Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 20:37

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

Қос сөздер.
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №2 орта мектеп.
Мурсагадетова Жанат Туркменовна.

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер.
Сабақтың мақсаты: 1). Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздер екі түрлі сөздердің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру; сөйлем ішіндегі қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
2) Танымдық қабілеттерін , ойлауын, есте сақтауын дамыту, ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін , шығармашылық қабілеттерін арттыру , сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуге үйрету;
3) Өз ойын еркін айтуға баулу , пәнге қызығушылығын арттыра отырып, сауаттылыққа, әдептілікке, жылдам ойлауға, бір-біріне көмекке әрқашанда дайын болуға тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ
Түрі: саяхат сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап , машықтық жұмыс , көрнекілік.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ғарыш әлемі видеоролик, күй таспасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық қызығушылығын ояту.
-Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Бүгінгі қазақ тілі сабағында ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз.
- Балалар, сендер ғарыш әлемінде болғыларың келе ма?
- Олай болса, ғарышқа апаратын жол- Байқоңыр.
«Байқоңыр» № 1-5 слайдын көрсетемін.
- Міне, біз, Байқоңыр даласына келдік. Ғарышкерлер осы алаңнан ғарышқа ұшып, аспан әлемін зерттейді.
- Ең алғаш ғарышқа кім ұшты?
- Қазақ ғарышкерлерін атаңдаршы?
№ 6-8слайд көрсетемін.
- Балалар, ғарыш әлеміне олар зымыранмен ұшады. Олай болса, біздің де зымырандарымыз дайын тұр.
- Қанекей, зымыранға орналасып, көзімізді жұмып, ұшуға дайындалайық.
- Дайындал, ұштық!
(арнайы жазылған дауыс дыбысы № 10 слайд).

Ғарыш әлемін көрсету. № 11 слайд.
- Міне, ғарыш әлеміне де келіп қалдық. Біз нені көріп тұрмыз
- Дұрыс айтасыңдар, осыларды біз бір сөзбен ғарыш дейміз.
- Балалар аспанда қанша жұлдыз бар?
- Жұлдыздар әлемі сан алуан , олар кішкентай жарқыраған нүкте секілді . Енді бәріміз күнге қарайықшы, күн бізге не береді?
- Жарайсыңдар, олай болса, күнмен амандасып алайық.
№ 12 слайд.
Сәндетіп даламыз,
Сәулетті қаламыз.
Сәулеңмен құлпырды.
Сәлем, Күн анамыз!
-Күн жүйесінде көптеген планета бар. Олар: Марс, Юпитер, Сатурн, Венера, Уран, Нептун, Плутон.
№ 13 слайд
- Олай болса, осы планеталардың бізге жасырған тапсырмалары бар екен, орындаймыз ба?
- Ал, мына күннен алыс орналасқан планета Плутон деп аталады. Плутон салқын, себебі ол планетаға күн сәулесі жетіспейді.
№ 14 слайд.
Плутон планетасының тапсырмасы.
Үй тапсырмасын тексеру.
47- жаттығуды тексеру.
Қарамен жазылған сөздердің біріккен сөз екенін дәлелдеу.
Оң +түстік, Қызыл+құм, Түлкі+бас, Сыр+дария, Қара+тау ,
Қазы+ғұрт.
«Кім тапқыр?» ойыны. Сурет бойынша біріккен сөз жасау. Айнабұлақ, Түйеқұс. Тауешкі, Айгүл. Алмагүл, Түлкібас.
Жарасыңдар, енді келесі планетаға жылжимыз. № 15 слайд.
- Бұл Нептун планетасы, ол ең үлкен планета болып есептеледі.
Жаңа сабақ.

1 4 6 6 5 3 7 2 8

1-қ
2-е
3-з
4-о
5-ө
6-с
7-д
8-р

«Сиқырлы сандар» ойыны арқылы тақырыпты ашу. Дәптерін ашып тақырыпты жазу.
Суретке қарап, қос сөздер құрастыру.
Мысал арқылы ереже шығару.
Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер дейміз.Қос сөздердің астына дефис (-) қойылады.
Сызбаны талдау.
Қос сөздер.

Бір сөздің сөздің алдына
қайталануы күшейкіш буын
арқылы екі түрлі сөздің қосу арқылы
мая-мая қосарлануы қып-қызыл
биік-биік киім-кешек, тап - тар
айта-айта ар-ұят түп - түзу
сарт-сұрт

Жарайсыңдар, енді келесі планетаға жылжимыз. № 16 слайд.
-Сатурн планетасына қош келдіңіздер! Бұл сақиналы тәрізді планета.
49- жаттығу. «Сыңарын тап» ойыны.
Қора қора қой жатыр.
Қарын қарын май жатыр.
Түйе түйе жүн жатыр.
Ауыл ауыл ел жатыр.
Жарайсыңдар, енді келесі планетаға жылжимыз. № 17 слайд.
- Венера планетасына қош келдіңіздер!
Көркем жазу жазайық.
- Ал, балалар , сендер шаршаған боларсыңдар. Бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Зымыранға ұқсап ап,
Самғайықшы бәріміз,
Оңға қарай бір ұшып,
Солға қарай бір ұшып,
Көбелекше айналып,
Бір, екі, үш!
Зымыранша ұш!
- Жарайсыңдар, енді келесі планетаға жылжимыз. № 18 слайд
- Ең үлкен планета Юпитер деп аталады.
Жеке жұмыс. 50-жаттығу.
Мақалды оқып, жатқа жазу. Қос сөздердің астын сызу.
Тақтамен жұмыс. 51- жаттығу. Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жазу. Сөйлем құрау.
Жарайсыңдар, енді келесі планетаға жылжимыз. № 19 слайд
Уран планетасына қош келдіңіздер!
52- жаттығуды орындау. Қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып сөйлемдерді көшіріп жазу.
Жарайсыңдар, енді келесі планетаға жылжимыз. № 20 слайд.
Марс планетасына қош келдіңіздер!
1. «Кім тапқыр?» ойынын ұйымдастыру.
Гүлдер қандай? Киім қандай? Жазу қандай? Аспан қандай?
Су қандай? Торт қандай? Тұз қандай? Жаз қандай? Бөлме қандай?
2. Терме диктант орындау.

- Жарайсыңдар сендер планетаның барлық тапсырмаларын орындадыңдар.
- Олай болса, қанекей , бәріміз зымыранға орналасып, сыныпқа қайтайық.
- Дайындал ! Ұштық!
Қорытынды.
Қандай планеталармен таныстық? Сонымен қос сөз дегеніміз не?
Мысал келтір?
Сәйкестендіру стратегиясы «менің бағытым»
Жып шашын
Жора төмен
Жауын мұны
Жоғары ұят
Ар жылы
Оны жолдас
Үйге тапсырма.
53-жаттығу, ереже жаттау.
Категория: Начальная школа | Добавил: Эльвирок (21.01.2014) | Автор: Мурсагадетова Жанат Туркменовна
Просмотров: 810 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz