Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:46

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Психологическая служба

Оқу іс-әрекетіндегі зейін түрлерінің ерекшеліктері.

 Сангилбаев О.С. пс.ғ.к., доцент Абай атындағы ҚазҰПУ.

Оқу іс-әрекетінде баланың белсенділігіне қарай зейін - ырықты, ырықсыз, үйреншікті деп аталатын үш түрге бөлінеді. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда бұлардың әрқайсысының өзіндік орны, мәні, мағынасы бар.

Сабақ үрдісінде оқушыны таңдандыратын қызықты әдемі, көрнекі заттар, шығармаларды пайдаланып, оның ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға, біртіндеп ырықты зейіннің қалыптасуына көңіл бөледі. Бұл үшін оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, эмоциялық сезімге қанықтылығы болуы қажет.

Дегенмен, мектепте оқу-іс әрекеті әрдайым қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс қажет материалдар да болады.

Сондықтан да, оқу іс-әрекеті барысында оқушының ырықты зейінін де қалыптастырып, дамыту қажет. Бұл үшін сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу іс-әрекеті ұйымдастырылуы керек. Оқу іс-әрекеті түрлендіріліп, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Іс-әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырады.

Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып-үйреніп отырған пәнге баланың зейінін ерекше шоғырландыру, ол үшін баладан сабаққа дайындалуды талап ету, бала зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету.

Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Ол құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдардың санада тез бейнеленуін, сөйтіп, қабылдау үрдісінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді.

Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқаруынан көрінеді. Бұл көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына және ересек адамдарға тән.

Көптеген жағдайларда, мектепте оқу іс-әрекеті барысында мұғалім оқушы зейінін ұйымдастырып отыруға тиіс. Сонымен бірге оқушының өз зейінін басқара аларлық дағдысын мектеп психологымен біріге тәрбиелеп отырған жөн.

Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, түйсіну, қабылдау және ол қабылдағандарды еске сақтау үрдістері арқылы жүзеге асырылады.

Тиісті ұғым-түсініктерді меңгеру аталған психикалық үрдістерді дамыту шарттарының бірі.

Сондықтан да, оқу жұмысында осы психикалық үрдістерді дұрыс ұйымдастырып, дамытып отыру қажет. Зейін - таным үрдісінің басты факторы.

Зейін дербес үрдіс ретінде емес, ол танымдық әрекеттердің іске асуына басты жағдай ретінде орындалады.

Өзін-өзі байқауда, сырттан байқауда ол кез-келген психикалық іс-әрекеттің өзінің объектісіне бағыттылығын, белсенділігін және шоғырлануын қамтамасыз етеді де, сол іс-әрекеттің бір жағы немесе қасиеті ретінде болады.

Зейіннің өзгеше және арнайы заты туралы айту қиын. Оның нәтижесі кез-келген іс-әрекетке еніп, сапасын жақсарту болып табылады.

Ырықсыз зейін адамның саналы әрекетінсіз-ақ орнығып, қолданыла береді.  

Ырықты зейін саналы бағытталып, реттеледі. Субъектінің санасымен объект таңдалады, соған бағытталады. Ырықты зейін ырықсыз зейіннен дамиды. Сонымен бірге ырықты зейін ырықсыз зейінге ешқандай күшсіз ауысады.

Ырықсыз зейін тікелей қызығушылықпен айқындалады.

Ырықты зейінде ондай қызығушылық болмағанымен, біздің міндетімізге, мақсатымызға байланысты, сондықтан зейінімізді санамыз арқылы бағыттаймыз.

Балалардың зейінін дамыту оқыту мен тәрбие үрдісінде іске асады. Зейінді ұйымдастырудың маңыздылығы, орнымен қойылған тапсырмаға және оны субъектінің қабылдауына себепші болуымен байланысты.

Зейін өзін-өзі бақылаумен тығыз байланысты. Адамның әрбір әрекетінде бағыттаушы, орындалатын және бақыланатын бөлімдері бар.

Бақылау - әрекетті басқарудың маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау іс-әрекетінің өзінің бөлек заты болмайды, ол басқа үрдістердің жасап жатқанына бағытталған. Сондықтан зейіннің бақылаушы функциясы да соны көрсетеді.

Зейіннің жеке актісі, бақылаудың әрекеті ақыл-ойға айналғанда және қысқа түрде болғанда пайда болады. Бақылау үрдісі - затқа бағытталып орындалатын іс-әрекет. Сондықтан бақылау іс-әрекетін орындау кезінде зейінді талап етеді. Тек қана бақылаудың жаңа әрекеті ақыл-ойға және қысқартылған жағдайда ол зейін болады.

Кез-келген бақылау зейін емес, ал кез-келген зейін - ол бақылау. Бақылау іс-әрекетті немесе оның нәтижесін бағалайды, ал зейін оны дамытады, жақсартады. Оның себебі, бақылау белгілі бір критерий, өлшем, үлгі арқылы іске асады, “үлгіні ескерте”, нақты салыстыруға және айыруға жағдай туғыза отырып, құбылысты жақсырақ тануға жетелейді. Үлгіні қолдану зейіннің негізгі екі қасиеттерін түсіндіреді - таңдамалылықты (әр уақытта қызығушылықты көрсете бермейді) және өзі байланысқан әр іс-әрекетке жағымды әсер етеді.

Ырықты зейін әрдайым жоспарлы. Алдын-ала белгіленген критерийлер және тәсілдерді пайдалана отырып әрекетті бақылау болады.

Ырықсыз зейін - ол да бақылау, бірақ заттан немесе жағдайдан кейін “көзге өзі көрінеді” бақылаудың жолы және құралдары алдын ала жоспарланбай, объектінің әсерімен өтеді. Зейінді дамыту бақылаусыз және өзін-өзі бақылаусыз мүмкін емес.

Ырықты зейіннің жаңа актісін қалыптастыру үшін негізгі іс-әрекетпен бірге оны тексеру критерийлері мен тәсілдерін, жалпы жолын және ретін көрсетуіміз керек. Мұның бәрі алғашында сыртқы жоспар ретінде беріледі, яғни зейіннен басталмайды, бақылауды белгілі, сырттық, заттық әрекет болып ұйымдастырады. Әрі қарай мұндай әрекет белгілі ретпен өңделіп, ақыл-ой, жалпылама, қысқартылған және дағдыланған (автоматтандырылған) түрде зейіннің жаңа тапсырмаға жауап бере алатын актісіне айналады.

Зейіннің тұрақтылығын дамыту үшін, бақылауды игеруді сатылап қалыптастыру қажет (П.Я. Гальперин), материалданған түрден, дауыстап сөйлеу, соңында ішінен сыртқа сөйлеу түріне көшу, арқылы іске асырылады.

Сонда ғана бақылау түрі оқушылар зейінінің актісіне айналады.

Бұл жерде екі кедергі кездесуі мүмкін: біріншісі, орындалып жатқан әрекет, бақылаудан ертерек тайып кетуі мүмкін, сондықтан бақылау нақты, жалпылама болып қалады, тұрақты орындау формасын жоғалтады, тұрақсыз болады; екіншісі әрекеттің бағыттаушы және орындаушы бөлімдерінде қайшылықтар болғанда, орындаушы бөлімі бір жұмысты атқарады да (мысалы, сөзді буындауға т. б.), бағыттаушы бөлім (мысалы, дауыстап айтуға) басқаны жоспарлайды. Мұндай бақылауды қиыншылықтарды, әрекетті сатылап қалыптастыруды үйретуде ескеру қажет.

Бақылауды сатылап қалыптастырудың нәтижесінде (мәтінді, шығарманы, өрнекті ретімен және т.с.с.) бұл заттық әрекет шынайылыққа айналады (көру, есту әрекетіне) және негізгі жасалып жатқан әрекетке байланысады (жазуға, оқуға және т.с.с). Бақылау негізгі жасалып жатқан әрекетке бағытталады да, онымен бірігіп, оған өзінің сипатын білдіреді - негізгі әрекетке бағытталуын және онда шоғырлануын, басқаша айтқанда зейіннің қасиеттерін көрсетеді.

Зейін оқытудың сапасын және өнімділігін анықтаушы ретінде. Балалар зейіндерінің қасиеттері (көлемі, тұрақтылығы және бөлінуі) бойынша бір-бірінен ерекше болады.

Жалпы, зейінді балалар жақсы оқиды, ал зейіні нашар қалыптасқан балалардың үлгерімі ырықты зейіннің көрсеткішіне байланысты.

Зейін қасиеттерінің деңгейлері төмен дамыған балаларда оқу міндеттерін атқару шектеледі. Сондықтан зейіннің қасиеттерін жаттықтыру, психологиялық қызмет көрсетудегі өзекті бағыт ретінде, үлгірімін жақсартуға ықпалын тигізеді.

Ырықты зейіннің жоғарғы деңгейде болуы оқытудағы үлгірімдерінің басқа да факторларын іске асырады, жеке айтқанда жекелік моторлық жылдамдығын іске асырады. Зейінді оқушылардың жекелік жылдамдығы жоғары болған сайын жақсы оқиды. Ал зейіні нашар оқушыларда керісінше болады.

Пәндер бойынша, зейіннің қасиеттерін салыстырғанда: математикадан, физикадан үлгірімдеріне зейіннің көлемі және даралық жылдамдығы ықпал етеді екен. Зейіннің тұрақтылығы мен математикаға төмен қабілеттілігінің арасында байланыстар бар.

Орыс тілі қазақ тілінен үлгеріміне зейіннің бөліну қасиетінің дамуына ықпал етеді. Оқудың жетістігі зейіннің тұрақтылығымен байланысты, себебі сөздің дыбыстық формасын жасауды қамтамасыз етеді.

Зейіннің түрлері оқу іс-әрекетінде бірімен-бірі тығыз байланысты.

Зейіннің түрлері және олардың салыстырмалы сипаты

Зейіннің түрлері           Пайда болуының шарттары    Негізгі сипаттары       Механизмдері

Ырықсыз         Күшті, контрастылы не-месе мәнді және эмоцияны тудыратын тітіркен-

діргіш  Ырықсыз, жеңіл пай-да болуы және ауы-суы (аударылуы)   Бағыттаушы рефлекс не доминанта, тұл-ғаның азды-көпті тұрақты қызығушы-лығын сипаттайды

Ырықты          Міндеттерді қою (қабыл-дау) Міндетке байланыс-ты бағытта ырық-ты күшті талап етіп, шаршатады            2-  сигналды жүйенің жетекші рөлі

Үйреншікті      Іс-әрекетке кірісу және соған байланысты қызығушылықтың пайда болуы Мақсатқа бағытты-лық сақталады, зор-лануды жеңілдетеді   Іс-әрекет үрдісінде пайда болатын қызы-ғумен сипатталатын доминанта

Әрине, әр таным үрдісін талқылап, біз басқа да таным үрдістерімен біріге іске асатынын түсінеміз.

Бірақ әр таным үрдісінің өзінің қолданатын орнымен ерекшеленуі және іске асу жолдары бар.

Мұнда оқу материалын ғылыми негізделген мөлшермен зейіннің кестедегі бейнеленген сапаларын ескеріп тиімді жоспарлау қағидасының орны ерекше.

Констатациялы және дамытатын эксперименттердің осы мәселеге байланысты зейін қасиеттерінің деңгейлерін салыстыру арқылы зерттеледі.

Жас ерекшелігіне байланысты зейіннің даму сипаттамасы мынадай:

1) Балалардың жеке дамуымен, олардың қажеттіліктері және қызығушылықтары дүниетанымдарының өрісі кеңейіп, түсінетін ақиқат заттар мен құбылыстарға зейіндерін аударады. Қоршаған шындықтарға зейіннің артуына байланысты, оқушы зейінінің пәні, ойлары және сезімдері болады. Зейіннің сыртқа бағыттылығымен бірге, ішкі шоғырлануының дамуына байланысты, ол өзінің ішкі дүниесін және қоршаған ортадағы адамдармен қатынасын түсінгісі келеді. Өзіне деген зейінінің негізінде өзін байқауының дамуы, өзін-өзі тәрбиелеуге психологиялық көмек болады.

2) 3ейінінің жас ерекшелігіне байланысты дамуы, оның барлық қасиеттерінің дамуына және көрінуіне ықпал етеді. Барлау іс-әрекетінің өрісі күрделеніп, оның қызығушылығы белсенділігі және таңдамалылығы артады. Шоғырлануының интенсивті дамуына байланысты, таным мүмкіндіктері де жаңа сипатқа ие болады. Зейіннің көлемі және бөлінуі өрістерінің ұлғаюына қарай - іс-әрекеттің бір бөлімінде бірнеше зат пен құбылыстарды қабылдап, ойлануы да кең өріске артады. Жоғары тұрақтылығы және ауысуы, объектілерді барлық жағынан, тіркеуді дамытады. Мұндай қасиеттерінің дамуы тұрақсыздықты жеңуге көмектеседі.

3) Жастарының дамуына қарай ырықсыз зейіннен гөрі, ырықты зейін көріне бастайды. Мектеп жасында бұл зейіннің барлық түрлері дамиды бірақ, біртіндеп ерікті зейін жетекші орын ала бастайды, әсіресе оқушылардың өзіндік іс-әрекетінде.

4) Зейіннің дамуы шоғырлану мотивтерінің өзгеруіне  әсері бар. Алғашында баланың зейіні эмоциялы қызығушылығымен көрінсе, оқушылардың даму үрдісінде жас ерекшелігіндегі негізгі жетекші іс-әрекеттің объектілері арқылы зейіндері дами бастайды. Өз зейіндерін ұйымдастыру қабілеті оқу жұмысының мөлшеріне, сапасына бағытталады.

5) Әр жас сатысында жекелік айырмашылықтары, даму үрдісінде жан-жақты және айрықша көрнеді. Зейіннің жекелік және жасына байланысты ерекшеліктерін, бірлікте және арақатынаста түсіну қажет.

Зейін шоғырланудың жеке актісі ретінде, немесе шоғырлану күйлерінің жиынтығы ретінде, біртіндеп жеке адамның қасиетіне айналады. Мұнда мінездің бір жағы ретінде, зейінділікті дамыту оқушының өнегелілігіне септігі тиеді.

Зейінділік оқушының басқа да жекелік жақтарымен біріге қалыптасады: темпераменті, қызығушылығы, мінезінің еріктік жағы т.б. Қазіргі кезеңде зейін туралы тәжірибе жүзіндегі зерттеулер өте қиын, себебі зейінді анықтағанда, сананың санаулы объектіні камтитынын: бірнеше әсердің, бірін анық, қалғандарын анық емес қабылдайтынын ескереді.

В. Вундттың (1875) айтуынша, бұл әсерлер сананың анық нүктесінде болады (Blickpunkt des Bewusstseins), қалғандары, сана деңгейінде болғанымен анық меңгерілмейді. Олар сананың шекарасында болады. (Blickfeld des Rewusstseins). Зейіннің көлемі осы сәттегі бірдей жете ұғынылатын құбылыстардың саны болады. Бұл мәселені шешуде практикалық тәжірибеге В. Вундттың аспабы “тахистоскопты” пайдаланады.

 Сурет-1

Тахистоскоп. Тәжірибенің алдында (т) тақтасы жабылып көрінетін тітіркендіргіш-терді жабуға тиіс. Екінші суреттегі тахистоскопта қысқа уақытқа тітіркендіргіштер ашық күйінде

Психология тарихында, ұжымдық эксперименттер үшін проекциялық аппаратгы қолданған. Фотографиялық бекітуші тетік (қақпа) арқылы бейнелердін экспозициялану уақытын 0,1 ден 2,3 секундтке дейін жеткізу арқылы. Бұл жерде көру әсерлері арқылы зейіннің қасиетін анықтаудың әдістемесі түсіндірілді. Көру әсерлері және есту әсерлерімен зейін қасиеттерін анықтауға Рупптың комплекциялық аспабы ұсынылған.

Сурет-2

Рупптың комплекциялық аспабы.

С – бағыттауышты  қозғалысқа М-электр моторы арқылы қосады.

Зейіннің қасиеттерін зерттеуді жалғастырған Н.Н. Ланге, Г.И. Челпанов (1914), ал, психофизиологиялық бағытта А.А. Ухтомский доминанта туралы ілімді еңбектерінде терең, әрі жан-жақты қарастырған. Ол доминанта принципін дамытудың әдіснамалық негізі ретінде Н.Е. Введенскийдің идеясын, Шеррингтонның жалпы тәжірибелі жолымен, конвергенция принципін және “қозудың шоғырлануы” деген В.М.Бехтеревтің ғылыми бағыттарына сүйенген.

 Доминанта туралы ілімді қолдаушы психологтар Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн және Б.Г. Ананьев.

1926 жылы Л.С. Выготский доминанта принципінің мәнділігін теория жүйесінің терминдерімен былайша түсіндірді: “...доминанттық механизм тұтастық, интегралдык, эквифиналдық (максаттың соңы) және эмердженттілік (жүйенің элементтерінде болмайтын жаңа сапалардың пайда болуы) жүйелік қасиеттерін қамтамасыздандырады”. П.Я. Гальперин (1974), өз зерттеулерінде ырықты зейін жоспармен іске асырылатын зейін, яғни алдын ала құрастырылған жоспарымен, үлгімен бақылау тәсілі деген тұжырым жасады. Оқу іс-әрекетіне байланысты зейіннің ырықты және үйреншікті түрлерін, яғни зейіннің бөлінуі, ауысуы сияқты қасиеттерін зерттеген Н.Ф. Добрынин, И.В. Страхов, О.Ю. Ермолаева т.б.

Құрастырылған әдістеменің валидтілігі статистикалық хи-квадрат критерийінің кестелік шамасы мен теориялық шамасын салыстыру арқылы тексеріледі. Бұл аспаптармен зерттелетін эксперименттің міндеттері:

1. Зейіннің қасиеттерін: шоғырлануын, тұрақтылығын зерттеуге арналған

әдістеменің материалдарын құрастыру.

2. Дамытатын экспериментке дейінгі сыналушылар зейінінің шоғырлануын, тұрақтылығын және іскерлігі мен жұмыстарының өнімділігінің деңгейлерін анықтау.

3. Анықталған зейін қасиеттерінің статистикальқ шамаларын есептеу.

4. Сыналушыларды дамытатын экспериментке жіктеу.

Категория: Психологическая служба | Добавил: teacher-almaty (15.10.2007)
Просмотров: 18551 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 4.1/25
Всего комментариев: 4
4 Айман   (24.05.2010 14:18)
Темперамент теориялары атты курстык жумыс керек болып тур Комектесиниздерш

3 Айман   (24.05.2010 14:15)
А.А.Ухтомский еңбегіндегі доминанта түсінігі

2 Гулимжан   (25.02.2010 22:40)
әр түрлі түстердің мағынасы

1 Индира   (15.11.2009 18:10)
темперамент

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz