Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 11.12.2016, 05:14

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1523
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Событие

“Қыз елдің көркі” аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша откізілген “Жылдың үздік сынып жетекшісі - 2008” атты қалалық байқауы
“Қыз елдің көркі” аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша откізілген “Жылдың үздік сынып жетекшісі - 2008” атты қалалық байқауы

 

Қыз баланың бойында қыз балаға тән наз-қылықты нәзіктікті, әдемілік пен сыпайылықты, болашақ анаға, әйелге тән сапаларды, әдет-дағдыларды, ұлттық құндылықтарды, рухани адамгершілікті жас кезіннен бойына сіңіру мақсатында Алматы қаласы Білім Департаменті 2007 жылы “Қыз елдің көркі” бағдарламасы жасалынды. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы өскелең ұрпақтың бойында болашағымыздың жалғастырушысы, нәзік жанды қыз-аналарға құрметпен қарауға, отбасы мен қоғамдағы ролін жете түсінуге баулиды, қыз балалардың өзінің табиғи шынайылығы мен инабаттылығын ашуға мүмкіндік алады. Халқымыз қыз балаға төрінен орын сайлап, мәпелеп, қастерлеп өсірген. Қыз баланың нәзік те қайратты, албырт та алғыр, ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуы алған тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, сәби жүрегіне жол табатын, екінші анасы, қорғанышы болатын сынып жетекшісінің қыз баланы тәрбиелеудегі ролі зор. Осы “Қыз - елдің көркі” аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру аясында Алматы қаласы Білім Департаменті мен Білім беру жүйесі мамандардың біліктілігін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен талантты және шығармашыл бағытта жұмыс атқаратын сынып жетекшілерін айқындау мақсатында педагогтар арасында педагогикалық шеберлік байқауы “Үздік сынып жетекшісі - 2008” атты қалалық байқауы өтті. Байқауға аудандық байқаудың жеңімпаздары қатысты. Алғашқы сөз кезегін алған Алматы қаласы Білім департаменті тәрбие бөлімі бастығы Қ.Қ.Молдабаева ханым: “Сіздер білім беру жолында шығармашылықтарыңызды шыңдай отыра, білім мен тәрбиенің үздіксіз дамуына үлкен үлес қостыңыздар. Осы байқауға үлкен тебіреніспен келдіңіздер. Бүгінгі байқауда Сіздерге шығармашылық табыс, ақ жол тілеймін” - деген тілегінен кейін, дүбірлі байқауымыз өз кезеңді жалғасын тапты. Ғылыми ізденісті шығарамашылық бағытта, білім мен тәрбиені ұштастыра білген дарабоз сынып жетекшілерінің кәсіби шыңдалуының шыңыры осы байқауда танылғандай болды. Әрбір ұстаздың сөз саптауы байсалдылығы, ойы тұжырымды да жүйріктігі, жарқын бейнелі өз кәсібінің тұлғасы екендігін айқындай түсті. Өзге мектеп оқушыларымен бірлесе көрсеткен тәрбие сағатының ғылымилығы баланың бойына түйер даналығы мен тағылымы терең, мәнді, мағыналы түрде өз мақсатына жетті. Алынған тәрбие сағаты тақырыбының сабақтың барысымен үйлесімділік табуы, оқушының өзіндік ойын білдіруі, мәнерлі сөз саптауы, жаңа технология үрдісіндегі құнды пікірлердің болуы нағыз ұстаздың қажырлы еңбегі. Жүйріктен жүйрік озар дегендей, әрбір ұстаз өз шеберлігін шыңдауда жан-жақты ұлағатты ұстаздық қырынан танылды. Бас жүлделі дипломмен Медеу ауданы, № 159 жан-жақты профильді гимназиясы мұғалімі Хамиева Тамара Хабиболлақызы марапатталды. І дәрежелі дипломмен: Жетісу ауданы, №174 орта мектебі мұғалімі Прманова Жанар Бостанқызы мен Медеу ауданы, № 12 гимназиясы мұғалімі Әлімбаева Нағрипа Серікбайқызы марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен: Әуезов ауданы, № 41 мектеп - гимназиясы мұғалімі Тұрбекова Ұлжан Қожамбердіқызы, және Бостандық ауданы, № 138 гимназиясы мұғалімі, Абдрахманова Айнұр Мақсұтқызы марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен: Медеу ауданы № 159 жан-жақты профильді гимназиясы мұғалімі Мырқасымова Нұргүл Құрманғалиқызы мен Түрксіб ауданы, № 101орта мектебі мұғалімі Худакулиева Махриям Итахунқызы марапатталды.
М. Н. Жакупова, ББЖМБК және ҚДИ Ақпараттық - баспа жұмыстарының каб.меңгерушісі
Категория: Событие | Добавил: teacher-almaty (14.07.2008)
Просмотров: 3579 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz