Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 15:44

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Психологическая служба

Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психологиялық жаттығулар үлгілері
«Жанжал»
Мақсаты: саусақ пен төменгі жақ бұлшық еттерін босаңсытуға үйрету.
«Сен досыңмен ренжісіп қалдың. Міне-міне жанжал басталады. Қатты тістеніп тұрып, терең дем ал. Тырнақтарыңды алақаныңа батыра, қатты жұдырығыңды түй. Бірнеше секундқа деміңді ішіңе тарт. Ойланып көрші: мүмкін жанжалдасудың қажеті жоқ шығар? Дем шығарып, денеңді босат. Ура! Жағымсыздықтың бәрі артта!»
Бұл жаттығу мазасыз, төбелескіш балалар үшін аса пайдалы.

«Мерекелік шар»
Мақсаты: қыстығуды болдырмау, балалардың көңілін аулау.
Ойынға қатынысаушылар дөңгелектеніп тұрады.
Бастаушы нұсқау береді: «Біз қазір көз алдымызға өзімізді шар үрлеп, мерекеге дайындалып жатқандай елестейік. Терең дем аламыз, ұртымызды толтырып қиялымыздағы шарды үрлейміз. Ойша шардың, шардағы суреттердің біртіндеп үлкейе бастағанын қадағалап тұрамыз. Көз алдарыңа елестеттіңдер ме? Мен де сендердің үлкен шарларыңды елестетіп тұрмын. Байқаңдар, жарылып кетпесін. Енді шарларыңды бір-біріңе көрсетіңдер».
Жаттығуды 3-4 рет қайталауға болады.

«Кеме және жел»
Мақсаты: шаршаған балаларды жұмысқа тарту.
«Біздің желкенді кемеміз жүзіп келе жатып, кенет тоқтап қалады деп елестетіңдер. Біз оған жел шақырып, көмектесіп көрейік. Ауаны ішке тартамыз. Енді ерін арқылы ауа шығарып жел тұрғызайық. Бұл жел желкенді кемені итеді. Қане тағы бір рет көрейік. Мен шуылын естімей тұрмын!» (желдің күшін реттеп отыру)

«Шырша астындағы сыйлық»
Мақсаты: беттің, әсіресе көз айналасының бұлшық еттерін босаңсытуға үйрету.
«Жақында Жаңа Жылдық шырша деп елестетіңдер. Сендер жыл бойы жаңа жылдық сыйлықты армандадыңдар емес пе? Көздеріңді қатты жұмып, шырша жанына келіп терең дем алып, демді іште ұстап тұрамыз... Шырша жанында не жатыр? Міне, ғажайып! Сенің көптен күткен сыйлығың ғой, бұл! Көзіңді аш. Қуаныштысың ба? Қане, күлімсіреші!»
Жаттығудан соң, балалардың тілегі бойынша, не жөнінде армандайтыны туралы әңгіме өткізуге болады.

«Сыбызғы»
Мақсаты: беттің бұлшық еттерін, әсіресе, ерін маңы еттерін босаңсытуға үйрету.
«Бүгін біз сыбызғы тартуға үйренеміз. Демді ішке тартып, сыбызғыны ерінімімізге жақындатайық. Ақырындап, ауа еріннен шығатындай етіп, үрлейміз. Қане, тағы қайталайық. Неткен керемет оркестр!»
Бұл жаттығуларды топта кілемде отырып та, түрегеп тұрып та орындауға болады.

«Сүңгі»
Мақсаты: қолдың бұлшық еттерін босаңсытуға жаттықтыру.
Жұмбақ
Шатырдың шетінде
Қағылыпты «бір шеге»
Еріп кетер жылытсаң,
Білсең айтшы, ол- немене? (сүңгі)
«Ал енді өзімізді әртіс секілді сезініп, сүңгі қойылымын көрсетуге дайындалайық. Мен оқып тұрамын, сендер қимылын жасайсыңдар.
1 – 2- жолын оқығанда терең тыныс алып қолды жоғары көтеріп,
3 – 4- жолдарын оқығанда қолды босатып төмен түсіреміз (құлатамыз).
Сондықтан, қане дайындықты бастайық. Қандай тамаша! Сендерден талантты әртістер шығады екен.

«Күн райын болжау»
Мақсаты: арқаның бұлшық еттерін босаңсыту, бір-біріне қамқорлыққа үйрету.
Балалар бірінің соңынан бірі шеңбер жасап тұрады. Ойын жүргізушінің ауа-райын болжаған нұсқауларына сәйкес, балалар бір-бірінің арқасына массаж жасайды. Мысалы: Алматыда күн ашық (сылайды), Астанада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады(бір саусақпен ақырындап тырсылдатады), Семейде күн бұлтты, нөсер жаууы ықтимал (бес саусақпен қаттырақ тарсылдатады).
Жаттығудан соң не ұнағаны, ұнамағаны жайлы әңгімелесуге болады.

«Өзіңе елестет»
Терең демді ішіңе тарт, алған демің бүкіл денеңді аралап өтетін болсын. Деміңді ішіңе тартқанда, баспалдақтармен тауға шығып бара жатқандай болып, ал деміңді шығарғанда одан түсіп келе жатқандай елестет. Жаттығуды 5 рет қайталау және деміңді ішіңе тартқанда тауға шығатыныңды, ал деміңді шығарғанда таудан түсетініңді есіңде сақтау керек. Жаттығуды орындап болған соң, өз денеңіздің әрбір мүшесімен ойша сәлемдес. Мысалы былай: «Сәлем, менің оң тізем... Сәлемет пе, шынтақ! Қалай тұрып жатырсың, алақан!...» Мұнда ештеңені назардан тыс қалдырмауға тырысу керек, ал содан кейін тағы 5 рет тауға шығып түсу керек.

«Қанқызы»
Сенің аяғыңның үлкен бақайында кішкентай қоңыз отыр. Міне ол жайлап жоғары өрмелеп барады: аяқтың табанның үстімен, жіліншік бойымен тізеге, одан кейін белге жетеді де, іш, кеуде жақты айналып өтіп, міне ол сенің иығыңа келді, қолдың бойымен түсіп алақанға, одан соң саусақтың бойымен оның ең ұшына келді. Кішкентай қоңыз тіпті салмақсыз, бірақ сен тыныш қана отырып, оның қалай және қайда өрмелеп бара жатқаны туралы қатты ойлайсың, онда сен, оны әрине сезесің. Енді сен кішкентай қоңызды жайлап жерге қоясың, ол ұзақ жолдан соң аздап ұйықтап алсын. Ал сен кішкентай қоңызға өзіңнің не сезгең туралы әңгімелеп бер және ойлап көр, ол саған не деп жауап берер еді.

«Робот»
Сенің басыңда көп кішкентай кнопкалар бар деп елестет, және оларды басқанда сен жылайсың, күлесің, ашуланасың, қорқасың. Қане, бұл нүктелерге ат қоялық: кнопка - қытық, кнопка - жымию, кнопка - ашу, ыза, кнопка - қорқыныш. Бұл кнопкаларды кім басады? Біреу оларды басқанда сен тоқта деп айта аласың ба? Сенің өзің осы кнопкаларды баса аласың ба? Осы кнопкалардың біреуін таңда да, «жағып» (қосып), «сөндіріп» (айырып) көр. Ойлан, егер бұл кнопкалар сенің басыңда болса олардың жұмысын кім басқарады?

«Өмірде кездеспейтін жануар»
Өзіңе ешкім көрмеген жануарды елестетіп көр, сен де оны бірінші рет көріп тұрсың. Бұл сенің ойлап шығарғаның! Бұл жануар қалай аталады? Ол мейірімді ме, әлде ашулы ма? Оның тұрағы қайда? Немен қоректенеді? Қайда ұйықтайды? Оның терісінің түсі қандай? Осы сұрақтардың жауабын сипатта немесе суретін сал.
Категория: Психологическая служба | Добавил: nursaule_6 (27.03.2016) | Автор: Қомаева Құндыз Қалимолдақызы E
Просмотров: 313 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 nursaule_6   (27.03.2016 11:45)
Здравствуйте, вышлите пожалуйста сертификат о публикации на почту nursaule_6@mail.ru

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz