Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 05:13

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Психологическая служба

"Қауіпті сызықта..."
ЖОРАБЕК ОЛЬГА ИВАНОВНА- педагог- психолог

Заречный орта мектебі
Есіл ауданы
Акмола облысы

Іс- шараның мақсаты:

1. Ата- аналарды кәмелет жасқа толмаған балалардың өз-өзіне қол жұмсау туралы және оның қандай себептік жағдайда болатыны жөнінде мәлімет беру.
2. Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің тәсілімен, түрлерімен таныстыру.
3. Өз-өзіне қол жумсаудан аулақ болудың жолдары туралы түсінік беру.
4. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы жөнінде ата- аналарға кеңес
беру.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Біз, сіздерді шақыруымыздың себебі, сіздер осы жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының неден болатыны жөнінде өзекті меселені талқылауға шақырдық. Осы меселені шешуде сіздер бізге көмек көрсетіп, бізбен бірге жұмыс істейді деп кәміл сенеміз. Бізге сіздердің көмектеріңіз қажет.
Айтыңыздаршы, сіздерді осы мәселе бойынша шақырғанда, іштей қарсылық сезім болды ма?
Осы мәселе бізде жоқ деп, көзді жұмып қарау ол балалардың өмірмен қоштасып кетуімен келісу деген сөз.
Біз осы тақырып бойынша мәселе, бізден аулақ болсын деп іштей ойлаймыз, бірақ осындай жағдай олармен де болуы мүмкін екенін сеземіз.
Ата- аналар, біздер бәріміз бізге де қиын, онсыз да мәселеміз көп деп айтамыз. Ал осы өмірде біздің балаларымызға жеңіл ме?
Сонда қандай жағдайда, қандай себеппен балалар өз өмірлерін өздері қияды. Онда осы жөнінде айтсақ.

Суицид дегеніміз не?
Суицид- қасақана өз өмірін өзі қию деген сөз.

Статистика есебі бойынша:
Қазақстанда балалардың өз өмірін өзі қию жағдайының саны көбейгені көрсетіледі.
2005 жылы 261 өлім жағдайы тіркеліп, 393 өлуге талпынған.
2006 жылы 271 өлім, талпынғаны- 379 .
2007 жылы кәмелетке жасы толмағандар саны бойынша 215 өлім болса, өзін-өзі өлтіру жөнінде -347.

14-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің арасында көбірек байқалады.

Өз-өзіне қол жұмсаудың тәсілдері:
1. Дәрі- дәрмекпен улану
2. Химиялық затпен улану
3. Өз тамырын кесу, асылып өлу
Әсіресе, өзіне-өзі қол жұмсау, көктемде көбірек байкалады.

Өз-өзіне қол жұмсау жағдайында ойы, өлуге талпынысы, қорқыш, үрей басым болады.
[/b]Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің түрлері: [/b]
1. Көрсете білу жағдайы
Бұл жағдайға жасөспірімнің өз тамырын өзі кесу, улы дәрі-дәрмекпен улану, асылып өлу түрлері жатады.
2. Аффектілік суицидтік жағдай.
Бұл жағдайда көбіне асылып өлуге талпынады, күшті улы затпен улануға тырысады.
3. Шын суицидтік жағдай.
Бұл жағдайда көбіне асылып өлу түріне жүгінеді.

Суицидтік синдромның алды.
Бұл жағдайда жасөспірімнің ойының ұзақтығы ойлаған уақыттан бір жұмаға не бір айға созылуы мүмкін. Бұл әсіресе үлкен жасөспірімдердің арасында байқалады.
Өз-өзіне қол жұмсайтын балалар – ата-ата қамқорынан, көңіл бөлуінен жат болғандар, 75% ата-анасы ажырасқандар, не ата-аналары бөлек тұрады, не болмаса көбіне балалар үйінде тұрады, не асырап алған ата-анасымен тұрады.

Қауіпті суицидтік топқа жататындар:
1. Жастар: ешкіммен қарым-қатынасы жоқ «жалғыз өмір сүретіндер» арақ ішетіндер, есірткі тартатындар, өзінің тәртібімен жаман жағынан көрінетіндер, басқаларға күш көрсетіп, ұрып-соғу жағдайында көзге түсетіндер жатады.
2. Өз- өздеріне тым міншіл адамдар.
Өзіне жақын адамын жоғалтқан немесе біреудің өзін кемітіп, мазақ қылған жағдайда уайымдайтын адамдар жатады.
3. Өмірде алдына қойған жетістіктеріне, мақсатына бір себептермен қол жеткізе алмау жағдайында.
4. Ауру-сырқауы көп, ешкімге керек емес екенін сезген адамдар.

Эмоционалдық белгілерінің бұзылуы:
- тамаққа тәбетінің болмауы немесе тым көп тамақ жеуі
- ұйқысының бұзылуы немесе тым көп үйықтауы
- шағымдануы(іш ауруы- бас ауруы, көп шаршауы, жиі ұйықтауы)
- өз-өзіне дұрыс қарамауы
- жалғыздық сезімнің болуы, қажетсіздікті сезінуі, көңілсіздік, кінәлі болу сезімі
- өзіне ұнаған жұмыстың іш пыстыруы, тез шаршатуы
- отбасымен, достарымен қарым-қатынас жоқтығы (жалғыздық)
- өлім туралы көп ойлануы
- келешек өмірге жоспарының жоқтығы
- ұсақ- түйекке тез ашулануы
Сырт көрінісі және тәртібі
- Бет әлбетінің көңілсіз жүруі
- Бір қалыпты дауыс
- Қыска жауап
- Жауап бермеуі
- Қөп ызыңдап, сөйлей беруі
- Уайым
- Жұмыссыздық
- Ашуланшақтық
- Бұрқылдап сөйлеуі
- Айналасындағыларға ұнатпаушылық қарым-қатынаста болу
- Біреудің ісіне ұнатпаушылық мінезбен қарау
- Өзіне, айналасына жай-барақат сезіммен қарау
Өз өмірін бағалау
- Өткен өмірге баға беру
- Өткен өмірдегі келеңсіз оқиғаларды еске алу
- Қазіргі жағдайын бағалау
- Болашақ арманының жоқтығы
Айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы
- Адамдармен араласпауы, қашқақтауы
- Айналасындағылармен араласуға тырысуы, дәрігерге көмекке жүгінуі
- Ызындауы бейімділігі
- Қырсықтық
- Тез жылап қоюы
- Көзінің үлкейіп, қорқыныш сезімін білдіруі
- Аузының кебуі
- Ауаның жетпеуі
- Басының ауруы
- Ұйқысының қашуы
- Тым көп ұйыктауы
- Түнгі үйқысының бұзылуы
- Тәбетінің бұзылуы
- Дене салмағының кемуі, дене салмағының көбеюі
- Тамақтың дәмсіз болып сезілуі
- Кешкілікте ағзаның нашарлауы

Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері
Үлкендер жағынан мейірімдік сезімнің жоқтығы
Жалпы өмір ағысынын тез жоғарылауы
Ата- анасының арақ ішіп, есірткімен айналысуы
Жасөспірімдерге дөрекі қарым-қатынас, күш көрсетіп ұруы, сексуалдық куш көрсетуі
Жасөспірімдер арасында алкоголизм мен нашақорлықтың болуы.
Алдағы күнге сенімсіздік көрсетуі
Өмірге деген көзқарастың жойылуы
Жауапсыз махаббат

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы жөніндегі мәселе бойынша ата-аналарға кеңес беру
1. Отбасы арасындағы ұрыс - керіске балаларды араластырмау
2. Өз балаларыңызға өмірге деген талпынысын, мақсатын қуруға көмектесу
3. Қиыншылықтарды жеңуге көмектесу
4. Жасөспірімдердің талпынысына, өмірді бастауына қолғабыс тигізу
5. Ешқандай жағдайда, қол күшін пайдаланып жаза қолданбаңыз
6. Өз балаларыңызды жақсы көріп, көбірек көңіл бөліңіз.
7. Баланың құқығы мен міндетін дұрыс құрастырыңыз: үйде, мектепте, көшеде. Бұл жерде тек қатыгездік емес, түсіністік керек.
8. Егер балаңыз тату, түсіністікте өмір сүрсін десеңіз, оның кемшіліктерін бетіне айта бермеңіз, кіналамаңыз.
Бір – біріңізді кіналамаңыздар. Қиын жағдайда жаныңда түсінетін, жақсы көретін адамның болуы бәріне байланысты Ол оның өмірін сақтап қала алады. Ең бастысы, балалар қандай болса, сол мінезімен қабылдауға үйрену керек. Біз, ата-аналар, балалардың тәрбиелі болып өсуіне, дамуына көмектесу арқылы, өзіміздің еңбегіміздің нәтижесін көреміз.
«Не ексең, соны орасың! »- деп халық жәй айтпаған.
Сондықтан ата-аналарға мынандай кеңес: «Балаларыңызды жақсы көріңіздер, шындықты ғана айтыңыздар, шындықты ғана талап етіңіздер».
Категория: Психологическая служба | Добавил: Марина (12.01.2012) | Автор: Жорабек Ольга Ивановна E
Просмотров: 3762 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz