Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 18:41

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [182]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [132]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Химия

Майлар. Майлағыш жүйелер

  Химия пәні мұғалімі: Матқасимова С.Ж.

Автокөлік құрылысы пәні мұғалімі: Маметсүпиев А.А.

№ 6 кәсіптік лицей

 Cабақтың тақырыбы: Майлар. Майлағыш жүйелер.

Сабақтың мақсаты:  

1. Оқушыларға майлардың құрылысын таныстыру, майлардың техникада және өнеркәсіптегі маңызын дәлелдеп беру.

2. Алған білімдерін жүйелеп, іс – барысында қолдана білуге үйрету.

3. Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі:   Интегралды сабақ.

Сабақтың түрі:    Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, сұраққа – жауап, топпен жұмыс

Сабақтың тәсілі: Жекелей және топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, макеттер. Реактивтер: май түрлері, су, бензин, калий перманганаты, натрий гидроксиді.

Сабақ барысы

1.             Ұйымдастыру.

2.             Үй тапсырмасын сұрау.  

1. Күрделі эфирлерді неден алады?

2. Күрделі эфирлердің қасиеттерін ата.

3. Этерификация реакцисы дегеніміз не?

                     1. Тақырыпты түсіндіру.   

І. Майдың құрылысы:

Майлардың құрылысын француз химиктері Шеврель мен Бертло еңбектерінің нәтижесінде анықталады. ХХ ғасырдың бас кезінде – ақ Шеврель майларды сумен араластырып (сілті қосып) қыздырғанда, майдың суды қосып алып, глицеринге және карбон қышқылдары  - стеарин, олеин қышқылдарына және басқа да қышқылдарға ыдырайтынын анықтаған болатын. Бертло (1854ж) оған кері реакция жасады. Бертло глицерин мен қышқылдардың  қоспасын қыздырып майларға ұқсас зат алды.  Демек, Шеврель күрделі эфирдің гидролизін, ал Бертло эфирлену, яғни күрделі эфир синтездеу реакцияларын жүргізді. Осы деректерге сүйене отырып, майлар құрылысы жөнінде қорытындыға келу қиын емес.

  Майлар – үш атомды  спирт   глицерин   мен    лері. Мұндай эфирлер көбінесе белгілі бір қышқылмен ғана емес, әртүрлі қышқылдармен  де түзіледі. Майлар көп жағдайда қаныққан және қанықпаған  жоғарғы карбон қышқылдарынан,  ең алдымен пальмитин  СН - СООН, стеарин  СН – СООН, олеин   СН – СООН,  линоль   СН – СООН  және басқа да сондай қышқылдардан түзіледі. Майлардың түзілуіне шамалы мөлшерде жеңіл қышқылдар да қатысады. Мысалы, май қышқылы СН – СООН  сары майда  капрон қышқылы  СН – СООН  және басқа қышқылдарда кездеседі.  

Табиғи майлардың молекуласы әдетте, жұп санды көміртегі атомдары және тармақталған көмірсутек тізбегі бар қышқылдардан түзілетіндігі көңіл аударарлық.    

Қаныққан қышқылдардан түзілген майлар көбінесе қатты келеді (сары  май, қой майы). Қанықпаған қышқыл көбейген  сайын майлардың балқу  температурасы төмендеп, жеңіл балқығыш  келеді ( шошқа  майы, сары май). Сұйық майлар негізінде қанықпаған қышқылдардан түзіледі (зығыр, күнбағыс майлары  және басқа да майлар).

ІІ. Физикалық қасиеттері:

Физикалық қасиеттерін анықтау үшін топ 3 топқа бөлінеді де тәжірибе жасау арқылы майлардың физикалық қасиеттерін анықтайды.

І топ. Берілген заттар: су, бензин, спирт. Олар арқылы майдың ерігіштік қасиетін тексеріп, дәптерге қорытынды жасайды.

ІІ топ. Берілген заттар: НSO, NaOH,  KMnO, өсімдік майы. Майдың тотығуын тексеріп, қорытынды жаса. Ерітінді түсі өзгереді ме немесе түссізденеді ме?

ІІІ топ. Берілген заттар: май, су, сілті. Бірінші майға суды қосып шайқаймыз, не байқалады? Екінші майға сілті қосып шайқаймыз, не байқалады?

ІІІ. Химиялық қасиеттері.    Майлардың химиялық қасиеттері олардың күрделі эфирлер класына жататындығымен анықталады. Сондықтан  да оларға тән реакция – гидролиз.

Майлар гидролизі де, басқа да күрделі эфирлердікі тәрізді қайтымды реакция.

Тепе – теңдік  глицерин және карбон қышқылы түзілу бағытына қарай жылжытуға қандай жағдайлар себеп болады деп ойлайсындар.

IV. Қолданылуы. Машинаның бөлшектерін сақтау үшін әртүрлі май түрлерін қолданады. Май бөлшектерді коррозиядан сақтау үшін қолданады. Автомобиль майлары мазуттан, мұнай қалдығынан алынады.

Двигательді майлауға қолданылатын майлар мынадай талаптарға сай болуы қажет. Механикалық қоспалары болмауы керек, сонымен бірге майдың  белгілі бір тұтқырлығы, тұрақтылығы және қату температурасы  болу керек.

Майдың тұтқырлығы. Егер майдың тұтқырлығы жоғары болса ал майлағыш жүйелердің каналдары арқылы дұрыс өтпейді, және нашар шашырайды. Ал егер майдың тұтқырлығы төмен болса, онда май бөлшектері арасындағы  зазордан жеңіл ағып кетеді. Майдың тұтқырлығы цифрамен белгіленеді ол әріптен кейін қойылады, бұл майдың маркасын көрсетеді.      Майдың тұтқырлығы деп ұзақ уақыт аралығында өзінің қасиетін жоғалтпайтын қабілетін айтамыз. Қату температурасы оның қандай темпетратурада өзінің ағу қасиетін жоғарлататынын көрсетеді.

Автомобиль майлары  әріптерімен және цифрлармен белгіленеді. М әрпі оның мотор майы екенін, әріптен кейін тұрған сан – майдың тұтқырлығын, ал саннан кейін тұрған әріп – майдың  эксплуатациялық сапасын көсетеді.  Мысалы: ЗИЛ – 130 және  ГАЗ – 53 А автомобиль  двигательдерінде   М  -     

(АС-8) әркезеңдік қолданылады. Жақшаның ішіндегі сан майдың ескі маркировкасын көрсетеді. А әріпі – майдың автомобильдің карбюраторлық бөлшекке арналғандығын, С әрпі тазарту әдісін (селестивті, 8 саны майдың тұтқырлығын көрсетеді.

Автомобиль бөлшектеріне пайдаланылатын майдың сапасын арттыру үшін оған присадка қосады. Ол присадкалар майдың тұтқырлығын арттырады, қату температурасын төмендетеді, металдың коррозиясын азайтады. Автомобиль бөлшектері үшін майдың қасиетіне әсер ететін комплексті присадкалар қолданады.

Майдың сапасын зертханалық талдау арқылы тексереді. Қажет болған жағдайда майдың сапасын мынадай қарапайым тәсілмен анықтауға болады.

1)             Майдың құрамында қоспа бар жағын анықтау үшін бірдей көлемде май және бензинді бір-біріне қосамыз да араластырамыз. Оларды шыны ыдысқа құямыз. Қоспа 1-2 сағат  ішінде тұнады, ыдыстың түбінде қоспа қалады.

2)             Майдың құрамындағы  суды  анықтау  үшін  майды қыздырамыз, егер шыртылдаса және  көбік  пайда болса, ол майдың құрамында су бар екендігін  көрсетеді.

3)             Майдың құрамындағы  қышқыл және сілтіні анықтау үшін қызған майға тазартылған мыс платинкасын 3 сағат батырып қоямыз. Егер пластинканың бетіне дақ түсіп, қараланса онда  бұл майды қолдануға болмайды.

4)             3. Тақырыпты қорытындылау.

4. Үйге тапсырма беру.

 

Категория: Химия | Добавил: teacher-almaty (15.07.2008)
Просмотров: 13080 | Рейтинг: 3.9/25
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz