Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 08:51

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Событие

“Қазақ тілі пәнінің үздік мұғалімі - 2008”

 

Қазақ тілі - халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы, қайғысы, қуанышы, күллі рухани өмірінің үні.

 Ахмет Байтұрсынұлы

  Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңының аясында жас ұрпаққа қазақ тілінің мәртебесі мен маңызын ұғындыру, сөз құдіретін насихаттау, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатымен  «Қазақ тілінің үздік мұғалімі - 2008» байқауы - 2007 жылдың 5 желтоқсанынан 2008 жылдың 15 - наурызына дейін жалғасын тапты. 15 - наурызда Алматы қаласы Әкімдігі мен қазақ тілінің жанашыры, меценат, ата-ана Төлегенов Мантай Нұхтиұлының қолдауымен байқаудың жүлделі орынды жеңімпаздары мен үміткерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. Марапаттау қорытындысында:

 -   1 орынды екі жүлдегер – 500 мың теңгеден;

 -   ІІ орынды екі жүлдегер – 300 мың теңгеден;

 -   ІІІ орынды екі жүлдегер– 100 мың теңгеден;

 -    Ынталандыру марапатына лайықтылар - 50 мың теңгеден ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 Тәуелсіз ел атанып, қыран құсы қалықтаған аспан түстес төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттық рухани байлығымызды дамытуда, салауатты өмір салты үшін, діні -қазақ, тілі - қазақ өскелең жас ұрпаққа, осы ұрпақ арқылы атадан балаға мұрағат болар тәлім-тәрбиесіне, өмірінің азығы болар қазыналы біліміне аса көңіл бөлінуі қажет. Білім күші - құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Осы берілер білімнің түп негізі - мектептің табалдырығынан бастау алып, әлі де болса буыны қатая қоймаған балаға қалам ұстатып, білім ұстартатын, сол білімнің бала бойына нәрін себетін - Ұстаз емес пе?. Ендеше өскелең ұрпағымыздың болашағы ұстаздардың қолында.

 Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар

 Ұлылықты ұлықтаған имандар.

 Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

 Өмірінің әр шақтарын қиғандар.

 – деп ақындарымыз жырлағандай, сөзі - маржан, үні - қалықтаған ән болып есер ұстаздардың бар болғаны мақтаныш!.

 Қазақ тілінің мәртебесін арттыруда, оның шежірелігін, тарихын аша отыра, сөздің сауатты құндылығын әрбір шәкіртіне ұстартуда шығармашылықпен, жаңашыл технология үрдісінде ізденімпаздықпен еңбек ететін ұстаздардың осы дүбірлі байқауда жүзден жүйрігін, мыңнан тұлпарын табудың жолы мен өз мәресіне жетуі маңдай терімен келген еңбектің арқасында. Байқауға қатысушы үміткерлер үшін күтпеген таңғажайып сәт - ол, тамырын тереңге жайған сиқырлы “Білім бәйтерегінің” жемісін қолдарына ала отыра, жеребе бойынша бақтарын сынайтын кез еді. Сынақтың қай нөмірі менің тағдырымды шешер екен деген ой барлық үміткерді толқытпай қоймады. Бұл толқыныстар ұстаздардың сөз саптауы кезінде бойларына қанат бітіріп, сөйлесе сөзі өткір, білімділік жағынан білімі бітік, үлкен лауазымды білім иесі ретінде шарықтауына себеп болды. 

«Ердің асылы жақсы ісінен»- демекші, бүгінгі елеулі ісіміздің демеушісі, мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың сапасын  арттырудағы қазақ тілінің жанашыры, ел азаматы, тәуелсіз болашақ иелері - ұл-қыз тәрбилеуші ата-ана Төлегенов Мантай Нұхтиұлына Алматы қаласы Білім департаменті мен Білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты (ББЖМБК және ҚДИ) елінің игі істеріне атсалысып, көтерер жүгін бірге арқалағаны үшін алғысы зор.  Бұл байқаудың ерекшілігі мен құндылығы - ұстаздың басқа мектеп оқушыларына өз оқушылары іспетті білім нәрін себе білуі ұстаздың шынайы кәсіби шеберлігін көрсетті десем артық айтпаған болармын. Бұлай ой қозғауымның себебі, күнделікті өз шәкірттеріне дәріс беріп тағылыққан ұстаздың өз шәкірттеріндей өзге мектеп оқушыларына берілген тақырыпты талпындыра отыра, жан-жақты қамтып, сауатты аша білуі, үйіре алып кетуі әрине ғажап емес пе?. Өзін-өзі таныстыру рәсімінің ашылу салтанатынан өткен үміткерлер ашық сабақтары мен тәрбие сағаттарын көрсеткеннен кейін іріктелген 12 үміткердің ішінен үздік шыққан 10 жеңімпазымыз анықталды.

 Алғашқы 1-орынды жеңімпаздарымыз:

 Ағаділова Ұлжалғас Берқалықызы. Жетісу ауданы, № 137 орта мектеп

 Қанайбекова Анар Сайранбекқызы. Әуезов ауданы, №111 гимназия.

 2-орынды жеңімпаздарымыз  - Бейсембаева Елмира Қанағатқызы. Медеу ауданы, № 98 орыс мектеп

 Меңғали Нұргүл Тоқтасынқызы Бостандық ауданы, № 138 гуманитарлық-өнер гимназия

 3-орынды жеңімпаздарымыз:

 Смағұлова Сая Серікболқызы. Бостандық ауданы, № 146 орта мектеп

 Қалдыбаев Ербол Омарұлы. Бостандық ауданы, № 68 лингвистикалық гимназия

 “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығын жабады, білдірмейді” – дегендей балаға өз білімділігін шебер қолдана білетін ұстаздардың келесі легі ынталандыру марапатына лайықты деп табылды. Олар:

 - Есентаева Айжан Ыдырысқызы. Медеу ауданы, № 98 орта мектеп

 - Белденбаева Жазира Тоқтақынқызы. Бостандық ауданы, № 93 арнайы мектеп

 -  Садуақасова Алмагүл Абусағитқызы.

 Жетісу ауданы № 90 физика-математикалық лицей

 -Көдебаева Самал Мұратқызы. Алмалы ауданы № 24 мектеп - гимназиясы.

 

Міне осындай қазақ тілінің нағыз майталман маманы, зердесі зерек, ұшқыр ойлы ұстаздарымыз өздерінің өне бойындағы білім нәрін, күшін шәкіртінің бойына сіңіре білсе нұр үстіне, нұр емес пе! Өзінің бойындағы отын шәкіртінде жаға білген ұстаздарымызға ертеңгі Тәуелсіз еліміздің дені сау қайратты, ойы жебедей, шоқ жұлдызды ұл-қызды тәрбиелейі деп сенім артамыз.

 Құт боп қадам жол болсын !

 Аламан ұстаз бәйгеңде.

 Табысты болсын әр сайыс

 Оза кел топтан жәй келме!

 Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

 Озсын деп, тілек айттық бәріңізге! - деп сөзімізді сараптаймыз.

 М.Н.Жакупова,  ББЖМБК және ҚДИ Ақпараттық - баспа жұмыстарының каб.меңгерушісі

 

Категория: Событие | Добавил: teacher-almaty (14.07.2008)
Просмотров: 1515 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz