Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 20:38

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

Қазақ тілі.Түбір мен қосымша.Ертегі-сабақ
Тақырыбы: Түбір мен қосымша.

Мақсаты:Оқушылардың түбір мен қосымша білімдерін пысықтау.
Қосымшалы және түбір сөздерді ажырата білу.
Топпен жұмыс істей отырып,ұйымшылдыққа баулу.
Сөздік қорларын байыту.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Ертегіні бастау.
Бұл ертегінің оқиғасы Италия мемлекетінде болған.Бір күні Джузеппе деген ұстаның қолына бір бұтақ түседі.Ол оны балтамен жөңкелей бастағанда,ол бұтақ адамның дауысымен шиқылдай бастады.Ол осы дауысты ести салысымен,әлгі бұтақты өзінің музыкантшы жолдасы Карлоға сыйға тартты.Карло оны өзінің үйіне әкеліп,бір кештің ішінде одан қуыршақ жасады.Ол қуыршақ оның қолында тірі балаға айналды.Карло оған Буратино деген ат қойды.
(Буратино мен Мальвинаның келуі)
Мальвина:
-Жүр,деймін жүр.Мен саған балалар мектепте қалай оқиды екенін көрсетемін.
Буратино:
-Мектеп,мектеп деп немене қақсап қалдың.Мен онысыз-ақ бәрін білемін.
-Бәрін деймісің?Ал ережелерді білесің бе?
-Ережелер?(Буратино басын қасиды)
Мұғалім:
-Сәлеметсіңдер ме Буратино мен Мальвина!Сендер қайдан келе жатсыңдар?
Мальвина:
-Міне,Буратиноны мектепке жетектеп әкелдім.Ол мүлдем сабақ оқығысы келмейді.Ал жазған кезде тіпті дәптеріне қарауға ұят.
Мұғалім:
-Мұның қалай Буратино.Егер сен мектепте оқымасаң,білімсіз әрі сауатсыз адам боласың.Ал сауатты болу үшін,ережелерді жақсы білу керек.Тыңдап көрші,біздің балалар ережелерді қалай біледі екен.
(«Миға шабуыл»ойыны)
1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Қатаң,ұяң,үнді дыбыстарды атап беріңдерші?
4.Сөйлем деген не?
5.Сөйлемнің түрлері.
6.Хабарлы сөйлем деген не?
7.Сөз құрамы.
8.Түбір дегеніміз не?
9.Жалғау,жұрнақ дегеніміз не?
Мұғалім:Көрдің бе,Буратино Біздің оқушылар ережелердің бәрін біледі.
Буратино:
-Ережелер?Олардың қажеті қанша?Мен онысыз-ақ сауатты жаза аламын.
Мұғалім:
-Сауатты жаза аламын ба дейсің бе?
Буратино:
-Иә.Сеңбесендер тексеріп көріңдер.
Мұғалім:
-Ендеше Буратино,мына тапсырманы орындап көрші.Керек жеріне тыныс белгілерін қойып көрші.
Қыс мезгілі далада қар жауып тұр балалар сырғанақ теуіп жүр
олар көңілді қыс мезгілі қандай тамаша
(Сөйлемнің шегін тауып,тыныс белгілерін қою.)
(Буратино кез келген жерге тыныс белгілерін қойып тастайды)
Буратино:
-Қалай?Әдемі емес пе?
Мальвина:
-Түү,Буратино!Мынауын,тіпті ұят екен!Сен өзің дым білмейді екенсің!
(Мальвина мұғалімге қарап:
-Мүмкін сіздің оқушыларыңыз бұл тапсырманы орындай алатын шығар?
(Оқушыларға орындату)
Мальвина:
-Көрдің бе,Буратино!Балалар бәрін біледі.ал сен болсаң,үп-үлкен болып ештеңе білмейсің!
Буратино:
-Иә,расында да ұят болды.
Мұғалім:
-Жарайды,Буратино,уайымдама.Бүгінше осында отырып біздің балалармен бірге сабаққа қатыс.Ал сен,Мальвина біздің балаларды тағы да тексеріп көрші.
Мальвина:Ендеше балалар, 100 беттегі 270-жаттығуды орындап көріңдерші.
(Жаттығу орындату)

(Буратино қолын көтереді)
-Мына ,балалар шаршаған сияқты.Мен оларды сергітіп алсам қалай қарайсыңдар?(Сергіту сәті)
Мұғалім:
-Енді,балалар,топпен мына тапсырмыны орындап көріңдерші.
(Түбір және қосымшалы сөздерді ажырату)
Буратино:
-Таптым,таптым.Мен қазір балаларға бір қиын тапсырма беремін.
(Топпен жұмыс.Суретпен жұмыс)
Әрбір топ өзінің құрған мәтінін оқиды.
Мұғалім:
-Көрдің бе, Буратино біздің балалар қандай ақылды.Олар қандай болсын тапсырмаларды орындай алады.Оның бәрі білімнің арқасында.
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,бізге білім не үшін қажет?
Ал сендер білім туралы мақалдар білесіңдер ме?
Сондықтан Буратино ақылды болу үшін білім керек екен.
Сен ертеңнен бастап мектепке келіп білім ал.Келістік пе?

Сабақты қорытындылау:
Бағалау
Үйге тапсырма.
Категория: Начальная школа | Добавил: rahimowa (09.01.2012) | Автор: Рахимова Толқын Едильшаиховна E
Просмотров: 4481 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz