Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 10:01

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Химия

Сабақ жоспары. тақырыбы: «Қаныққан көмірсутектердің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы»
Сабақтың технологиялық кестесі
Пәні: Химия
Тақырып : «Қаныққан көмірсутектердің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы»
Оқу мен тәрбиелеудің мақсаттары :
1. Білімділік мақсаты – оқушылардың қаныққан көмірсутектер алкандар жөніндегі білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау. Оқушыларға алкандардың физикалық қасиеттерін меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету.
2. Дамушылық мақсаты - логикалық ойлау қабілеттерін, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін тексеруге баулу, ой-өрісін дамыту арқылы өз ойларын тұжырымдай білуге үйрету.
3. Тәрбиелік мақсаты - оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа және адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдістемелік мақсаты: сабақта дидактикалық ойынды тиімді пайдалану арқылы тәжірибе алмасу

Білімділік және іс-әрекет құзыреттілігін қалыптастыру:
- көмірсутектердің жалпы формулаларын құрастыру;
- қаныққан көмірсутектердің физикалық қасиеттерін ажырату;
- көмірсутектердің құрылысын, қасиеттерін және құрамын ажырату;
- әр түрлі деңгейдегі есептеулер жүргізгенде қаныққан көмірсутектердің химиялық қасиеттерін пайдалану;
- химиялық сапалық реакцияларды пайдалана отырып әр түрлі көмірсутектерді ажырата алу;

Пән аралық байланыс: математика, физика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың түрі : Ойын формасындағы сабақ
Оқытудың көрнекті және техникалық құралдары: интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар, мультимедиалық проектор, Power Point бағдарламасындағы презентациялар, бейне роликтер.
Таратпа материалдар: тест тапсырмалары, жаңа тақырып бойынша дәріс материалдары, майшамдар
Сабақтың технологиясы мен әдістері: ақпаратты-коммуникативтік технологиясы, дидактикалық ойындар, оқушыларға алдын-ала озық тапсырмалар беру, тест тапсырмалары, виртуалды саяхат.
Қолдану әдебиеттері:
1. Негізгі: Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Химия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытында 11 сыныбына арналған оқулық./.-Алматы:Мектеп баспасы, 2007.- 352 бет.
2. е.edu.kz сайты. e-Learning-электронды журнал.Е-библиотека, рубрикатор –Химия, 9 сынып.
Қосымша: 1. Органикалық химиядан электронды оқулық. alhimikov.net/organikbook/titul.html.
2.Бишимбаева Г.Қ. Жалпы химия /студенттердің өздік жұмыстарына арналған оқу - әдістемелік құрал/.-Алматы: "Бастау,2007.-138б.
2.CD-ROM Электронные уроки и тесты. Химия в школе. Соли. М.: Просвещение. МЕДИА, 2005г.

Сабақтың барысы:

№ Сабақтың кезеңдері Сабақ кезеңдерінің мазмұны Уақыты
1. Ұйымдастыру а) сәлемдесу
ә) оқушылар назарын сабаққа аудару.
1. Оқытушы сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін жеткізеді.
Презентация №1. Сабақтың тақырыбы: «Қаныққан көмірсутектердің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы» (слайд №1).
Сабақтың мотивациясы:
Құрметті оқушылар біз бүгін сіздермен «Қаныққан көмірсутектер» тақырыбын ары қарай жалғастырып, қорытындылаймыз. Алкандардың физикалық, химиялық қасиеттері және қолданылуымен танысамыз. Қаныққан көмірсутектерді тереңдете оқи отырып, олардың адам өмірінде, тұрмыста өте үлкен маңызы бар екендігіне көз жеткіземіз.
Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше түрде өткелі отыр. Сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бизнес колледжден білім алуға ШҚО әр ауданынан талапкерлер келді. Талапкерлерді әуежайдан самолеттан тосып алдық. Әуежайдан Бизнес колледжге қарай №33 маршрутты автобуспен талапкерлер жолға шықты. Құрметті талапкерлер колледжге оқуға түсіп үшін алдымен емтихан тапсыруларыңыз қажет. Ал, емтихан сұрақтары мен тапсырмалары №33 автобус аялдайтын әр аялдамада жасырылған. Ол тапсырмаларды сіздерге кондуктор апай жасырады. Егер барлық тапсырмаларды дұрыс орындап және белсенділік танытсаңыздар Бизнес колледжіне оқуға түсіп қана қоймай, колледждегі жасырылған қазынаға ие боласыздар. /Аялдамалар сызбанұсқасы (презентация №1, слайд №2).
2. Үй тапсырмасын сұрау Алғашқы аялдама. Комсомолдар кенті.
(презентация №1, слайд №2)./
Балалар үйге қандай тапсырмалар берілді.
1. Тест тапсырмаларымен жұмыс.
Оқушыларға Айрен тест қабықшасында жасалынған тест тапсырмалар компьютерлер мен ноутбуктерде беріледі. /2 нұсқа, 15 сұрақтан, 10 минут уақыт ішінде/.
Екінші аялдама. Жаңа құрылыс.
(презентация №1, слайд №2)./
2. «Білім ағашы» іскерлік ойыны.
Презентация №2, слайд №1).
Бұл ойында оқушылар жеміс ағашындағы сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріне ұпай жинайды.
1 Сұрақ: Жалпы формулалары бірдей, химиялық қасиеттері ұқсас, ал құрамдары бір немесе бірнеше СН2 тобына өзгеріп отыратын заттар (слайд №2).
Жауабы: Гомологтар (слайд №3).
2 Сұрақ: Жұптаспаған электроны бар бөлшектер (слайд №4).
Жауабы: радикалдар (слайд №5).
3 Сұрақ: Молекулалық моделі арқылы қаныққан көмірсутекті табыңыз? (слайд №6)
Жауабы: Этан (слайд №7).
4 Сұрақ: Алтын сандықта не жасырылған. Сұрақ: Хлорэтан мен натрий әрекеттесіп нәтижесінде бутан түзіледі, реакцияны табыңыз? (слайд №8).
Жауабы: Вюрц реакциясы
5 Сұрақ: Таскөмірлі шахталарда алкандардың қандай түрі кездеседі? (слайд №9).
Жауабы: Метан (слайд №10).
6 Бейне сұрақ. /Бейне сұрақты қоятын қаламыздағы №23 орта мектептің химия пәні мұғалімі, химия магистрі Темергалиева Күмісжан Қыдырғали қызы/
Қаныққан көмірсутектердің барлығында көміртегі атомының тотығу дәрежесі бірдей емес, мысалы: метан молекуласында -4;
Ал этан молекуласында көміртегі қандай тотығу дәрежесіне тең (слайд №11).
Жауабы: -3.
7 Бейне сұрақ. 2-метил 4-этил гександа қанша изомер бар (слайд №12).
Жауабы: екі изомер бар.

3. Жаңа білім беру Үшінші аялдама. Мұхит (презентация №1, слайд №2).
Экранда жаңа сабақтың тақырыбы шығады. (презентация №1, слайд №1).
Талапкерлер мұхит аялдамасында сіздер алдын-ала берілген озық тапсырмалар бойынша жұмыс жасайсыздар.
Жұмыс жоспары экранда көрсетіледі. (презентация №1, слайд №3).
Төртінші аялдама. Халықтық көшесі.
(презентация №1, слайд №2).
Қаныққан көмірсутектердің физикалық қасиеттерін сипаттайды. /презентация арқылы/ Презентация №3
Бесінші аялдама. Орталық алаң.
(презентация №1, слайд №2).
Қаныққан көмірсутектердің химиялық қасиеттерін сипаттайды. Презентация №4
1. Химиялық реакциялар жазады./интерактивті тақтаны пайдаланып, оқушылар дәптерлеріне қысқаша конспект жазып алады./
2. е.edu.kz сайты. e-Learning-электронды журнал.Е-библиотека, рубрикатор –Химия, 9 сынып, Көмірсутектердің жануы.
Алтыншы аялдама. Сауда үйі.
(презентация №1, слайд №2)./
Қаныққан көмірсутектердің қолданылуын көрсетеді.
1. Алкандардың қолданылуы. Демонстрациялық сән үлгісі. Презентация №5
2. Семей қаласындағы «Строй март» құрылыс дүкенінде түсірілген бейне роликтер.

4. Жаңа сабақты бекіту Жетінші аялдама. Орталық базар.
(презентация №1, слайд №2)./
Жаңа тақырып бойынша талапкерлерге сұрақтар қойылады. Презентация №6.
1. Қаныққан көмірсутектер суда ериді ме?
2. Агрегаттық күйі сұйық болып келетін алкандарды атаңыз
3. Табиғи газдың құрамы.
4. Қаныққан көмірсутектерге қандай химиялық қасиеттер тән
5. Коновалов реакциясы басқаша қалай аталады?
6. Галогендену реакциясының ақырғы өнімі
7. Алкандардың жануы нәтижесінде қандай қосылыстар түзіледі?
8. Қаныққан көмірсутектердің қолдану аймағын атаңыздар
9. Пластмасса және еріткіштерді алкандардың қандай туындыларынан аламыз
10. Метанның физикалық қасиетін сипатта
5. Оқушылар білімдерін бағалау Ақырғы аялдама. Бизнес колледж.
(презентация №1, слайд №2).
Оқушылар білімін бағалау. Microsoft Office Excel құжатындағы кесте арқылы бағалау. Электронды журналға бағаларын қою. Қойылған бағаларға түсініктеме беру. /Қазынаға қол жеткізу/
6. Сабақты қорытындылау
Психологиялық сәт. Рефлексия. Презентация №7. «Шырақ». Балалар жаңа ғана алкандардың қолданылуында айтқан парафиннен жасалынған шырақтар алдарыңызда тұр. Барлығыңыз шырақтарды қолдарыңызға алып, лаулаған оттан жылулықпен жарықты сезініп, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді айтып, ал жаман әсерлердің барлығын жағып жіберіңіздер.
7. Үй тапсырмасын беру Балалар алдыларыңызда дәріс материалдарымен және онда үй тапсырмасына дайындалуға қажетті әдебиеттер көрсетілген, үйге алуларыңызға болады.
1. Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Химия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағыты, 11 сыныбына арналған оқулық./.-Алматы: Мектеп баспасы, 2007, 63-87 беттер.
2. e.edu.kz cайтына электронды журналға кіріп, Е-библиотека, рубрикатор –Химия, 9 сынып тақырып: Көмірсутектердің химиялық қасиеттері. Жану реакциясы.
Сабақ аяқталды. Рахмет. Сау болыңыздар.
Категория: Химия | Добавил: Балжан (25.01.2015) | Автор: Балжан Гайсина
Просмотров: 1819 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz