Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:20

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

"Әліппеден кейінгі кезеңдегі дидактикалық материалдар жинағы"
Степногорск қаласының білім бөлімі
Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдістемелік нұсқа
«Әліппеден кейінгі кезеңдегі дидактикалық материалдар жинағы».
Авторы: бастауыш сынып мұғалімі Байжанова Б.Б.
Заводской кентінің орта мектебі
Әліппеден кейінгі кезең
Дыбыс, әріп, сөз, сөйлем.
№1
1.Отан, ел, қыс, аппақ, жүрек, бөрік, бесік, аға, жаңбыр, іні.
1.2. Берілген сөздерді екі топқа жуан және жіңішкеге бөліп жаз.
1.3. Жуан сөзге бір сөйлем , жіңішке сөзге бір сөйлем құрастырып жаз.
№2
2.Жұмбақтарды оқып, шешуін тауып,шешуін буындарға бөліп жазыңдар.
Білімнен мол сый-асы, Жұқа тақтай бөлшегі, Тілі жоқ өзінде,
Балғындардың ұясы Ұзындықтың өлшемі Сөзі бар ішінде
(мектеп) (сызғыш) (қалам)
Ақыл- ойдың шырағы, Ұшымен қазық, Күміс алмұрт тілі бар,
Зәулім көктей шынары. Тор көзді жазық, Сыңғырлаған үні бар.
Биігіне бойлаған, Үстінен өттім, Шақырытын білімге.
Қанбайды адам құмары, Асыл сөз жазып. Сағатты бар,күні бар.
(білім) (дәптер) (қоңырау)

№3
3.1. Нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді көшіріп жазып, кезкелген сөзден екі сөйлем құрастырып жазыңдар.
Қ...с, бор...н, шаңғ..., ад..м, үйр..к, әт..ш, санд...қ, мект..п, қымб..т, оқ...шы.

№4
4.1. Сөзжұмбақтың шешуін тауып, сөздерін буындарға бөліп жаз.
1. Сиыр бізге не береді? 4. Ешкінің төлі қалай аталады?
2. Ұйықтағанда не жамыламыз? 5. Далада не болады?
3. Нанға жығып не жейміз? 6. Балықты немен аулайды?

с ү т
к ө р п Е
м а й
л а қ
ж е р
қ а р м а қ

№5
5.1. 1. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.

2. Мәтінде неше сөйлем бар?
3. Үшінші сөйлемде қанша сөз бар?

Қыс.
Қыс келді. Күн суытты. Қар көп жауды. Өзенге қалың мұз қатты.

№6
6.1. Көшіріп жазып жуан сөздердің астын сыз.

Аю – жыртқыш аң. Ақ аю суық жақта болады. Мұз үстінде жүреді. Ақ аю балық жейді.

№7
7. 1.Көшіріп жазып жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу.

Түлкі- тағы аң. Ол таулы жерде жүреді.Түлкі қызыл түсті болады.Оның терісі бағалы.

№8
8. 1. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазып, соңына нүкте қойып көшіріңдер.

Қаңтар.

Қаңтар айы болды күн суытты қалың қар жауды боран соқты

№9
9. 1. Сөйлемдерді оқыңдар. Неше сөйлем бар екенін анықтаңдар.
9. 2. Әр сөйлемнің бірініші сөзін бас әріппен жазып, соңына нүкте қойып көшіріңдер.
Қыс келді күн суытты қар жауды аяз болды су қатты.

№10
10. 1. Сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
1) Сөйлем неден құралады?
2) Сөйлемдегі сөздер өзара қалай жазылады?
3) Сөйлемнің бірінші сөзі неден басталып жазылады?
4) Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?

Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен олардың әріптері.

№1
1.1. Мәтінді оқыңдар.
Аңшы тоғайға барды. Қар қалың екен. Шаңғы байлады. Онда аңдар бар.
1.2. Сөйлемді көшіріп жазыңдар. Ондағы даусты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.

№2
2.1. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.

Кемпірқосақ
Жаңбыр жауып басылды,
Күннің көзі көрінді.
Аспан шайдай ашылды,
Кемпірқосақ керілді.
2.2. Жаңбыр, аспан, ашылды деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз.

№3
3.1. Сөйлемді көшіріп жазыңдар.
Қайрат –оқушы. Ол таза киінеді. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Сабақты беске оқиды. Ол шаңғы тебуді ұнатады.
3.2. Дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.
№4
4.1. Мәтінді түсініп оқы.
Тұсау
Тұсау - алысқа ұзап кетпеуі үшін жылқының аяғына салынатын, қайыстан, жіптен жасалған жабдық.
4.2. Дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.

№5
5.1. Жұмбақтарды түсініп оқып, шешуін тап.

Аспанда оның тұрағы, Бұдыр-бұдыр балшықты,
Көп болып түнде шығады. Жинады да талшықты.
Таң болды,зып беріп, Ұқсатып қамытқа,
Жасырынып бұғады. Үй салды жабыққа.
(жұлдыз) (қарлығаш)
Жайнаған бақтың әншісі, Су бетін сызып,
Тамсанған оған сан кісі. Ақ құман жұр жүзіп.
(бұлбұл) (аққу)
5.2. Дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.
№6
6.1. Сөйлемді қатесіз көшіріп жазыңдар.

Гүл
Оқушылар гүл екті. Мұрат жер қазды. Гауһар гүл отырғызды. Сара гүлге су құйды.
6.2.Дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.
№7
7.1. Өлеңді түсініп оқып, көшіріп жазыңдар
«Күмбір-күмбір» әні бар,
Желкілдеген жалы бар.
Желдей жүйрік құлыншақ.
Желмен шапқан жануар.
2.Дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.

№8
8.1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып сөздерді көшіріп жазыңдар.
Кірп..., т...лкі, кілег..й, к...бі, сур..т, к..рпе, сүзб.., ірімш..к, к..кек, ...лди, т...тті, д..рі, іст..к, б..рік.
8.2. Қойған әріптеріңнің астын сызыңдар, олар қандай әріптер?

№9
9.1. Жаңылтпаштарды қатесіз дұрыс оқып, көшіріп жазыңдар.
Суда сең келеді, Дән -дәулет, Сән-сәулет,
Сегіз серке тең келеді. Дәулет-дән. Сәулет-сән.
9.2. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

№10
10.1. Сөздерді, оқып көшіріп жазыңдар.

Хат,кітап, қаһарман, шалғы, кеме, ащы.
10.2. Сөздердегі ғ, к, қ, х, ш, щ әріптерінің астын сызыңдар. Оларға а әрпін қосып оқыңдар.
10.3. Сөздерді оқып, көшіріп жазыңдар.

Балық, велосипед, терезе, жұлдыз, газет, цирк, чемодан.
10.4. Сөздердегі б, в, п, т, ц, ч әріптерінің астын сызыңдар. Оларға е әрпін қосып оқыңдар.
10.5. Футбол, мысық, теңіз, шегіртке, тышқан.
10.6 Сөздердегі л, м, н, ң, р, с, ф әріптерінің астын сызыңдар. Оларға э әрпін қосып оқыңдар.
№ 11
11.1. Сөздерді дұрыс қатесіз көшіріп жазыңдар.

Саяхат, қоян, қияр, пияз, дария, тақия, ою, аю.

11.2. Қатар келген дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

№ 12
12.1. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

Долана, шетен, итбүлдірген, таңқурай, қой бүлдірген, көк бүлдірген, құлпынай, қаракөз, қара бүлдірген, шәнкіш, мойыл.

№13
13. 1.Сөзді буынға бөліп оқыңдар.
Жуа, сауыншы, оқу, жазу, бару, келу, сурет, серуен, қуыршақ, жуу.

№14
14. 1. Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

Сусын, жусан, қурай, тулақ, аққу, думан, туыс.
14.2. Бұл сөздердегі у дыбысының дауысты дыбыс таңбасы екенін аңғарыңдар.

Дауыл, ауа, дауыс, аула, бауырсақ, сауысқан, жауын.
14.3. Бұл сөздердегі у әрпінің дауыссыз дыбыс таңбасы екенін аңғарыңдар.

№ 15
15. 1.Өлеңдерді түсініп оқып, көшіріп жазыңдар.

Дән Аға ақылы
Жарып шыққан қаузын, Кім үлкенді тыңдаса,
Дән-өмірлік азығың. Кім үлкенді сыйласа,
Жегеніңде ақ нанды, Үлкен болған кезінде,
Нәрге толар ауызың. Сыйлы болмақ өзі де.
15.2. Буынға бөлінбейтін сөздердің астын сызыңдар.

№16
16.1.Жаңылтпаштарды қатесіз дұрыс оқыңдар.
Бұл қар Бір ақ шымшық, Ас аспай
Сұр қар, Екі ақ шымшық, Бас аспазшы.
Сұр қар- Үш ақ шымшық, Ас асты
Кір қар, Төрт ақ шымшық. Жас аспазшы.
Үстіне аунама,
Үстіңді былғар.
15.3. Буынға бөлінбейтін сөздерді көшіріп жазыңдар.

№ 17
17.1. А-ә, ы-і, ұ-ү, о-ө әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді жазыңдар.
Ы –і ...стық, а-ә ...сқар, ұ-ү ...шқыр, о-ө...рын, ы-і ...стік, а-ә ...скер, ұ-ү ...шкір, о-ө ...рім, ки...і-ы к, қ...а-ә р, с...ү-ұ т, к...ө-о рме, қи ы-і қ, с...ә-а лем, қ...ұ-ү т, қ...о-ө рық.

№18
18.1.Буынға бөлінген сөздерді оқыңдар.
ерт-те құ-мырс-қа
... - .. .. - ... - ..
18.2. Берілген сөздерді буынға бөліп, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.
Жұмыртқа, шегіртке, ұртта, айтпа, кесіртке, омытқа.

18.3. Сөз буындары неше дыбыстан құралған?
18.4. Қатар келген үш дауыссыз дыбыстың буынға қалай бөлінгенін байқаңдар.
Тасымал.

№ 1
1.1. Сөздерді тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жазыңдар.
Қарағай, жұмысшы, ұшқыштар, автобус, дөңгелек, кезекші, шағала, қарындаш, терезе, өрнек.

№ 2
2.1. Сөздерді тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жазыңдар.
Жиналыс, жұлдыздар, музыка, жіңішке.

2.3. Үш буынды сөздердің екі түрлі тасымалданатынын байқаңдар.

№ 3
3.1. Сөздерді тасымалдап жазыңдар.

3.2. Төрт буынды сөздердің үш түрлі тасымалданатынын байқаңдар.
Балықшылар, бейбітшілік, балапандар.

№ 4
4.1. Оқыңдар. Сөздерді тасымалдап жазыңдар.

Құрылысшылар, барабаншылар, кітаптарымыз, дәптеріміз.
4.2.Бес буынды сөздердің төрт түрлі тасымалданатынын байқаңдар.

№ 5
5.1. Сөздердің бөлігін ң, й, у әріптерінінен бастып тасымалдаңдар.
Жаңалық, теңізші, қоңырау, жаңылтпаш, жайылым, түйме, дайындау, зейінді, қайық, құйын, сүйек, мейірімді, сауысқан, дауыс, жауап, тауық, бауыр, сауатты, дәуіт.

Кім?кімдер?Не?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

№ 1
1.1. Сөздерді оқып шығып, әрқайсысына ауызша сұрақ қойыңдар.

Ұшқыш, ұшақ, шебер, нан, өзен, шопан, шыбық, тігінші, диқан, сүт.

№ 2
2.1. Көп нүктенің орнына не? сұрағына жауап беретін сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
... туды. ... жылына бастады. ... еріді. Жылғалардан .... ... ақты.
Керек сөздер: көктем, күн, қар, су.
№ 3
3.1. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құратырып жазыңдар.

Көктем, туды, көрікті. Ери, қар, бастады. Жел, жылы, соқты.
3. 2. Не? сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар.
№ 4
4.1. Түсініп оқыңдар.
Әкем менің – құрлысшы.
Апам менің – сауыншы.
4.3. Мамандықты білдіретін сөздерді тауып,оларға сұрақ қойыңдар.

№ 5
5.1. Сөйлемді оқыңдар.
Айжан өлеңді жақсы айтады. Мұрат домбыра тартады. Серік пен Мақсұт шахмат үйірмесіне қатысады.

5.3. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.

№ 6
6.1 Жұмбақтарды түсініп оқып, шешуін табыңдар.
6.2 Жұмбақтың шешуін жазып, тиісті сұрақты қойыңдар.

Төл өсіріп момақан, Оның тіккен бұйымы,
Уыз ішкен қоймалжың, Аяғыңды қаптайды,
Білсең айтшы балақан, Шыға қалса жұлымы,
Еңбегі зейнет қай малшы? Әдемілеп тігеді.
(қойшы) (етікші)
Қараңғыны қақ жарып, Бал татыған мәзір,
Жүрген кім шам жағып? Ол бар жерде әзір.
(монтер) (аспаз)

№ 7
7.1. Сөздерді көшіріп, көп нүктенің орнына кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазыңдар.
оқушы... кітап... бала.... үй... әже.... ұшқыш... құс...
өзен... дәптер... гүл...

№ 8
8.1. Сөздерді оқыңдар.
Шопан, ата, әже, тракторшы, апа, қарындас, шахтер, тігінші, іні,жүргізуші, сіңлі, ұста.

8 .2. Көп нүктенің орнынына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

Туыстықты білдіретін сөздер: ...
Кәсіп иесін білдіретін сөздер: ...

Бас әріппен жазылатын сөздер.

№ 1
1.1 Сөздерді көшіріп жазыңдар.
Алматы-әсем қала. Балқаш-үлкен көл. Медеу әлемге әйгілі мұз айдыны.
2.1. Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
2.2. Бұлар қандай сөздер? Ненің атын білдіреді?

№ 2
2.1. Сөздерді оқыңдар.
Бауыржан, Өскемен, Үсен, Баянауыл, Аягөз, Ақбілек, Арал, Маңғыстау, Көкшетау, Қайсар, Ақтоғай, Зеренді, Қызылжар, Мәлике, Айдар, Айдын, Талдықорған, Алакөл, Хантәңірі,Түркіскен, Іле.
2.2. Алдымен кісі аттарын, сонан соң жер-су аттарын теріп жазыңдар.

№ 3
3.1. Мәтінді көшіріп жазыңдар.
Құлагер-жүйрік ат.Ол маған үйір. Мен оған қант беремін.
3.2 Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?

№ 4
4.1. Сөздерді оқыңдар.
Месторы, Ақтөс, Сырттан, Маңмаңгер, Алыпсоқ, Тайбурыл, Құтжол, Мойнақ, Керқұла, Ақбозат.
4.2. Ат пен иттің аттарын бөлек-бөлек топтап жазыңдар.
Не істеді? Неғылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
№ 1
1.1. Әңгімені оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Шешесі жұмысқа кетті. Сара тауықтарға жем шашты, гүлдерге су құйды.Сонан соң тамақ пісірді.Шешесі жұмыстан оралды. Ол қызының ісіне қуанды.
1.2. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді.

№ 2
2.1. Мәтінді көшіріп жазыңдар .
Қар еріді. Күн жылынды. Құстар ұшып келді. Жерді жасыл шөп жапты. Жеміс-жидек ағаштары гүлдеді.
2.2. Заттың атын білдіретін сөздің астын бір рет, қимылын білдіретін сөздің астын екі рет сызыңдар.
1.1. Мәтіндегі сөздерге сұрақ қойыңдар.

№ 3
3.1. Әр сөйлемдегі сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.
1. тақтай, кесті, Ержан. 2. Нұржан, сүргіледі, тақтайды. 3. шеге қақты Мақсұт.
3.2. Заттың атын білдіретін сөздер мен қимылын білдіретін сөздерді қосып оқыңдар.
№ 4
4.1 Сұрақтың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Ұста қашаумен (не істеді?). Сылақшы қалақпен (не істеді?). Кранмен жүкті (не істеді?).
Керекті сөздер: қашады, сылады, көтерді.
4.2. Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
№ 5
5.1. Сөйлемдерді көшіріп жазып,заттың қимылын білдіретін сөздердің астын екі рет, заттың атын білдіретін сөздердің астын бір сызықпен сызыңдар.
Бие - құлындайды, қой - маңырайды. Ешкі-лақтайды, түйе - боталайды. Сиыр-бұзаулайды, ит-күшіктейді. Тауық – жұмытқалайды, мысық-балалайды.
№ 6
6.1 Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Ұшақ ұшт... . Кеме жүзд... . Аю ақ...рды. Қорадағы малдар үр...кті.
6.1. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

№ 1
1.1. Берілген сөздерді оқып, көшіріп жызып, тиісті сұрақтарды қойыңдар.
Қыс суық. Көктем жылы. Жаз ыстық. Күз салқын.

№ 2
2.1. Оқыңдар.
Биік үй, қызыл орамал, өткір қайшы, ақылды бала, сыйлы адам, әдепті қыз, кең бөлме, ұзын ағаш, тәтті шырын.
2.2. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қандай үй? 2. Қандай орамал? 3. Қандай қайшы?
4. Қандай бала? 5. Қандай адам? 5. Қандай қыз?
7. Қандай бөлме? 8. Қандай ағаш? 9. Қандай шырын?

№ 3
3.1. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.
Мынау – қызыл қарындаш.
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау – көк қарындаш,
Мұнымен суды бояймын.
3.2. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын тиісті сызықпен сызыңдар.

№ 4
4.1. Заттың атын білдіретін сөздердің алдына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып, көшіріңдер.
... бала, ... ағаш,... бор, ... доп, ...кітап, ...сынып.
4.2. Бұлардың қандай сұраққа жауап беретінін айтыңдар.
№ 5
5.1. Сөздерді оқыңдар.
Ат, күрең, қызыл, ала, сиыр, бұзау, ақ, қозы, лақ, момақан, бота, бөрте, құлын, жирен.
5.2. Берілген үлгіге қарап, заттың атын білдіретін сөздердің алдына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жазыңдар.
Үлгі: Қызыл сиыр.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Қандай? Қай? сұрақтары қандай сөздерге қойылады.

Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

№ 1
1.1. Сөйлемдерді оқып шығып, көшіріп жазыңдар.
Біз бірінші сыныпта оқимыз. Мен екінші партада отырамын. Гүлнұр үшінші партада отырады.
1.2. Нешінші? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, астын сызыңдар.
№ 2
2.1. Берілген сандарды сөзбен жазыңдар.
11, 12, 13, 14, 15.
2.2. Екі таңбалы сан атауларының бөлек жазылатынын естеріңе сақтаңдар.
№ 3
3.1. Сұрақтарға жауап жазыңдар.
1) Атың кім?
2) Неше жастасың?
3) Қай сыныпта оқисың?
3.2. Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

№ 4
4.1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, толықтырып жазыңдар.
Неше? Нешінші?
екі үй екінші үй
... ...
Керекті сөздер: үш қабат, бес бөлме, үшінші қабат, бір орын, бесінші бөлме, бірінші орын.

№ 5
5.1. Сөздерді сұрақ қойып оқыңдар.
Екі бала, үш оқушы, бес кітап, жеті қарындаш, бір өшіргіш, төрт сызғыш, алты қалам, он дәптер.
Үлгі: Неше бала? – Екі бала.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады.
2. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?
3. Қандай? Қай? сұрағына жауап беретін сөздерді атаңдар.
4. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді атаңдар.

Сөйлем.

№ 1
1.1. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.

Көктем келді.
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Жылғалардан су ақты. Өзендер тасыды. Мал төлдеді. Жылы жақтан құстар ұшып келді.

1.2. Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын аңғарыңдар.

№ 2
2.1. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар.
1. Ойнады балалар жасынбақ. 2. Қайсар қалды арыққа жата. 3. Тығылды қалқасына Нұргүл теректің. 4. Отыр арасында Жапар қалың қурайдың. 5. Гүлнұр бастады іздей оларды.
2.2. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазыңдар. Соңына нүкте қойыңдар.
№ 3
Көктем, жер, бәйшешек, құстар туралы сөйлем құрап жазыңдар.
Үлгі: Көктем келді.
№ 4
4.1. Сұрақтарға жауап жазыңдар.
Қойды кім бағады? - ...
Сиырды кім бағады? - ...
Жылқыны кім бағады? - ...
Машинаны кім жүргізеді? - ...
4.2. Сұрау болатын сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылған?
4.3. Жауап болатын сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылған?
№ 5
1.5.Жаңылтпашты оқып, сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылғанын аңғарыңдар.
Жаңылтпаш.
Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұшта!
Үшкірлеп ұштап, сақтап ұста.
№ 6
6.1. Сөйлемдерді оқып, әр сөйлемнің соңынан тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріңдер.
Дала қандай тамаша Гүлдер неткен әсем Сен жазғы даланы тамашалап көрдің бе
№ 7
7.1. Оқып түсініп алыңдар,тыныс белгілеріне көңіл бөліңдер.
-Сәуле сен не жейсің?
- Мен нанмен қаймақ жеймін.
- Сәуле,сен анаңа не дейсің?
- Мен «рахмет» деймін.
- Анаң не дейді?
- «Ас болсын!» дейді.
№ 8
8.1. Қарамен жазылған сөздерді көтеріңкі дауыстен оқыңдар.
Жасасын бейбітшілік! Отанымыздың даңқы арта берсін! Көктем қандай тамаша! Алақай апам келе жатыр!
8.2.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылған?
Мәтіндермен жұмыс.
№ 1
1.1. Мәтінді оқып, түсініңдер.Онда не туралы айтылған?

Жалбыз.
Жалбыз-пайдалы өсімдік. Оның иісі сондай жақсы. Жалбыз сулы жерлерде өседі. Жалбыздан дәрі жасалады.Өзіміз жейтін кейбір кәмтитте, беті-қол жуатын сабында, тіс жуатын пастада жалбыздың иісі бар.

№ 2
2.1. Мәтінді оқып, көшіріп жазыңдар. Мәтін тақырыбының қалай жазылғанын байқаңдар.

КӨКЕК.
Көкек – шағын құс. Ол ұя салмайды. Жұмыртқасын кез келген құстың ұясына тастап кетеді. Балапанын басқа құстар басып шығарады.
№ 3
3.1. Мәтінді оқыңдар. Онда не туралы айтылған?
Біздің аула өте көрікті. Оның айналасында жеміс ағаштары, әсем гүрдер өседі. Аулада бұрқақ, жасыл алаң бар. Алаңда түрлі спортпен шұғылданамыз. Жазда футбол, қыста хоккей ойнаймыз. Біз ауламызды күтіп ұстаймыз. Аула таза.
3.3. Өздерің мәтінге ат қойыңдар.
№ 4
4.1. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Жылқының төлі
Жылқының жаңа туған төлін құлын, еркелетіп құлыншақ деп атайды.
Мерзімінен ерте туылған төлді марқа, кеш туылғанын кенже құлын деп атайды.
Алты айдан бір жасқа дейінгі жабағы, бір жастан асқанын тай, екі жастан асқанын құнан, үш жастан асқанын дөнен деп атаймыз.
4.2. Жылқы төлінің атауларын жаттап алыңдар.
№ 5
5.1. Мәтінде неше сөйлем бар?
Жиде.
Жиде – жемістің бір түрі. Жиде ағаштар бақта өсіріледі. Біз мектеп ауласына жиде ағашын отырғыздық. Оны суарып, күтеміз. Жиде піскенде, оның жемісін жейміз.
5.2. Мәтіннен жиде туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
№ 6
6.1. Мәтінді оқып, әңгімелеп айтыңдар.
Сілеусін.
Сілеусін – азулы, тырнақты, мықты аң. Теңбіл шұбар түсті, аяқтары балғадай, құлақтарының ұшы шашақты, көзі өткір. Орманның дәу мысығы осы сілеусін. Ол бұғы, маралды аулайды. Сілеусін – өте сақ, қауіпті аң.
6.2. Мәтінге басқа қандай ат қоюға болады?

Диктанттар жинағы
Тілашар.
1. Мен бірінші сыныпқа барамын. Ата-анам оқу құралдарын сыйлады.Мен жақсы оқушы боламын. (13 сөз)
Қарауыл ит
2. Бұзау үюлі тұрған шөпті жей бастады.Саққұлақ оған абалап үрді. Иттің даусын естіген бұзау шөпті жемей,кетіп қалды. (18 сөз)

Күз.
3. Күз мезгілі. Күн суытты. Құстар жылы жаққа ұша бастады.Үсен мен Ұлан құстардың қайтуын бақылап тұр. (17 сөз)

Күз.
4. Күз келді. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа ұшуға даярланды. Малға жылы қоралар әзірленді.Үйлерді жылытуға арналған құбырлар да жөнделді. (20 сөз)

5. Қыс жақындады. Күн суытты. Тұман түсті. Шөптер мен ағаштарға қырау тұрды. Балалар жылы киімдерін киді. (15 сөз)
Грамматикалық тапсырма: Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

Қысқы еңбек.
6. Біз ауламызды тазалаймыз. Қарды күрейміз, үйеміз. Үлкен дөңбек жасап, су құйдық.Сырғанақ дайын болады. Ағаштардың бұтағына құстарға арнап, жемсауыт іліп қойдық. Біз оған нан қиқымын саламыз. (26 сөз)
Грамматикалық тапсырма: Не істеді? Не қылды? Қайтты? сұрақтарына жауап беретін сөзді тап.
Табиғат оянды.
7. Көктемде табиғат оянады. Тірі табиғатқа өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер, құстар жатады. Құстар көктемде ұшып келеді. Жан-жануарлар қысқы ұйқыдан оянады,інідерінен шығады. Жәндіктер күншуаққа жылынады. (24 сөз)
Грамматикалық тапсырма: Жіңішке дауысты сөздердің астын сыз.
Наурыз.
8. Наурыз-жыл басы,Ұлыстың ұлы күні! Бұл күні Наурыз көже пісіріледі. Адамдар бір-біріне табыс,бақытты өмір тілейді. (18 сөз)

Наурыз тойы.
9. Наурыз-жыл басы,көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді.Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастарқан жайылады. Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды. Әртүрлі ойындар ойнайды.(24 сөз)
Грамматикалық тапсырма: Не? сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап.

Қарлығаш
10. Арада екі күн өткен соң қарлығаш оралып қораға ұя салды. Өзіне серік тауып, жаздай мекендеп жүрді. Асан ылғи бақылап жүрді. Күз келіп құстар қайта бастады. Қарлығаш та көрінбей кетті. (27 сөз)
Грамматикалық тапсырма: Асан ылғи бақылап жүрді.
Сөйлемдегі сөздің байланысын көрсет.

Қуаныш. (Бақылау диктанты)
11. Талғат бірінші сыныпты үздік бағамен бітірді.Соңғы қоңырауда оған мақтау қағазын берді.Талғаттың қуанышында шек жоқ.Ол қағазын ең алдымен анасына көрсетті.Талғатқа анасы қуанып батасын берді. (27 сөз)
Грамматикалық тапсырма: Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Категория: Начальная школа | Добавил: AZA (08.01.2014) | Автор: Байжанова Бибинур Балтабаевна E
Просмотров: 7869 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz