтасы болуы тиіс. Сонымен, біз өзімізге-өзіміз ант етеміз, санаулы күндеріміз қалды, әр күнімізді босқа өткізбей, уақытты ұтымды пайдалануға белсенді кірісуіміз керек.
Емтиханға қалай дайындалу керек?
Қиын жағдайдан шығуда асығыстық жасамай, өз алдыңа мақсаттан тыс жетістікке жетуде үлкен міндеттер қойма. Жағдайдың қиындауын күтпе.
• Емтиханға даярлықты ертрек баста;
• Егер күшің мен ойыңды жинақтау болса, алдымен ең оңайын есте сақтауға
тырыс, сосын қиын материалдарды зерделеуге кіріс.
• Шиеленісті, шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса.
Егер көзің талса:
Емтиханға дайындық кезінде көзге үлкен күш түседі. Егер көзің талса ағзаңда шаршайды. Емтихан тапсырмаларын орындауға күшің жетпеуі мүмкін. Көз демалу үшін кез келген екі жаттығуды жаса;
• жоғары төмен кезек – кезек қара (25 сек); оңға – солға (15 сек);
• көзбен өз аты – жөніңді жаз;
алыста тұрған затқа қара (20 сек), сосын алдыңдағы қағазға (20 сек) кезекпен қара.
• Көзбен квадрат, үшбұрыш сыз, алдымен сағат тілі бағытымен, кейін қарсы бағытта.
Күн тәртібі:
Күнді үш бөлікке бөл:
• 8 сағат емтиханға дайындал;
• Спортпен айналыс, таза ауада жүр, музыка тыңда;
• 8 сағаттан кем ұйықтама, түскі тамақтан кейін де ұйықтауға болады.
• Сабаққа дайындалатын уақыт таңғы 11.00 де және түстен кейін 16.00 де.
Осы аралықта оқыған материалдар есте сақтауға тиімді уақыттар.[ПСИХОЛОГО- ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ПОДГОТОВКА К ЕНТ авторы Айжанова Г.К, Шаменов А.М, под общей редакцией д.п.н профессора Корвякова В.А ,Алматы: №2010, 177-180]
«Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған әр күнді немесе сағатты бақытсыз сана дейді ұлы ұстаз»
Я.А.Коменский
Ол үшін артық жүрістерді қысқарту, ұялы телефоннан бас тарту, өзіңе қатаң талап қойып, күн демей, түн демей, оқу, іздену, қосымша сабақтарға қатысу, жалпы табандылықпен, қажырлықпен ұлтық бірінғай тестілеуге дайындалу.
Атамыз Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген-құл болмайды» –деген қанатты сөзі әр уақытта жадыңда болғаны дұрыс. Өзіңнің қажырлығыңның арқасында арманың мен еңбегіңнің жемісін көретініңе сеніміміз мол. Яғни «нәтижелі еңбектің 98% тер төгуің, ал 2% ғана дарындылықтан деген екен» ғибратты сөздің авторы Томос Эдисон.
«Талант еңбекпен, яғни ізденумен келетінін біл». ЖАСТАР! ертеңгі Қазақстанның болашағы сіздер. Мектеп табалдырығынан аттап, алдағы үлкен өмірге қадам басқалы тұрған, еліміздің жарқын болашағының кірпішін қалауға үлес қосу стратегиясын жүзеге асырар, білімді де жігерлі, саналы да сезімтал, өнегелі де өнерлі, парасатты да пайымды ұрпақтарысыздар. [Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.2-3б]
«Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және біліміңе ештеңе қоспаған әр күнді немесе сағатты бақытсыз сана» дейді ұлы ұстаз Я.А.Коменский, «Нәтижелі еңбектің 98% -тер төгу, 2% ғана дарын» -деген ғибратты сөздің авторы Томас Эдисон. Биік мақсатқа ұмтылу, яғни күткен нәтижеге жету үлкен еңбектің, қайсарлықтың, табандылықтың арқасында келетіндігін ұмытпайық ЖАС ДОСТАР!

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Р.Т.Төлегенова, Сіз ұлттық біріңғай тестілеуге айынсыз ба?
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана , 2007ж
3. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» Астана 2007жылғы 28 ақпан
4. Мектептегі психология 2008ж №5 (5)
5. Мектептегі психология 2006 №5
6. ПСИХОЛОГО- ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ПОДГОТОВКА К ЕНТ авторы Айжанова Г.К, Шаменов А.М, под общей редакцией д.п.н профессора Корвякова В.А ,Алматы: №2010 г

Источник: http://teacher-almaty.clan.su/
Категория: Психологическая служба | Добавил: uID4119 (14.04.2015) | Автор: Кушкумбаева Перизат Абдыбаевна E
Просмотров: 433 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Kanatbekovich   (21.04.2015 10:33)
11 сыныптарым бар еді мынауыңыз дұрыс болды рахмет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz