Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 07.12.2016, 02:48

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 1
Пользователей: 1
Людмила1879

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

Аңдар, балықтар, құстар. Қайталау
№ 3, 2008 г.

Ашық сабақтың жоспары

Ұ.Қ. Кавкаева, № 124 арнайы мектеп Сабақтың тақырыбы:  Аңдар, балықтар, құстар. Қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өткен тақыраптар бойынша алған білімдерінің сапасын  анықтау. Сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын тексеру, оқушыларды сөйлету.

Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Ұжымдық, топтық жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасап үйренуге баулу. Жан-жануарларға, құстарға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сөйлету, сипаттау, жаттықтыру, ойлау, жазу.

Көрнекіліктері:  Аңдардың, балықтардың, құстардың суреттері, жазылған тірек сөздер, ағаштың, аквариумнің суреттері, құстың суреттінің бөліктері, ағаштар, жұмсақ ойыншықтар.

Пән аралық

байланыс: орыс тілі, ана тілі, жағрапия, музыка, сурет

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2.  Сәлемдесу

3.  Түгендеу

4.  Үй жұмысын тексеру

5.   Құстардың аттарын сұрау

I.  Кіріспе, мұғалімнің сөзі.

– Балалар, біздер «Хайуанаттар бағында» деген үлкен тақырыпты тәмамдадық. Бұл тақырыпта нелермен таныстық, нелер туралы айттық?

              Аңдар, балықтар, құстармен таныстық, солар туралы айттық.

              Аңдар туралы өткенде «Аңдар мектебінде» тақырыбын өткенбіз. Бүгінгі біздің сабағымыз сол «Аңдар мектебінде» өтеді. Мынау біздің ормандағы мектеп. Сыныптың ішінде мектеп дәлізінен кіргізілген қозғалмалы пальма ағаштары мен декоративтік ағаш. Осы мектептің 3-і сынып оқушыларымен жұмбақтар арқылы қонақтарды таныстырайын. (Әрбір оқушының басына аңдардың суреті бар қағаз шеңбер кигізілген.) Мен аңдар туралы жұмбақтар оқимын, ал сендер мұқият тыңдап, жұмбақтардың шешуін тауып көріңдер.

Жұмбақтар

1.             Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.

(Піл)

2.             Айбарлы түрі бар,

Қанжардай тісі бар,

Тұма бойында

Тасыған күші бар

Күжірейген жалды.

Білсең айт бұл аңды.

 (Арыстан)

3.             Тарғыл-тарғыл тас па,

Тастан бірақ басқа

Мекені қамыста,

Бұл саған таныс па?

 (Жолбарыс)

4.             Жазда қыдырады,

Қыста тынығады.

 (Аю)

5.             Бейқам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді.

 (Қасқыр)

6.             Есек құлақты,

Мысық аяқты.

Түйе ерінді

Ешкі құйрықты.

 (Қоян)

7.             Ағаштан-ағашқа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

 (Тиін)

8.             Халық «қу» деп,

Қылған күлкі

Айласы көп

Бұл не?

 (Түлкі)

              Жақсы, балалар, енді біздің сыныптың кейбір оқушылары туралы айтайық. Қане кім бастайды? Жарайды, мен сендерге сұрақтар қойып отырайын, сонда жеңілдеу болады.

              Аңдардың ішіндегі ең үлкені қайсысы?

              Ең үлкені – піл. Ол Африкада, Үндістанда мекендейді. Пілдер өсімдік жейді.

              Аңдардың патшасы деп қай аңды айтамыз?

              Аңдардың патшасы – арыстан. Арыстан – айбатты, жыртқыш аң. Ол үңгірде жатады.

              Жолбарыс қандай аң?

              Жолбарыс – жыртқыш аң. Ол сиырды, жылқыны оңай өлтіреді.

              Аюдың қандай түрлері бар?

              Ақ, қара, қоңыр аюлар бар. Ақ аю суда жүреді, ал қара, қоңыр аю орманда болады. Қыста апанда жатады.

              Қоян, тиін қандай аңдар?

              Тиін – жуас, момын, ал қоян – қорқақ. Олар кішкентай аңдар, тиін, қоян ағаштың қуысында жатады.

              Қоян туралы біздер тақпақ жаттап едік қой, кім есіне түсіріп айтып береді? – Ал, айта ғой.

              Қоян

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

              Өте жақсы. Ал түлкі ше? Ол қандай аң?

              Түлкі – қу, айлакер. Ол тауықты, балықты жаксы көреді.

              Міне, көрдіңіздер ме, біздің аңдар мектебінің 3-сынып оқушыларының мінездері осындай.

Жаңа аңдар, жануарлар туралы айтқанда, түлкі тауық, балық жейді дедік. Біздің (сыныптағы) аквариумдегі балықтарды ұрлап жеп қойған жоқ па екен өзі?

              Жоқ, жеген жоқ.

              Жарайды, бар екен. Өткенде біздер «Балықтар» және «Құстар» деген тақырыптарды  өткенбіз. Бүгін сол тақырыптарды қайталаймыз. Алдымен мына тапсырмаларға назар аударыңыздар. Тапсырманың орындалу шарты мынадай: берілген мына буындарға 3 әріптен қосып, толық сөз жазасыңдар. Сендер екі топқа бөлінесіңдер. Әр топқа бес сөздер берілген. Тақтаға ілінген буындарға әр топтан бір-бірден шығып, толықтырып жазады.

              Жақсы, енді дұрыс болды. Қане, бәріміз бірге осы сөздерді оқиық. Қараңдаршы, балықтардың да аттары жазылыпты. Енді, мына біздің аквариумде білетін балықтарымыз бар ма екен, қарайық.

Оқушылар бір-бірден келіп, тақтаға ілінген аквариумнен балықтың суретін көрсетеді. Қазақша атын айтады.

              Мынау – жайын; шортан; алабұға; бекіре; сазан; табан; майшабақ.

              Жақсы, ал балықтар кайда болады?

              Балықтар – теңізде, көлде, өзенде болады.

              Қазақстанның қандай теңіз, көлдерінде балықтар бар?

              Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде, Еділ, Жайық өзендерінде, Балқаш көлінде бар.

              Дұрыс, ал осы балықтар, аңдар, жануарлар жылдың қай мезгілінде ұйқыдан оянады, жылы жақтан ұшып келіп, ұя жасайды?

              Көктемде, ұйқыдан оянады, жылы жақтан ұшып келіп, ұя жасайды.

              Ендеше, біздің жаққа да құстар ұшып келіп жатыр ғой деймін. Тыңдаңдаршы, мынау не дыбыстар шулап жатқан? Үнтаспадан құстардың шулаған дыбыстары естіледі.

              Бұл – құстар шулап жатқан. Құстардың шулаған дыбыстары естіледі.

              Иә, дұрыс, бұл құстар шулап жатқан. Мына жерде қаншама құстар отыр, қарайықшы қандай құстар ұшып келіпті?

Екі қатардан бір-бір оқушыдан келіп,құстарды ағашқа іліп, қазақша атын атайды.

              Жақсы, ал құстар қай жерде мекендейді?

              Құстар орманда, далада мекендейді.

              Құстар ұясын қай жерде жасайды?

              Құстар ұясын ағаштың басына,  шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.

              Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

              Құстар құрт-құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.

              Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?

              Құстарға ұя жасап, жем-су беріп, қамқорлық жасауымыз керек.

              Құстарды таспен ұрып, ұясын бұзып өлтіруімізге болады ма?

              Жоқ, болмайды.

              Дұрыс айтасыңдар, торғайларға көмек көрсетуіміз керек. Кім бізге торғай туралы тақпақты айтады?

Бір немесе екі оқушыға «Торғай ағаш қорғайды» тақпағын айтқызу.

Шыр-шыр еткен торғайды

Қорғамасаң, болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

              Міне, көрдіңіздер ме құстар да өкпелейді екен. Сондықтан оларды өкпелетпейік, құстармен достасайық.

              Ал енді, мына бір ойынды ойнайық: «Кім жылдам?» Суреттерде құстың әр түрлі бөліктері берілген. Осы бөліктерден құсты жылдам құрастырып, атын айту керек.

Балалар тақтаға бөліктерден құсты құрастырып іледі.

              Міне, біздің жасырған құсымыз дайын болды. Сонымен бұл қандай құс? Орман дәрігері деп қандай құсты айтамыз? Құстың атын бәріміз бірге айтайықшы.

              Бұл – тоқылдақ.

Сабақты қорыту:Бүгінгі сабағымызды қорытайын десем мына бағаналарда аңдар, құстар, балықтардың барлығы шатасып кетіпті. Көмектесіңдерші. Аңдар қайсы, балықтар қайсы, құстар қайсы айыра алмай тұрмын.

Тақтаға араластырып ілінген аңдардың, балықтардың, құстардың аттарын үш бағанаға бөліп, орналастыру:

              Көп рахмет, енді дұрыс болды, барлығыда орнында.

Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Енді кімде неше және қандай түсті дөңгелекшелерің бар соны санаңдар, сол бойынша бағаларыңды қоямын. Енді «Аңдар мектебінің» оқушылары мектепте тағы нені үйренді екен соны білейік. Қане, бастайымыз. «Үйретеді мектепте» әнін орындау.

Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

Подробные иллюстрации к материалу смотрите на цветной вкладке.

Категория: Начальная школа | Добавил: teacher-almaty (15.12.2008) | Автор: teacher-almaty
Просмотров: 54040 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 3.1/34
Всего комментариев: 7
7 томирис   (05.10.2011 15:30)
вы все суки

6 Асылболат(ДОНЖУАН)   (29.08.2010 22:26)
Есектін баласы?

5 Асылболат(ДОНЖУАН)   (29.08.2010 22:24)
Іші кызыл,сырты кара???

4 Асылболат(ДОНЖУАН)   (29.08.2010 22:23)
Сырты КАРА,Іші КЫЗЫЛ? БҰЛ НЕ?

3 АЙКЕРІМ   (17.04.2010 11:12)
БЕКІРЕ,МАЙШАБАҚ ДЕГЕН НЕ???

2 Сулейменова Индира   (27.01.2010 16:03)
Киік деген не? Бөкен деген не?

1 Айнур Аманкосовна   (14.03.2009 14:56)
кызыл кытап туралы жазынызшы

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz