Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 10.12.2016, 17:42

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 2
Пользователей: 1
murzabekdami

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Событие

Әдістемелік семинар.
Әдістемелік семинар.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті.
Әрине, ұстаздың ұстаз болуы оңай шаруа емес, ол үнемі ізденісте және талпыныста жүруі тиіс . Болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оқыту үшін қазіргі заманға сай ұстаз да талапқа сәйкес болып өзгеріліп алмасып жүру міндетті.
Осындай мақсатта 2013 жылдың 21 ақпанында Қостанай облысы, Қостанай ауданы,ұлы ұстаз атымен аталған Ы.Алтынсарин негізгі мектебінде мұғалімдерінің яғни айтқанда мұғалімдердің алдыңғы қатарында «басы-көзі» болып тұратың, директордың оқу жөніндегі орынбасарларының аудандық семинары болып өтті.
Семинардың ашылуы мен жүргізуін аудандық білім бөлімінің әдістеме кабинетінің меңгерушісі Журкубаева Б.К. ұйымдастырды.
Семинардың тақырыбы: «Управление процессом формирования и развития личности заместителя директора по УВР на этапе перехода к национальной модели образования ».
Аталған мектептің ұстаздар ұжымына ашық сабақтар көрсетуі жүктелген. Семинар қатысушыларның назарына жоспарланғандай ашық сабақтар көрсетілді. Бастауыш сынып мұғалімдері: Болатпаева Р.И. дүниетану пәнінен «Личная гигиена школьника» 1-сыныпта Сарыестекова А.Т. дүниетану «Жануарлар саналуан» 3-сыныпта Мартынова И.В. орыс тілі «глагол» 4-сыныпта. Телегина М.А. орыс әдебиеті «Глупая история»2-сынып Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: 6-сынып «Көктемгі мерекелер» Жаекбаева Б.И. 5-сынып «Ханталапай» Ниязбекова Г.Б. тарих пәнінен 6-сыныпта «Культура Древнего Китая» Кифоренко И.А. сынды мұғалімдері жоғары деңгейде сабақтарын паш етті.
Жеке тұлғаның қалыптасуы - үздіксіз күрделі үрдіс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл- ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу- бүгінгі мектеп алдындағы басты міндеттердің бірі екенің көрсете білді.
Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен алмасып,талқылады. Мектептің тынысы мен жеткен жетістіктері жайлы және жалпы жұмысы туралы қонақтарды оқу жөніндегі директордың орынбасары Тулегенова Г.К. таныстырып өтті.
Жалпы қорыта келгенде, ұйымдастырған семинар талапқа сәйкес орындалған деген ұстаздар тұжырым жасады. Семинарға қатысушы мұғалімдер мектептің тазалығы мен безендірілуінің өзі жоғары деңгейде екендігін атап кетті.
«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Мұны алға тартқан Алтынсарин негізгі мектебінің ұжымы әрдәйым әрбір оқушының жан-дүниесіне үңіліп, ерік-жігерін жалындата жұмыс істейді.

Жазған: Жаекбаева Бахытгүл Исентаевна
Категория: Событие | Добавил: Zhaekbaeva (11.03.2013) | Автор: Жаекбаева Бахытгуль E
Просмотров: 2845 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 ceilova   (16.05.2013 16:01)
Хорошо, что можно узнать, что думают другие учителя, их соображения по поводу состояния современного образования и о том, что нужно сделать, чтоб повысить рейтинг учителя.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz