Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 09:28

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Экологическое воспитание

Мен-табиғаттың жанашырымын
Сабақтың тақырыбы:Мен-табиғаттың жанашырымын
Мақсаты:
Білімділік:оқушылардың табиғатпен үйлесіміділік , табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту,оқушылардың табиғат тіршілікбастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық:оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету.
Тәрбиелік:ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ барысы:
1.Табиғаттың адам көңіл-күйіне қандай әсері бар?
2.Суретке қарап ,табиғат сыйы туралы не айтуға болады?
Іздену бағыты.
Табиғат-адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Сол табиғаттың бір бөлігі- өсімдіктер. Өсімдік ішсе-тамақ, кисе-киім, дем алса- ауа, саялы баспана. Көшелерге, алаңдарға, т.т емдеу орындарының айналасына ағаштарды көптеп егу қажет,
себебі: ... ...
Көрініс көрсету
1. Табиғат ана.
2. Оқушы.
3. Мұғалім.
Ой қозғайық!
Табиғат ана балаларға неліктен өтініш айтты деп ойлайсыңдар?
Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?
Құстардың жақсы қасиеттерін тауып ,айтыңдар.
Аққудың жақсы қасиеті ...
Қарлығаштың жақсы қасиеті ...
Қыранның жақсы қасиеті ...
Тоқылдақтың жақсы қасиеті ...
Сауысқанның жақсы қасиеті ...
Бұлбұлдың жақсы қасиеті ...
Тотының жақсы қасиеті ...
Керекті сөздер: адалдығы, достығы, батылдығы, қамқорлығы, сақтығы,әншілігі, әдемілігі.
Табиғатпе тілдесейік (бейнесуретпен жұмыс)

Дәйексөз
Балалар бұл да табиғат сыйы.Өйткені ,табиғат-ана адамның қыста шаршап, көктемді сағынғанын біліп, қар ерімей жатқаншақта-ақ Наурызгүлді сыйға тартады. Суықтан қажыған ел қарды жарып шығып,суыққа шыдап тұрған қайсарлы гүлді көргенде қуаттанып,қайраттанып қалады.Табиғат- ана адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынған. Ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқанын қалаған. Ал табиғат-
тың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа,шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді.
Шығармашылық жұмыс
4 топқа төмендегідей тапсырма беру
1.Табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу.
2.Адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеу
Дәптермен жұмыс
1.тапсырма
Гүлге тән жақсы қасиеттерді күлтелерге жазыңдар.
2.тапсырма
Күннің орнында болсаңдар, жан-жағыңа қандай жылылық сыйлар едіңдер, ойларыңды жазыңдар.
«Адам баласы жаратылысын табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады.Табиғат адам үшін жайлы мекен,барлық игіліктердің бастауы.Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Табиғат –ана барлығына ортақ.Сондықтан « Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек.Адамзаттың басты міндеті-табиғаттың қуат көздерін орнымен пайдалану,оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу,ағаш егу т.т.». Адам мен табиғат бірлігі, табиғат адамның асыраушысы, панасы,сондықтан оны таза ұстау, мейірімділік қатынас жасау әр адамның парызы .
Топпен жұмыс
1-топ .Табиғат туралы бес жолды өлең шығарыңдар.
2-топ. Табиғат туралы мақал - мәтелдер жазыңдар.
3-топ. Ырым – тыйым сөздер жазыңдар.
4-топ Туған жердің табиғат сыйы туралы жазыңдар.
Табиғат дегеніміз-аң,құс,өсімдік,тау,тас,өзен,ауа,жер т.т.Олар біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Бұл заңдылық деп білейік!
Қорытындылау
1. Бүгін сабақта не білдік?
2. Не айта аламыз ?
3. Не үйренгім келеді? (пікір ағашы)
Сүйейік, табиғатты, аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында
Поэзия минуты
Ризамыз, Табиғат- Анамыз
Өзіңнен денсаулық аламыз.
Ризамыз, Табиғат- Анамыз
Қашанда қорғаушы панамыз.
М. Мақатаев
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусар тынысын,
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол-анаң ғой, ал сен- кенже ұлысың.
Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық!
Үйге тапсырма:табиғатқа байланысты өлең құрап келу.
Категория: Экологическое воспитание | Добавил: Мұғалім (06.11.2015) | Автор: Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы
Просмотров: 369 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz