Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 04.12.2016, 17:15

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 20
Гостей: 20
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

"Шанырақ сыны" отбасылық байқауы
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Базаршолан ауылы
«Балдәурен» МдҰ І – санатты тәрбиеші

Тақырыбы: «Шаңырақ сыны!» сайысы.
Мақсаты: Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету. Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие,салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтауға,білуге,құрметтеуге баулу. Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу.

Жүргізуші -1: Қадірменді қонақтар, ата - аналар, бүлдіршіндер! Бүгінгі «Шаңырақ сыны!» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ата -әженің тәлім - тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас!
Жүргізуші -2: Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Наурыз тойын бастайық.
Наурыз тойға арналған,
Сайысты біз бастайық.
Жүргізуші -1: Мың бұралған әжелер мен аталар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Ата -әжелерін сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Жүргізуші -2:Ата-әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен ата - әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.

(немерелері мен ата-әжелерін шақыру)
Жүргізуші -1:
Құрметті ата-әжелер, армысыздар,
Бәріңізде есен-саумысыздар.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.
Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді ата-әжелер
Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге.

Жүргізуші – 2: Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже. Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі тойға жиналған көпшілік үшін тәбәрік деп ойлаймын. Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп тілек айтамын.
Жүргізуші-1:
Әжемнің саясында ер жеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаймын айналсам да жер бетінен.

«Балдәурен» МдҰ - да өткізілгелі отырған «Шаңырақ сыны!» атты сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші-2: Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. «Қоржын сұрақтары»
сұрақ-жауап сайысы.
3. «Өнерлінің қолы алтын»
(аталары қамшы тоқиды, әжелер жүн түтіп, иіреді, ал немересі «Балапан» топ бүлдіршіні қағаздан оюды қияды, ал ІІ кіші «Еркем-ай» топ бүлдіршіні желімдеп жапсырады).
4. «Білімдіден ақыл шығар, ақылдыдан нақыл шығар».
Бала тәрбиесі тақырыбына байланысты мақал-мәтелдердің бірінші жартысы слайд арқылы тақтада көрсетіліп тұрады, жалғасын тауып, мәнін түсіндіру қажет.
5. «Батамен ел көгерер» Аталар бата беріп жарысады.

Кім жеңеді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ - қазы алқасы атыңды ақта
Жүректерге арман мен бақыт жолда - деп әділ - қазы алқасымен таныстырамын.
1.
2.
3.
4.

Жүргізуші -1: Немерелері мен ата-әжелер де келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға. Енді сайыскерлермен танысудың уақыты да жеткен секілді. Сөз кезегі өздеріңізде.

1 – сайыс: «Таныстыру» (Ата-әжесі мен немересі өздерін таныстырады).

Жүргізуші -2:
2 – сайыс: «Қоржын сұрақтары»
Құрметті сайыскерлер! Бұл сайыста әр топқа 4 сұрақтан қойылады. (Дұрыс жауап- 5 ұпай, жартылай жауап 2 ұпай) :
Аталарға:
Тапсырмалар: « 3 » санына байланысты
 Үш дананы атаңыз /Абай, Шоқан, Ыбырай/
 Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық/
 Үш тұл /Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым/
 Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы/

« 4 » санына байланысты
 Төрт маусым /Қыс, көктем, жаз, күз/
 Төрт періште /Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил/
 Төрт мұрат /Дау мұраты- біту, сауда мұраты- ұту, жол мұраты- жету, қыз мұраты- кету/
 Төрт кітап /Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран/

«5 » санына байланысты
 Бес парыз/Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық/
 Бес қару /Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта/
 Бес намаз /Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан/
 Бес жаратылыс /Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн/

«7 » санына байланысты
 Жеті ата /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата/
 Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы/
 Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық/
 Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт/

Әжелерге:
1. «Тілашар» қай кезде жасалады?
2. Жеті ата қалай аталады?
3. Базарлық деген не?
4. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?

Балаларға: Ұйқасын тап:
1. Өзінше ноян, қорқақ кім?....
2. Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар....
3. Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп - теріп алайық.
Қалтамызға......
4. Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Ұйықтап қалды........

Жүргізуші - 1:
Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға
Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда
Қол өнер әдемі сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда

3 –сайыс: «Өнерлінің қолы алтын»
(аталары қамшы тоқиды, әжелер жүн түтіп, иіреді, ал немересі оюдан өрнек құрастырады).

Жүргізуші -2:
Енді ортаны ашайық
Інжу маржан шашайық
Ән мен биді шалқытып.
Ұлдардың биін тамашалайық!
Жиналған халық таңғалсын
Өнерден күмбез жасайық!- деп ұлдардың орындауында қазақ биі.

Би: «Балапан» тобы бүлдіршіндері
Ұлттық ойын көрермендермен.

Жүргізуші – 1:
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.

4-сайыс. «Білімдіден ақыл шығар, ақылдыдан нақыл шығар».
Бала тәрбиесі тақырыбына байланысты мақал-мәтелдердің бірінші жартысы слайд арқылы тақтада көрсетіліп тұрады, жалғасын тауып, мәнін түсіндіру қажет.
№1
1.. Айла алтау,
... Ақыл жетеу.
Айла мен ақыл қосылса,
... Алдырмайтын екеу.
2. Жеті атасын білмеген ....

№2
1. Ұлтарақтай болса да
... Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
... Туып өскен ел қымбат.
2. Жақсының жақсылығын айт,
... Мейірі тасысын,
Жаманның жамандығын айт,
... Құты қашсын.

№3
1. Жақсыны арман оздырар,
... Жаманды құлқын тоздырар.
2. Атаның ғана баласы болма, ... баласы бол.

№4
1. Түпкі айылдың батқанын
... Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін
... Ағайын білмес, жат білер.
2. Атаға қарап- ... бала өседі,
Анаға қарап- ... қыз өседі.

Жүргізуші -2:
5. «Батамен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер» демекші аталар бата түрлерін беріп жарысады.

Жүргізуші -1:
Ана жанын әже болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол биік құзар шың.
Немере үшін кеуде керіп мақтанып,
Немере үшін биіктен де құларсың– дей отырып бүгінгі сайысымыз да мәреге жетті. Бүгінгі сайысқа қатысқан барша ата-әжелеріміз өздерінің үлгі-өнегелерін мына отырған ұрпақтарға көрсетті деп есептеймін. Енді сайыс қортындысы шыққанша бүлдіршіндерге кезек берейік.

Би:«Еркем-ай» тобы бүлдіршіндері
Әжелер ансамблі

Көне көз әжелеріміздің бүлдіршіндерге арналған лебізін тыңдайық (1 әжеге тілек айтқызу).

Жүргізуші -2:
Бүгінгі бұл сайыста
Кімдер білгір, кім ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Қара қылды қақ жарып,
Әділін айтар қазылар,
Өздеріңізге сөз бердік
Әділ қазылар сайысты қорытындылап, марапаттайды.
Ата-әжелерді марапаттау.

Жүргізуші -1:
Ата-әже мерейі күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат беріп таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңыз, ақ ниетті ата-әжелер, – дей отырып бүгінгі сайысымызға қатысқан ақсақалды аталарымызға, аяулы асыл әжелерімізге көп рахмет айтамыз. Сіздердің үлгі-өнегелеріңізді өскелең ұрпақ жалғастырады деп айтуға болады. Сіздерге көп-көп рахмет!
Қартаймай балаларыңыздың ортасында жүре беріңіздер!Келесі кездескенше аман-саушылықта болайық!

СОҢЫ
Категория: Начальная школа | Добавил: Максутовна (29.03.2015) | Автор: Кушаева Асел Максутовна E
Просмотров: 611 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz