Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 01:23

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

«Ю» дыбысы мен әрпі
Ақтөбе қаласы
№56 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Мусина Салтанат Акынжанкызы
Тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі
Мақсаты: «Ю» дыбысын меңгертіп, әрпін таныту.
Міндеттері:
1. Сөздер оқыту, сөйлемдер құрату.
2. Сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.
Сауатты көркем жазуға төселдіру.
3. Еңбексүйгіштікке, шабыттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, ю дыбысы бар суреттер, жұмбақ.

Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдістері: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық даярлық жасау.
Сабақтың ұранын еске түсіру.
Әнімізге ұласар
Әннің аты Әліппе.
Бәрімізге тілашар
Кітабымыз Әліппе.
Балалар, бүгінгі сабағымызға «Сиқырлы әріптер» бізге тапсырмалар дайындапты. Біз сол тапсырмалардың жауабын дұрыс тапқанда сабағымызды ары қарай жалғастыра аламыз. Тақтадағы жасырынған заттың атын табу үшін мына берілген қима әріптерден сөз құрап, ол сөзге дыбыстық талдау жасаймыз. Сонда тақтадағы жасырын заттың аты табылады.
Қима әріптерден құрастырған сөз (қоян)
2. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1«Сұр қоян» өлеңін жатқа айту.
- Балалар, байқайсыңдар ма, «Сиқырлы әріптердің» бізге берген тапсырмасы да қоянға байланысты екен, ендеше осы өлеңді қимылмен, хормен жатқа айтайық.

2.2 Ендігі тапсырма «Бес сөз» ойыны.
« Я» дыбысы бар сөздерді ойлап табу
1- қатар – Бес қыздың аты;
2- қатар – Бес ұлдың аты;
3- қатар – Жер - су аттары.

Сонымен, балалар, өткен сабақта біз қандай дыбысты оқып үйрендік?
Я дыбысы қандай дыбысқа жатады?
Қандай дыбыстардың қосылуы арқылы жасалады?
И + У әрпінің қосындысы.
- Балалар, бұл қандай дыбыс?
(Дауысты дыбыс, қосарлы дыбыс).
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, тақтаға қараңдаршы «Сиқырлы әріптер» бізге тағы да тапсырма дайындапты.
Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Ою.
- Астындағы тапсырманың сырын табалық, мұнда бір дыбыс белгілі,
ол – О, ал белгісіз дыбыс қандай дыбыс?
- Белгісіз дыбыс – Ю. Ендеше, балалар бүгінгі өтетін, танысатын дыбысымыз – Ю. (Оқушылармен Ю дыбысын хормен айтып, дыбыстық мінездеме жасаймыз).
Дауысты дыбысты айтқанда өкпедегі ауа ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай шығады, яғни Ю – дауысты дыбыс.
Ю дыбысы тағы қандай сөздерде кездесуі мүмкін?
Мынау ненің суреті ? (Аю)
Қанша дыбыс естіліп тұр? (Яғни бұл дыбыс қосарлы дыбыс)

3.1. Ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Ю – Й + У
3.2. Сергіту сәті.

3.3. Балалар, тағы да «Сиқырлы әріптердің» тапсырмасы. Қима буын арқылы сөз жазу.
1 – қатар 2 – қатар 3 – қатар
Со То Ба
3.4 «Мағынаны тану»

Оқулықпен жұмыс:
• Сөздерді оқыту
• Мәтінді оқыту
• Жазба сөйлемді оқыту.

4. Жаңа сабақты бекіту.
«Ой толғаныс»
4.1. Суретпен жұмыс. «Әжемнің оюы».
4.2. «Әжеме көмек» ойыны.
Әжеміздің оюы сияқты біз де дәптерімізге әдемілеп, Ю ю әрпін,және Ю әрпі бар сөз жазайық.

5. Сабақты қорытындылау.
Бұл «Сиқырлы әріптердің» соңғы тапсырмасы.
«Топтастыру»
5.1. Сызбамен жұмыс.
5.2. Жұмбақ шешу.
Ұстап әкеп шеңберді,
Байлап қойдым бағанға (Ю)
6. Мадақтау.
«Сиқырлы әріптер» ұлтымыздың ою - өрнектерін сыйға тартады.
7. Үйге тапсырма.
Ю дыбысы бар жұмбақ жаттап келу.
Категория: Начальная школа | Добавил: Айару6308 (23.02.2015) | Автор: Салтанат E
Просмотров: 578 | Комментарии: 1 | Теги: Акынжанкызы, Мусина | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Тимок   (24.03.2015 12:49)
Жақсы сабақ жоспары.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz