Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 17:40

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 2
Пользователей: 1
murzabekdami

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

«Кескіндемедегі табиғатты бейнелеу».
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«№ 3 орта мектебі» ММ
Бейнелеу пәнінің мұғалімі
Жандосова Ардақ Серікқызы
Сабақтың тақырыбы: «Кескіндемедегі табиғатты бейнелеу».

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Қазақстанның көркем табиғатымен танысу, табиғат көріністерін бейнелеуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың пейзаж жанры бойынша алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған табиғатты аялауға, қорғауға үйрету. Қоршаған ортаға деген экологиялық тәрбиені қалыптастыру.
Көрнекілігі: Плакаттар , суреттер, слайд.
Құралдар: акварель, гуашь, қылқалам, альбом, қалам.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сүрақ-жауап, топтық жұмыс.
Түрі: плэнер.
Типі: Меңгерген білімдерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: музыка,география.

Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу.
II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
III.Жаңа сабаққа көңіл аудару.
IV.Тапсырманы орындау.
V.Сабақты бекіту.
VI.Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын түгендеу , сабаққа даярлау.
II.Үй тапсырмасы: Өткен сабақты карточка арқылы қайталау.
III. Жаңа сабақпен танысу: Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Кескіндемедегі табиғатты бейнелеу».
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы-деп бүгін табиғат суретін саламыз.
Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар.
Затқа қарап сурет салу.
Елестету арқылы сурет салу.
Еске сақтап сурет салу.
Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек.
Бүгін, біздер осылардың ішінен елестету арқылы сурет салуға тоқталамыз.
Елестету арқылы сурет салу дегеніміз суретші өиялы, құбылысты нақты бейнелеуі болып табылады. Мұндай бейнелеуге табиғат көріністерін бейнелеу, ертегі кейіпкерлерің кітаптан оқып, түсінгені бойынша бейнелеу, ән, күй, терме, өлең шумақтарын тыңдау арқылы композициялық суреттер салу жатады.
Табиғат көріністерін бейнелеу, ол табиғат аясына серуенге шыққанда, су жағасына демалуға барғанда, табиғаттың әдемі, әсем, сұлұ жерлерін бейнелеу. Мұны пейзаж деп атайды.
Пейзаж дегеніміз не?
Пейзаж –франсуз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Европада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бір нақты көрінісін бейнелесе,енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.
XVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. ӘсіресеXVII ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің «Жаңбыр алдында», К. Юонның «Қыс соңы». С. Герасимовтың «Жаз өтті», И. Айвазовскийдің «Тоғызыншы болл», т.б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.
Табиғат көрінісі бейнелеген суретші шығармаларын көрсету.
Ә. Қастеев «Менің Отаным» 1959ж.
Ә.Қастеев «Биік таудағы мұз айдыны» 1955ж.
Пейзаж-табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.
Пейзаж түрлеріи:
1. Ауыл пейзажы.
2. Саябақ пейзажы.
3. Қала пейзажы.
4. Теңіз пейзажы.
5. Сәулет пейзажы.
6. Индустриялық пейзаж.
Ауыл пейзажы (Ү.Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.
Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған. Бірде табиғи пішіндер, сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.
Қала пейзажында(О. Нұржұмаевтың « Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Сәулет пейзажы( А. Остроумова –Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық –сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.
Индустриялық пейзаж (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» Картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды. Бөгеттер мен электр бекеттерін,теміржол тараптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.


Оқушыларды топқа бөлу.

I топ Жомарт күз
II Алтын күз
III Күрен күз

IV.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.

Ф. Шопеннің «Күз вальсі» тындалады.
Проблемалық сұрақ : осы музыкада табиғаттың қандай мезгілі суреттелген?Осы дыбыстардан қандай табиғат құбылысын байқауға болады? Композицияның әсерлі құралдарын ескере отырып, осы құбылыстарды қалай бейнелеуге болады?
Бұл музыкада қандай қозғалыс бар?
I топқа аспандағы құстарды. II топқа су бетіндегі құстарды. IIIтопқа жердегі күзгі жапырақтарды бейнелеу тапсырылады.
Тақтаға кезекпен орындалған жұмыстарын іліп, қорғайды және жұмыстарына тақырып ойлап табады. Әр топқа сұрақтар қойылады.
Оқушы жұмыстарындағы жетістіктер мен кемшіліктер көрсетіледі. Әр топтың басшысы өз оқушыларына баға қояды.
V. Қорытынды: Жасалған жұмыстарына көрме жасап бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру:Табиғат бейнесің еске сақтап салу.
Категория: Начальная школа | Добавил: Айару6308 (03.11.2015) | Автор: Ардақ E
Просмотров: 314 | Комментарии: 1 | Теги: Серікқызы, Жандосова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Мұғалім   (06.11.2015 16:17)
Сабақ жақсы жазылған!әдіс-тәсілдерді жақсы қолданған!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz