Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 16:34

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

Армысың, мектеп!
Сабақтың мақсаты:
1.Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.
2.Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой-өрісін кеңейту, өнерді сүйюге тәрбиелеу.
3.Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлармен безендіру қанатты сөздер, сурет салынған плакаттар, гүлдер “Балғын балалық” суреттер, “Бүлдіршіндер” көрмесі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а)Акт залын дайындау, безендіру
ә)Оқушыларды даярлау
І.Кіріспе бөлімі:
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті әріптестер, аяулыда, ардақты Ата-аналар және бүлдіршіндер. Бүгінгі мектепалды даярлық сыныбының “Армысың, мектеп!” атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.
Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған жас бүлдіршіндер, бүгін саналы оқушы болып 1-сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп ілім іздеп алға қарай ұмытылу әр азаматтың борышы. Қазір осы уақытқа дейін оқушылардың алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар.
Құрметті көрермендер “Армысың, мектеп!” атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер қымбатты,
Біздер үшін ашатын сан жұмбақты.
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді
Шәкіртіңнің қылықтары тым тәтті.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Тұр алаңсыз балғын шақты балалар
“Той”,-деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Ән менен күй көңіл сырын ашады
“Той”-деп келген қонақтарға мың рахмет
Ақ жаулықты әжелер-той шашуын шашады.
Әже сөзі:
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық..

Мұғалімнің сөзі:
Өтті оқу, сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Ойыншықтармен қоштасып,
Оқулықпен достаспақ.
Өңкей білгіш балдырған,
Құтты болсын тойларың.

2-бөлім: Біз білімді баламыз.
Оқушылар біз мектепалды даярлық сыныбында қандай пәндерді өттік. (Балалар пән аттарын атап шығады).

1-топ. “Балдырған”. Сауат ашу.
Тапсырма: 1.кеспе әріптерден сөз құрау. АТА. АНА. ӘЖЕ. БАЛА. ОТАН т.б.
(сөздерді буынға бөлу)
2.Сөздерге сөйлем құрау. (мен атама көмектестім)

2-топ. “Балбөбек”. Математика.
Тапсырма: 1. 0-ден 20-ға дейін тура және кері санау.
2.Алма жинау ойыны (есептер шығару)
3. “Орныңды тап” ойыны.

3-бөлім: “Біз өнерпаз баламыз” атты концерттік бағдарлама.

Хор. Біз мектепке барамыз.
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.
1-бала: Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып, би-билеп
Жалғастырсын ойды ой.
2-бала: Міне, мен де
Үлкен болдым
Жасым толды 6-ға
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын шетінен
3-бала: Іші толған әріпке
Жақсы кітап Әліппе
Әліппені аламыз
Біз мектепке барамыз
4-бала: Мен кішкентай баламын
Әлі-ақ өсіп толамын
Елін, жерін қорғайтын
Ер-азамат боламын.

Хор: Ортақ бізге бір Отан ,
Ортақ жердің байлығы
Еңбек ортақ, жер ортақ
Ортақ бізге барлығы

Хор: “Отаным” әні орындалады
5-бала: Ақын, ата тақпағын
Ақыл сөз деп жаттадым
Тіліңді үйрен күнде сен
Ол іс деме жай ғана
Өз тіліңді білмесең
“Білгішпін”-деп ойлама.

6-бала: Мектеп-қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз болып өсетін
Біз мектепке барамыз.
7-бала: Біз-оқушы боламыз
Өсіп оймен санамыз
Өмірге жол саламыз
Біз мектепке барамыз
8-бала: Әріптерді үйреткен
Жамандықтан жиреткен
Ұстаз-біздің анамыз
Жарқыраймыз, жанамыз
Хор: “Ұстазым” әні орындалады
9-бала: Бар әдемі қаламым
Соны қоға аламын
Жазуды да жазамын
Суретті де саламын
10-бала: Дәріс алдым саналы
Үлгілі ұстаз анадан
Мейіріміңнен нәр алдым
Жалықпаған баладан.
11-бала: Мен мектепке барамын
Кілең бестік аламын
Жақсы баға алғанда
Бір қуанып қаламын.
12-бала: Сәбилік көңілден
Арнады жыр-әнін
Баулитын өмірге
Ақылшым-мұғалім
13-бала: Ән салайық бас қоса,
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен достаса.
Хор ән: “Жүрші әже мектепке”

14-бала: Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.
15-бала: Мектебім менің, мектебім,
Сенен біліп шығармын.
Аспан барын, күн барын.
Сен арқылы ұғармын,
Жұмбақ әлем сырларын.
16-бала: Ойыншықтарды жинаймыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
17-бала: Біз мектепке барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Көрініс: “Ертегілер әлеміне саяхат”. (Әке батасы)
Ән: “Ертегілер”
“Анам және мен” сайысы (сұрақ жауап)
Пішіндерден “фигура құрастыру” ойыны

Хор ән: “Әр қашан күн сөнбесін”
Ендігі кезекті 1-сынып оқушысына беріледі (Әліппе тапсыру)

Хор ән: “Қош бол даярлық”

Хор: Елдің атын жазамыз.
Жердің атын жазамыз,
Туған тілге тазамыз.
Біз біріншіге барамыз.
Батаңды бер Ата-ана!
Хор: Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз данамыз.
Қонақтарға қол былғап,
Сау болыңыз айтамыз.
Құрметті Ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Біздің бүлдіршіндердің білімдері-
мен, өнерлерін тамашаладыңыздар. Сіздерге рахмет айта отырып, бүлдіршін-дерге өз тілектеріңізді білдіріңіздер демекпін. Құттықтау сөз кезегі беріледі.

1. Мектеп әкімшілігіне:-
2. Ата-аналарға, қонақтарға:-
3. 1-сыныпқа қабылдайтын ұстазға:-
4. Бүлдіршіндерге алғыс хаттар тапсыру.
Категория: Начальная школа | Добавил: Жадыра (16.05.2013) | Автор: Эшмаханова Ойжан Одилқызы
Просмотров: 4178 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 1
1 Гульдана   (11.09.2013 23:04)
"Армысын, мектеп" атты мектепалды даярлық тобына арналған сыныптан тыс жұмыс өте жақсы құрылған. ол кішкене жастағы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып жасалған. тақырыпқа сай өлең жолдар алынған. сонымен қатар, ата-аналармен байланыс орнатылған. Егер балалар осындай жақсы ұйымдасқан тәрбие жұмысымен бастаса, көңілдері жақсы болады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz