Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 07.12.2016, 23:21

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 10
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

Әліппе, саған мың алғыс!
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы
«Төрткүл» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абу Айгүл Төресұлтанқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс!
Мақсаты:
Алғашқы қолдарына ұстаған, оқуға, жазуға үйреткен «Әліппелерімен» қоштастыру.
Міндеттері:
- -оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру;
-ата-аналарға балаларының жарты жылда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету;
- оқушылардың эстетикалық талғамын дамыта түсу;
- оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың суреті, Рәміздер, шарлар, мақалдар, әріптер, көрме суреттер.
Барысы:
І. Кіріспе.
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, қадірлі халайық! Бүгін сіздер кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан-жағына таңырқай қарап мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміздің енді, міне, өздерін оқуға, жазуға үйреткен сүйікті де қымбатты ӘЛІППЕлерімен қоштасу ертеңгілігінің куәсі болғалы отырсыздар. Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып, жазатын халге жетті,
Құтты болсын мерекесі балалардың!
Құрметті, ата-аналар!
Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен,-деп Кенен атамыз айтқандай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берелік.
1-жүргізуші. Азиза . –Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар,ұстаздар және қонақтар.
2-жүргізуші. Ердәулет – 1»А» сыныбының «Әліппе,саған мың алғыс!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
3-жүргізуші. Мейрамбек. – Біздің сыныпта 11ұл,13 қыз барлығы 24 оқушы бар.
2-жүргізуші. Сабрина. – Ендеше біз сіздерді олармен таныстырайық.
Азиза Ердәулет
1. Алимтуре Азамат 1. Арысбек Нұраят
2.Абрамов Алеша 2.Алтыбай Аружан мен Аяжан
3.Арысбек Қарақат 3. Ділдәбек Ерзат
4.Дәулет Жігер 4.Батырбай Мейрамбек
5.Елбасы Қанат 5.Жақсыбай Айсұлу
6.Күлмес Асима 6.Қалдыбек Сабрина
Мейрамбек. . Сабрина
1.Құдайберген Зинара 1.Арсланбек Ақнұр
2.Маратқызы Азиза 2.Серік Нұрасыл
3.Серікбай Мұхамеджан мен Аружан
3.Мүтәліп Ердәулет 4.Төресұлтан Нұрдәулет
4.Перден Әнуарбек 5.Үсенбай Алтынай
6. Сапарбек Ұлжалғас
Азиза
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

Ердәулет:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мейрамбек.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік.
Кәне, ортаға салайық.
Сабрина
«Әліппе,саған мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен бастайық .Әнұран орындалады.
ІІ. Сұрақ-жауап:
Мұғалім:
-Балалар, болашағы біздер болатын қазақ елі қай мемлекетте тұрады?
-Қазақстан Республикасында.
-Осы мемлекетіміздің президенті кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Республикамыздың астанасы қай қала?
Қарақат
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астана-
Әсем қалам, бас қалам!
-Қазақстан қандай ел?

Қанат
Қазақстан- Туымен тұғырлы. (Ту)
Елтаңбасымен-еңселі. (Елтаңба)
Әнұранымен-айбатты.
Мұғалім:
-Қазақстан біздің-
-Отанымыз.
-Отан деген не?
Зинара
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман-тоғай көлімізді.
Осындай Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен-еңселі, Әнұранымен-айбатты, Астанадай әсем, бас қаласы, астанасы бар елдің балалары біздер қандаймыз?
-Бақыттымыз
Ән: Гүлжазира Қазақстан
Мұғалім.
-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не!
(Әліппе)
Ең алғаш Әліппені жазған кім?
-Ыбырай Алтынсарин атамыз.
-Дұрыс.
Онда, Әліппе бүгін бізде қонақта. Қане, Әліппемен амандасайық.
Бәрі хормен . -Қош келдің, қымбатты Әліппе!
Әліппе. Ақнұр
Армысыздар, жас достар!
Армысыңдар, ата-аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппе келді ортаға.
Ал, Балалар ,сендер мені оқыдыңдар, сонда сендер менен не үйрендіңдер?
Ерзат
-Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ,өлең, ән үйрендік.Енді кез-келген кітапты өзіміз оқи аламыз.
Кел, балалар,оқылық
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!- деп өсиет қалдырған Ыбырай атамызбен таныстық .
Нұрасыл-
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге ,
Кетігін тап та , бар қалан. – деп ақыл айтқан Абай атамызды білдік.
Әліппе:Ақнұр-Әліппеден тағы не үйрендіңдер соны білгім келіп тұр?
Айсұлу-
Енді біз оқи аламыз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе
Аружан Алтыбай:
-Үйретті бізді әліппе,
Қырық екі әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдық дәріпке.
Жігер:
Нүкте, үтір,жақшаны білдік
Азат жолмен шекараны білдік
Бас әріппен бастап сөйлем жаздық
Нүкте қойып аяқтадық.
Хор : ән Әліппе
Алтынай
Әліппем, менің әліппем!
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Әліппем, менің әліппем!
Әнуарбек
“А” деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен.
Осылай алға аттадым.
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті
Сөйлем құрап жаза бастадым.
Ұлжалғас
Бар кітапқа бас болған
«Әліппе»-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Азамат
Том-том қалың кітаптың,
Басы болған әліппем.
Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Нұраят
Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
Әліппе. Ақнұр
-Ой, жарайсыңдар!
Әсима
Алфавиттің “А” тұрады басында,
Әрқашанда “Ә” тұрады қасында.
Байқадың ба “Б” тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
А деген ол аналар ғой ардақты,
Ә деген ол әкелер салмақты.
Б деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.

Әліппе Ақнұр. Ал енді, балалар, мен сендерді ары қарай білім нәрімен сусындататын өзімнің досыммен таныстырғым келеді. Ол үшін сендер осы уақытқа дейін алған білімдеріңді маған көрсетулерің керек. Менің қолымда бірнеше қағаз қиындылары берілген. Сол қағаздардың артында әртүрлі тапсырмалар бар.
1-тапсырма
Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Әліппенің алғашқы бетінен «Айналайын»деген ет-жүректі елжірететін елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінен бастау алған бөбектеріміз бүгінгі күнде өздері оқи алатын дәрежеге жетті. Елбасымыздың осы бір сөзін оқушыларымыздың өзі сіздерге оқып берсін.
2-тапсырма
Өлеңдер оқу. Әріптер сөйлейді
Серікбай Аружан:
-Барлық әріп бағалы,
Айттың әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
А-әрпі. Аяжан
Менің үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан,
Апа, ата сөздері
Қайсы әріптен басталған?
Н-әрпі. Нұрасыл
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпінеде қарашы.
Ғ-әрпі. Мұхамеджан
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп ?
Р-әрпі. Әзиза
Қырларда құр- деші,
Жайылып жүр- деші.
Ал енді өзің-ақ
Р-р-р-р-деші.
О-әрпі. Аружан Серікбай
О-кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
М-әрпі.Нұраят
Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
С-әрпі.Алексей
Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
Ы-әрпі. Қарақат
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?
Ж-әрпі. Сабрина
Түн шымылдық ашқаннан
Жымыңдайтын аспаннан.
Көп шырақтың аты не
Қайсы әріптен басталған?
І-әрпі. Ердәулет
Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған?

И-әрпі. Мейрамбек
Үш шырпыдан қайсы әріп
Шығады екен құралып
Ал шырпыны төгіңдер
Құрастырып көріңдер.
З-әрпі. Әсима
Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Ө-әрпі. Алтынай
Өрікте сөздің басында
Бөрікте б-ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
Г-әрпі. Ерзат
Егіз десе-екінші,
Сегіз десе-үшінші
Бұл қай әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
Ү-әрпі. Зинара
Үйрек десе-бірінші,
Бүйрек десе-екінші.
Бұл қай әріп екенін
Біреу айтып берсінші.
В-әрпі. Нұрдәулет
Қосылса 13 арасы
Қандай әріп қарашы?
П-әрпі. Қанат
Ата-анаңмен барып сен
Пілді көрдің парктен
Осы атаулар зер салшы
Басталған қай әріптен?
Ф-әрпі.Алтыбай Аружан
Қос бүйірін таянып
Тұратын ол қай әріп.
3 тапсырма:Сұрақтарға жауап бер.
1.Неше дауысты дыбыс бар?
2. Сөздер неден құралады? (дыбыстардан)
3. Кісінің аты-жөні қалай жазылады?
4. Әріптерді не істейміз? (көреміз, жазамыз)
Әліппе Ақнұр
-Дұрыс балалар менің тапсырмаларыма жауап бергендеріңе риза болдым.
Ал,балалар сіздер білетін менің математика досым бар. Ол сендерді тексергісі келеді.
Математика: Қанат
Математика ғылымдардың атасы деген. Мен сендерге санауды,есептеуді үйреттім. Соны тексеріп көрейік.

Азиза : - Мейрамбек 5-тен 5-ті алғанда неше қалады?
Мейрамбек: (алақанын ашып, сосын жұмып) – Не қалатын еді, жұдырық қалады да!
Азиза: - Қайдағы жұдырық, 0 қалады!
Алтынай
Математика сабағын
Жақсылап ұғып аламын
Онда айтайық санамақ
Аңғар санын саралап.
Әнуарбек:
Бір дегенім – Білім
Түсініп сен ұғын.
Бір дегенім- Бала
Санды дұрыс сана.
Азамат:
Екі дегенім-Елім
Тәуелсіздігім менің
Алексей:
Үш дегенім-Үйім,
Үйде жақсы күйің.
Мектептен де қалма,
Тап-таза боп киін.
Қарақат:
Төрт дегенім –Түлік,
Жүргін мұны біліп.
Жылқы , сиыр, түйе, қой-
Төрт түлігің – біл, ұқ!
Нұраят:
Бес дегенім- Бесік,
Келеді сәби өсіп.
Бабамыздан қалған,
Елім менен Жерім.
Айсұлу:
Алты дегенім-Астық,
Қылма досқа қастық.
Үлкендерді сыйла,
Бол иіліп жастық.
Аяжан:
Жеті дегенім- Жеңіс,
Жемісіңді жегіз.
Спортпенен Жеңіс,
Әрқашанда егіз.
Жігер:
Сегіз дегенім-Сенім,
Қорғайтының – Жерің.
Отаныңды сүйсең,
Мақтан етер Елің.
Ерзат:
Тоғыз дегенім – Таңдау,
Ата жолын жалғау.
Ақылды боп өсіп,
Биіктерге самғау.
Ұлжалғас:
Он дегенім-Отан,
Үздік оқы ботам.
Есейгенде ертең,
Сыйлап жүрер ортаң.
Нұрасыл
- Ал, мен кері санамақ білемін. Аты: «Бөрік тіктім»
10 ойланып 9 толғанып
8 рет сызып
7 рет бұзып
6 рет қарап
5 рет санап
4 түйме қадап
3 тал үкі тағып
2 қолым талып
1 бөрік тіктім
Әзер деп біттім.
4 тапсырма: Логикалық ойындар.
1 Ойын:
Екі тышқанның құлағы,бір мысықтың аяғы нешеу? (8)
2 .Ойын:
Сен және мен. Біз нешеуміз?
3 Ойын
Алма ағашында 10 алма,ал шыршада нешеу? (шыршада алма өспейді)
5 тапсырма . Дүниетанудан сұрақтар
1. Көкжиектің неше тұсы бар?
2. Жылдың 12 айын білесің бе?
3.Тірі табиғатқа қандай заттарды жатқызамыз.
4.Өлі табиғатқа қандай заттарды жатқызамыз.
Мұғалім -Біз ағылшын тілімен де танысып,үйреніп жатырмыз.
Good morning!
Good morning!
Good morning to you!
Good morning!
Good morning!
I`m glad to see you!
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен: - Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Айсұлу:- Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.,
Мұхамеджан:
- Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Алтынай:
-Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата –ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Хор: ән :Рахмет саған Әліппе
Әліппе: Рахмет, мені таза ұстадыңдар,
Ризамын, құрметті шәкірттер.
1- Жүргізуші: Біз әліппені бітірген соң не істейміз?
2- Жүргізуші: Соны мен де ойлап тұрмын
1- Жүргізуші : Шынымен де не оқимыз?
2- Жүргізуші :
-Біз сенімен бірге екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 – әріпті түгел жаттап алдық. Әріпті әріпке қосып, буын жасадық, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап, бүгінгі күні қысқа әңгімелерді оқи алатын болдық. Енді сен кетіп қалсаң, біз не істейміз?
Әліппе:Ақнұр:
Қиналатын түгіде жоқ, Достарым , менің жолымды жалғастыратын « Ана тілі» пәнімен таныстырамын. Ана тілін оқитын боласыңдар.
Мұғалім:
- Олай болса, ортаға «Ана тілін» шақырайық
Қарақат :Ана тілі:
- Армысыздар, жас достар!Менің атым «Ана тілі» Енді мені оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен таңымын.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
-Балалар! Менің жұмбағым бар кәне кім тез ойланып шеше алады екен?
1.Алтын сандығым ашылды,
Ішінен күміс шашылды. (жұлдыз)
2.Бір үйдің қырық баласы бар ,
Сөзге шорқақ екі данасы бар. (40 әріп,2 таңба)
3.Ақ қағазға сан қайталаған
Жазудан еш шаршамаған. (дәптер беті, қалам)
4.Бүлдірсең дәптерді ,
Кетірем , тап мені . (өшіргіш)
Ана тілі:
-Балалар, сендерге әліппені оқытып, білім берген кім?
Мейрамбек:
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Сабрина:
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың,
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
Хор Ән: Ұстазым
Мұғалім:
Рахмет, балалар!
Ал, енді осы
-Сендерге жарық сыйлаған кім? -Анам!
-Сендер ауырсаңдар қиналған кім? -Ана!
-Ақ аналар жүріңдерші - Есен-аман!
Ән «Ақ мамам» - Әсима Күлмес
Әзиза : Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
Ердәулет:
Отанды жас-кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәрімізде
Туып, өмір сүреміз.
Хор .Атамекен
Әзиза :
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
Әсима:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,
Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!-дей отырып, ««Әліппе. Саған мың алғыс » атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Сабрина:
Құрметті қонақтар ендігі кезекте концерттік бағдарламаны тамашалаңыздар.
1. Би.Мектеп вальсі
2.Ән. Мен ауылға барамын. Нұраят,Мейрамбек,Алексей
3.Ән Балапан. Үсенбай Алтынай
4.Би. Аспан әлемі
5..ӘН.Оңтүстігім өз елім
6.Ән. Шашу .Арысбек Қарақат
7.Ән.Төлдер әні
8. би: шөжелерім
9. Көрініс .Қарлығаш пен дәуіт
Категория: Начальная школа | Добавил: Асила55 (01.01.2014) | Автор: Айгул E
Просмотров: 2507 | Рейтинг: 4.8/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz