Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 07.12.2016, 23:19

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 9
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары

Сабактың тақырыбы; Қ.Шағыр. Ұлы дала
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:ақын өлеңіндегі тақырып пен идеяны ашуға мүмкіндік жасау;қазақ тілі пәнімен байланыстыру.
Дамытушылық;оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру,пікірлерін қолдау ниетін байқату,тақырыпты өмірімен байланыстыруға жағдай туғызу.
Тәрбиелік;жақсы сөздерге мән бере отырып,баланы ұлттық дәстүрде тәрбиелеуге,әсемдікті түсінуге жетелеу.
Сабақтың көрнекілігі;ақын портреті,Күміс қонырау және тағы басқа шығармалары.
Сабақтың барысы;
Тақтада қажетті деген құралдар ілулі,тарау тақырыбы жазыулы.
Жақсы-Ай мен Күндей,әлемге бірдей.
1.Қызығушылығын ояту.
Мүмкіндігіне қарай оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады.
-Балалар,бүгінгі сабақта халқымыздың Жақсы-Ай мен Күндей,әлемге бірдей деген аталы сөзіне көңіл бөлеміз.Жақсы адам,жақсылықтық туралы тамаша сөздер сендердің алдарыңда жазулы жатыр.
(Әр топқа мақалдар берілген.)
Жақсының жақсылығын айт.
Жақсы-ісімен жақсы.
Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.
Жақсыдан-шарапат,жаманнан кесапат(4топқа).
Әр топ алдарындағы мақалды оқып,түсінгендерін талқылап,бір оқушы сынып алдында қорғауға шығады.Әр топтың жұмысшы қорғалғанан кейін,тақтаға ілінеді.Мұғалім қазақ халқы жақсы адамды құрметтегендіктен,жақсыны үлгі тұтқандығын атап өтеді.
2.Мағынаны тану.
-Ал,балалар,ақын ағаларың Қадыр Мырза Әлидің Не үшін? деген өлеңінің жақсы мен жақсылыққа қандай қатысы бар екендігін оқып,танысып көрейік.Оқушыларға өлеңді іштей оқу тапсырылады.
Оқып болған соң,әр топқа тапсырма беріледі.
1-топ. 1-шумақ бойынша жақсы адам сипатын жазу.
2-топ. 2- шумақ бойынша жақсы адам сипатын жазу.
3-топ. 3-шумақ бойынша жақсы адам бейнесін жазу.
4-топ. Өлеңдегі <<Не үшін керек?>> деген сұраққа жауал болатын тіркестерді көшіру.
3.Ойтолғау.
Бұл кезеңді былай ұйымдастыруға болады:
- Сонымен, балалар, жақсы адамның бейнесін сомдап шығармасыз. Оның бойынан қандай қасиеттерді көргілерің келеді?( балалардың сөздері тізбеленіп, сурет бойына жазыла береді).
Мұғалім тақтаға плакат іледі. Онда адам бейнесі салынуы мүмкін (суретке қараңыз).Қызыл түсті маркермен балалардың сөздері жазыла бастайды:

- Осы жақсы қасиеттер сендердің араларыңдағы балаларда бар ма? Немесе жұмыс түрін былай да беруге болады:
- Өзің жақсылық деп ойлаған бір оқиғаны байқап қалған кезің болды ма? Сол жақсы қылықты 3-4-сөйлеммен жазып жеткізуге тырысып көрелік.
Оқушылардың жұмыстарын мұғалім аралап оқып көреді де, бірнешеуін оқытады. Әр жұмыстың жетістігі аталып өтеді.
-Бүгінгі сабақтағы ойлар «Не үшін?» өлеңін оқығандықтан туып жатыр. Мен сендерге өте қуанып тұрғаным, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді, мінездерді көре алады екенсіңдер. Бұл – керемет қасиет! ендеш сендер өздерің үшін қандай қорытынды ой шығарар екенсіңдер? Ол үшін мына сөздер көмектесер деп ойлаймын:
Не істеу керек?
Оқушылар осы сөздерге мағыналас тіркес сөздер іздеп табады.
Жақсыдан ...
Жақсымен ...
Жақсының ...
Жақсыны ...
Жақсыда ...
Бұл келешек өлең жазуға да сұранып тұрған тіркестер екенін байқатуға да болады.
Мұғалім сабақта бағалау жұмысын өзінің қалауымен жүргізеді.
Үй тапсырмасы:
- Балалар, сендерге өлең неліктен ұнады? Иә, өлең егер оқуға жеңіл болса, жаттап келіңдер мүмкін, біреулерің жаттап та алған боларсыңдар?
Балалар,сендерге өлең неліктен ұнады? иә, егер өлең оқуға жеңіл болса, жаттап келіңдер.Мүмкін,біреулерің жаттап та алған боларсыңар?
Мұғалім үшін әрбір сабақ-шығармашылық жұмыс. Сондықтан әдістемедегі көрсетілген сабақтың үлгі-жоспары ғана. Басты мәселе:
-Мұғалім сабақ мақсатын дұрыс қоя білді ме?
-Мақсатты түрде баланы ойлау деңгейінің қандай сатысына дейін жетелеп шығара алды?
-Сабақ кезінде не таңғалдырғанын, не мазалағанын сезінді ме?
-Кешегі сабаққа қарағанда, бүгінгі сабақ қандай дәрежеде өткенін салмақтай алды ма?
Ал сабаққа қысқаша талдау жасап көрейік:
-Балалар өздері оқыды.
-Ақылдаса отырып, өздері мақалдың мағынасын ашуға әрекет етті.
-Өмірмен байланыстырып, жазу жұмысын орындады.
Ескерту. Сынып оқушыларының мүмкіндік дәрежесіне қарай тапсырмалардың деңгейін күрделендіріп немесе жеңілдетуге қалай қарар едіңіз?
Категория: Начальная школа | Добавил: Баймуратовна (13.01.2015) | Автор: Жакашбаева Эльвира Баймураовна E
Просмотров: 871 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz