Ертегі кейіпкерлері қонақта - Начальная школа - Мастерская учителя - Каталог статей - Интернет-портал учителей Алматы
Интернет-портал учителей Алматы
Суббота, 01.11.2014, 17:58
Меню сайта
Категории раздела
Биология [23]
ИЗО [7]
Профессиональное обучение [3]
Внеклассное чтение [12]
География [13]
Духовные ценности [8]
Если хочешь быть здоров [33]
Информатика [45]
История [40]
Иностранный язык [81]
Книжная полка [12]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [138]
Математика [60]
Мир науки [10]
Моя Родина - Казахстан [32]
Музыка [74]
Начальная школа [330]
Общество семи муз [11]
Психологический клуб [10]
Русский язык и литература [107]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [18]
Технология [15]
Физика [13]
Химия [21]
Экологическое воспитание [7]
Самопознание [22]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 828
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Мастерская учителя » Начальная школа

Ертегі кейіпкерлері қонақта
«Ертегі кейіпкерлері қонақта»

-Қоян,сен қайдасың?
-Қасқыр, мен мындамын.
-Қоян,сен қайда болдың?Біз мектепке кешігіп барамыз!Балалар бізді тосып отыр ғой.
- Мен мына шарларды үрлеймін деп кешігіп қалдым.
-Жүр, тезірек барайық,Қоян.
(Екеуі балаларға келеді)
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Бүгін сендерде лагерьдің ашылу салтанаты деп естідік.Бізде осы мерекеге асығып келдік.Қаншама көп балалар жиналған!
-Және де бүгін «Балаларды қорғау күні».Сендерді осы мерекемен құттықтаймыз.Қанеки өзімізді құттықтап жіберейікші.
-Біздің сендермен танысқымыз келіп тұр.
-Менің атым сұр Қасқыр.
-Ал менің атым Қоян.Ал сендердің аттарын ше?
(Әр бала өзінің атын айтады)
Мыстан кемпір:
-Мында не деген шу? Немене айқайлап жатырсыңдар?Әбден менің мазамды алдыңдар ғой?Кетіңдер бұл жерден,әйтпесе мына сиқырлы сыпыртқымен осы жерден сыпырып тастаймын!
Қоян:
-Апа,бүгін біздің балалардың мерекесі.Сіз неге оларды қуасыз?
Қасқыр:
-Қане балалар,біз Мыстан кемпірді өзіміз ұстап алып,осы жерден қуып жіберейікші.
(Балалар Мыстан кемпірді қуып жүріп ұстап алады)
Мыстан кемпір:
-Балалар кешіріңдерші мені.Менде сендермен бірге осы мерекеде жүргім келеді.Мен енді ешкімге тиіспеймін.
Қоян:
-Кешіреміз бе,балалар?
-Ия.
Мыстан кемпір:
-Балалар, менің сендерге әкелген біраз сыйлықтарым бар.
(Мыстан балаларға кәмпиттердің қағазына оралған бос кәмпиттерді әкеледі)
Қасқыр:
-Түү,Мыстан кемпір,сен жаңа ғана бізден кешірім сұраған едің ғой,неге тағы да тентектік жасайсың?
Мыстан:
-Жай ,әншейін қалжындағаным ғой.(жүгіріп барып,балаларға кәмпиттер алып келеді)
-Балалар,сендер маған ұнап қалдыңдар,сондықтан мен сендерді естелікке фотоға түсіргім келіп тұр.(фотоға түсіреді)Қазір мен фотоларыңды шығарып әкелейін.
Қасқыр:
-Ендеше балалар,ол келген ше Ақжанның орындауында бір ән тыңдап жіберейік.
Қоян:
Тамаша.сендерге ұнады ма,балалар?
(Мыстан кемпір келіп фотоларын таратады)
Қасқыр:
- Балалар, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Бір-бірлерінің артына тіркесіп тұра қалыңдар.
(көңілді әуеннің ырғағымен поезд орнынан қозғалады)
ІІ музыкалық нөмір
Қоян:
-Балалар,мен сендермен бір көңілді би билегім келіп тұр.(Үйректер би)
Мыстан кемпір:
-Араларында тапқыр балалар бар ма?Мен сендерге жұмбақтар жасырып көрейін.

1.Зер-зер кілем,зер кілем,
Көтерейін десем,зор кілем.

2.Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады.

3.Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.

4.Кішкене ғана тостаған
Көтеріп мені тастаған.

5.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.

ІІІ музыкалық нөмір

Қоян. «Егер саған ұнаса»ойыны.
ІҮ музыкалық нөмір
Надырханов Арнайдың орындауында күй.
Мыстан кемпір:
-Балалар,біздің де қайтатын уақытымыз жақындады.Басқа да лагерлерге барып қайту керек.Ал сендер осы лагерді қызықты өткізеді деп сенеміз.
-Ия балалар, сендермен танысқанымызға біз қуаныштымыз.Біз сендерге әлі де келеміз.
-Қанеки бір көңілді әуеннің астына билеп жіберейікші.
-Сау болыңдар!
Категория: Начальная школа | Добавил: rahimowa (09.01.2012) | Автор: Рахимова Толқын Едильшаиховна E
Просмотров: 2149 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Форма входа