Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 28.04.2017, 07:33

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [29]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [7]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [49]
Информатика [60]
История [57]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [187]
Математика [86]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [43]
Музыка [100]
Начальная школа [406]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [134]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [21]
Технология [21]
Физика [21]
Химия [31]
Экологическое воспитание [14]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1570
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

Жылы жүрек-жақсы тілек
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Тақырып : Жылы жүрек- жақсы тілек
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік

1. Сабақ мақсаты: жақыныңа жақсы тілек тілеу арқылы қиянат жасамау құндылығын дамыту туралы түсінік беру
2. Міндеттері:
1.Білімділік: мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру
2.Дамыту: қайырымды қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. Тәрбиелеу: мейрімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2. Тыныштық сәтi. ОРМАНҒА СЕРУЕН

3. Үй тапсырмасын тексеру
Әңгіме «Жақсы ата»
Сұрақтар:
1.Әңгіме не туралы?
2.Ерасыл неге қуанды?
3. Мәтіндегі жақсы тілектерді айтыңдар.
- Әр адамның арманы, болашақ өмірі оның жылы жүрегінен шыққын жақсы сөзге байланысты.Сондықтан жылы сөз, жақсы тілек айту әр қайсысымыздың парызымыз.
1. Дәйексөз.
Жақсы сөз- жан жылытар.
Тақтадағы дәйексөздің мағынасын ашқызу. Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру.
-Жақсы сөз дегенді қалай түсінесіңдер?
- Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.
2. Оқиғаларды әңгiмелеу. Қандай тілек жақсы?
Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды.
-Балам, бүгін мазам кетіп шаршап тұрмын. Шайды өзің қамдап қоямысың? Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайып тұрайын.
Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі- жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ- жұрқ найзағай жарқылдап,күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты,күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды.
«-Жасаған ием,құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жәутеңдете көрме!»-деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс- дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті.
-Апа ,біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә?
-Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды -деді анасы.
-Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?
-Балам түн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің.Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа, балам!

-Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?
- Неге жақсы ойлауымыз керек?
-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?

3. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
Дәптермен жұмыс
1-топ.
Ситуациялық жағдаяттардың шешімін тап.
2-топ.
Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер жазу.
3-топ
Ребус, сөзжұмбақтар құрау

4. Топпен ән айту
«Бала тілегі» әні

5. Үй тапсырмасы.
Жүрек істеп келіп артына жылы өздер жазып келіндер.
«Ұқыптылық» мәтінін оқу. 81-83 б.
Ықыластарыңа рахмет.
Категория: Начальная школа | Добавил: guldano4kazh (13.01.2017) | Автор: Жунусканова Гульдана Сабыржановна E
Просмотров: 72 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2017
    Сайт управляется системой uCoz