Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:46

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

Қазақша жыл санау
Сапарбаева Құралай Жұмабекқызы
№5 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақша жыл санау
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қазақша жыл санау ретінен білім беру. Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған тапсырмаларды шығару.
2. Оқушылардың ынта-жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдылығын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу
3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қалыптан тыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ, жауап
Сабақтың пән аралық байланысы: Қазақ тілі, әдебиеті, математика, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сурет
Сабақтың барысы: 1.Сәлемдесу.
II. Психологиялық дайындық
Аспан шайдай ашылып,
Күннің нұры шашылып.
Қарашаның 25-і сәтті күн,
Қонақтар келді бізге бүгін.
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық. (Сәлеметсіздер ме!)
Балалар бүгін біз қалыптан тыс сабақ өткіземіз. Сабығымыздың тақырыбы «Қазақша жыл санау». Сабақ ертегі желісінде өтпек.
-Ертегі бізге не үшін қажет?- деген сұраққа Ахмет Байтұрсынов атамыз былай деп жауап берген екен.
1.Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.
2.Балалар әдебиеті баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы сөйлеуге, қиялдауға үйретеді.
Иә, тілге шешен, ойға жүйрік дана халқымыз ұрпақтарының дүниетанымдық деңгейін көтеруге ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған.
Бүгінгі сабағымызда сол ертегілер тақырыбы бойынша алған білімімізді пысықтап, ойымызға жинақтайық.

Автор-Сымбат:
Жыл басы тек мен болам, -
Деп хайуандар таласты.
Өз – өздері мақтанып,
Уәждері жарасты.
Жылды қарап тұрайық.
Ойын сауық құрайық
Ең бұрын көрген батырды
Жыл басы деп санайық.
Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян,Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз жыл басына таласпақ, бірақ олар жыл басы болу үшін берілген тапсырмаға кім жақсы жауап береді сол жыл басы болады.
Сиыр-Арман
*Мө* деп мөңіредім
Молшылық төңірегім.
Жыл басы боламын деп, -
Ертерек келіп едім.
Көкалда – тұрағым,
Дайын тұр құрағым
Сүтіммен,етіммен,
Адамға ұнадым.
Тапсырма:Тұлғаны танисың ба?

Барыс- Қуантай
Ырр,ырр,барыспын,барыспын,
Бәріңе таныспын,таныспын.
Айналама сыйлымын,сыйлымын,
Сезімсізбен алыстым,алыстым.
Күшіме сенемін,сенемін,
Бәрін де жеңемін,жеңемін.
Жыл басы болуға
Ширеніп келемін.
Тапсырма: Үй жануарлары мен дала жануарларын ажырат

Қоян-Әділет
Мен қоянмын,
Жыл басы мен болам
Тапсырма: Анаграмма: мектеп, оқушы

Ұлу- Көркем
Ұлу деген мықтымын,
Жарқын,жарқын шықты үнім.
Ойым озар өзімнен,
Ақыл,ой бар сөзімде.
Үйім бірге өзіммен,
Сабыр етем төзіммен.
Күш пен көрік құлпырар,
Салиқалы сөзімнен.
Тапсырма: логикалық тапсырма:


Жылан- Ақмерей
Мен жыланмын.
Жыл басы мен боламын.
Тапсырма: Бөлмеде 50 майшам жанып тұрды. 50 майшамның 20-сы сөніп қалды. Бөлмеде қанша майшам қалады?

Жылқы-Бекзат Құлмырза
Алысқа шауып барамын,
Адамның бабын табамын.
Пайдасы мол жылқымын,
Жыл басы мен боламын !
Әсем десең,әсеммін,
Сылаң қағып өсемін.
Кең далада көсіліп,
Самал желдей есемін.
Тапсырма: Теңдеулерді шешу:
1)2*х-267=133 Теңдеуді шешу үшін күрделі теңдеуді жай теңдеуге айналдырамыз
2*х=267+133
2*х=400
х=400:2 х-ті табу үшін көбейтіндінің мәнін көбейткішке бөлеміз
х=200
2*134-267=133
2) 300-78: х=287
78:х=300-287
78:х=13
х=78:13
х=6
300-78:6=287

Қой-Бибіханым
Бә,бә,бә,мен Қоймын,
Көк шөпке тойдым.
Жыл басы болуға
Кетіп тұр ойым.
Қараңдаршы,қандаймын,
Аппақ болған таңдаймын.
Жыл басына лайық,
Жарқырап тұр маңдайым.

Тапсырма: Берілген сурет бойынша құрмалас сөйлем құра
Жай сөйлем дегеніміз- бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем жай сөйлем деп аталады.
Құрмалас сөйлем- екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.

Мешін- Ислам:
Мен мешінмін,
Жыл басы мен болам.
Тапсырма: Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
Еске түсіру: Ұзындықтың өлшем бірліктерін
1 км= 1000 м
1 м=10 дм=10 см
1 дм =10 см

900 см= 9 м
400 см= 4 м
2 м 5дм 7см= 257 см
8 м 9 дм 5см= 895 см
2м 8 см= 28 см
3 м 7 дм = 37 дм

Тауық-Гауһар
Қо,қо,қо,қо,қоқ,
Жыл әлі неге жоқ ?
Жұмыртқамды жегесін,
Барлық бала тоқ.
Құрт – құмырсқа жемтігім,
Жоқ ешбір кемтігім,
Бәрің де бос мақтанып,
Шаршамаңдар ентігіп.
Тапсырма:Цифрларды сөзбен жаз 18 орындық , 7 оқушы, 2 кітап,
36 дәптер, 50 алма, 10 терезе

Ит-Төлеев Бекзат
Абалап үремін,
Үй қорып жүремін.
Адамның көмекші
Досының бірімін.
Ит болғасын үремін,
Сергек өмір сүремін.
Жеті қазынаның бірімін,
Адамды қорып жүремін.
Тапсырма: Көрсетілген өлшем бірліктерін салыстыр:
Еске түсіру: Массаның өлшем бірліктері:
1ц= 100 кг
1т=10 ц=1000 кг=1000000 г
1 кг=100 г

9 ц 92 кг
200 кг 2 ц
6 ц 1 кг 610 кг
205 кг 2 ц 50 кг

Доңыз-Жазира.
Мен доңызбын,
Жыл басы мен болам.
Тапсырма: Көрсетілген мультфильмнің атауы

Тышқан- Гүлнүр
Тышқан деген батырың
Таңды көзбен атырды
Төбесінен түйенің
Жылды көріп қатырды.
Барлығың да қараңдар,
Енді үйге тараңдар.
Жылды көрген тышқанды
Жыл басы деп санаңдар !
Тапсырма: Сурет бойынша болымды, болымсыз етістікке сөйлем құра.
Етістік- заттың қимылын, іс-әрекеті мен амалын білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.
Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Не қылды?
Етістік -дара етістік, күрделі етістік
Іс-әрекет, қимылдың жүзеге асуын көрсететін етістіктер болымды, болмауын көрсететін етістіктер болымсыз деп аталады.
Мысалы: Ол сабаққа дайындалды. Ол сабаққа дайындалмады.
Болымсыз етістіктер болымды етістік түбіріне –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағын жалғау арқылы және жоқ, емес сөздерінің тіркесуімен жасалады. Мысалы: бар – барма – барған емес – барған жоқ.

Жаппай жұмыс:
1.Үш аптада қанша күн бар? (21)
2.Жазғы каникул неше айға созылады? (3 ай)
3.2 сабақ қанша минутқа созылады? (45)
4. Қайсы айда ең аз күн? (ақпан)
5.Бір аптада неше күн бар? (7 күн)
6.1 жылда неше ай бар? (12 ай)
Мұғалім : Тышқан жылы-тыңғылықты жыл басы деп жылды тышқанан кейін
Сиыр жылы- сапалақтың жалғасы- деп сиырды,
Барыс жылы-береке,ырыс тасқыны,-деп барысты.
Ұлу жылы-ұйымшылық үлгісі-деп ұлуды,
Жылан жылы- жаңашылық белгісі.-деп жыланды,
Жылқы жылы-жақсылықтың жеңісі,- деп жылқыны,
Қой жылы- құт қайырымды еңбек жемісі.- деп қойды,
Мешін жылы-молшылықтың мәресі,- деп мешінді,
Тауық жылы-тоқшылықтың төресі,- деп тауықты,
Ит жылы-игі,игерілге жұмыстар,- деп итті,
Доңыз жылы –дәулет,сәулет құрылыстар- деп доңызды қойдым.

Автор: Жамиғаттың сан ғылымын
Табиғаттың заңдылығын
Зерттеп адам ақыл – ойлы
Зерлеп жылдың атын қойды.
Адамзаттың хас ниетін,
Аңдардың мол қасиетін,
Аңғарып ол соған орай
Ат қойыпты жылға былай :
Тышқан, сиыр,барыс,қоян,
Ұлу,жылан,жылқы,қойың,
Мешін,тауық,ит,доңыз деп,
Жылдардың дәл атын қойды.
Категория: Начальная школа | Добавил: кура (16.06.2014) | Автор: Сапарбаева Құралай Жұмабекқызы E
Просмотров: 665 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 translator9381   (20.06.2014 12:54)
Баланы бастан, бастауыш сыныпта мықты білім беріліп, іргетас қалану керек. Сабақ өте ұнады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz