Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 01:23

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Родительское собрание

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Алматы қаласы білім мекемелеріндегі қыз бала тәрбиесіне арналған

 «Қыз  елдің  көркі» бағдарламасына  «Аналар мектебі», «Қыздар» ұйымы құрылып жан-жақты тәрбиелік іс-шаралар өткізіле бастады.

Мектеп өмірінде  өнегелі істер мен сыпайылық қарым- қатынасқа  тәрбиеленген  қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік  құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі - жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері - ағысы қатты  арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас , енді бірі өткір де өжет.

 Қыз баланың физиологиялық,  психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып жүргізілетін  тәрбие жұмыстары өз нәтижесін бермей қоймайды.

Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және

 достарын сыйлауға , мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-8 сыныптар

 аралығындағы қыз балалар тәрбиесі алғашқы кезеңдегі  тәрбиені

 жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра

 отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке

 тәрбиелеу қажеттілігі тууда.

 9-11 сыныптар арасындағы    қыз баланының  қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты , таза  махаббатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениеттке, өткен тарихқа,  отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы - негізі  болуға үйрету. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін  қалыптастыру. Өйткені қыз бала алдында  қоғамның, елдің, ұлттық  тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын олардың  санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік

 нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы

 тәрбиелеуіміз керек.

   Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерін қыз баланың бойына

 сіңіре  отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы,

 шаңырақтың құт- берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа  

 инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып,

 ар тазалығын  жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мектептен

 бастау алғаны нұр үстіне нұр болып отыр.  Біз ата-ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан санаған  халықпыз. «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе».Ұлттық салт- дәстүрімізді білу,оның астарын түсініп,

 атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай

 қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің

 өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

 «Қызым үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың

 бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен

 не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай

 кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып,үлгі -өнеге көрсету қажет.

   Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен

 бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу,

 ыдыс аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп

 ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден

 жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың  отырысына, жүрісіне, аяқ

 басқанына, киім киісіне, қимыл- қозғалысына, дауыс ырғағына  дейін мән

 берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл

 қоюдың  жауапкершілігін сездіреді.

 Жазушы Ә.Нұршайықовтың  мына бір сөздерін әрбір қыз баланың бойына

 сіңірсек құба-құп.

 – Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған

 осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл

 болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам.

-           Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!

-           Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!

-           Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар.

-           Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!

 

 Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ.

 Бірақ бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде  қыз балаларды  жан-жақты  тәрбиелеудің  уақыт күттірмейтін мәселе.

  

  Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі тұтқасы- болашақ ұрпақтың дені

 сау,жаны таза болуы, бойларына жалқаулық, құнсыздық- жауапсыздықты

 дарытпау,өздерін сергек ұстауы- бұл да тәрбиенің бірден бір міндеті.

 Ежелгі Греция жерінде бір жартасқа: «Егер күшті болам десең-жүгір, ақылды болам десең- жүгір»,- деген сөздерді жазып қойыпты.

 Осында үлкен мән бар. Оқушы- жастардың әсемдік талғамын,

 адамгершілік қасиетін, іскерлік қабілетін дамыту арқылы, парасатты өмір

 сүруге құштарлығын арттыру үшін төмендегідей тәрбие сағаттары мен  ашық әңгіме, диспуттар өткізуге болады.

 1. Батаменен ел көгерер.

 2. Сөзің мен ісіңде  алшақтық болмасын.

 3. Ұлыма ұлағат

 4. Қызға қырық үйден тию.

 5. Махаббат, неке, отбасы.

 6. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

 7. Музыка өнері – ұлт өнерінің негізі.

 8. Сөз мәдениеті- өз мәдениетін емес пе?

 9. Перзенттік парыз қалай өтелмек?

 10. Ерлік, батылдық, төзімділік.

 11. Жігіт намысы.

 12. Сәнді киіну, таза жүру.

 13. Қазіргі жас және мода.

 14. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

 15. Байлық бақыт па?

 16. Ән- көңілдің ажары.

 17. Дүние –қызық, бала - бал.

 18. Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп.

Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөле отырып, ел дәстүрі мен ата-салтына үйрету  әр отбасының,  сонымен бірге мектептегі ұстаздардың, қоғам алдындағы борышы екенін  естен шығармағаны жөн.

Категория: Родительское собрание | Добавил: teacher-almaty (25.03.2008)
Просмотров: 39819 | Рейтинг: 4.0/38
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz