Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 12:47

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Событие

ІІ республикалық І. Жансүгіров оқулары

 

 Үстіміздегі жылдың 14-І5 мамырында Алматы облысы, Ақсу ауданы, кентінде жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында жас өспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау; оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, Ілиястың прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұргыда жеткізе білуге дағдыландыру; жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру және жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында ІІ республикалық І. Жансүгіров оқулары өткізілді. Байқауға облыстық, қалалық оқуларының поэзияны сүйетін, өленді мәнерлеп, көркем оқи алатын, өлең жаза алатын ақындық талабы бар және  жыр Құлагері атанған Ілиястың шығармаларын жақсы білетін, оның өлеңдері мен прозалық, драматургиялық шығармаларын талдай білетін жеңімпаз оқушылары қатысты.

І.Жансүгіров оқуларын өткізу 4 бөлімінен тұрды:

1 - турда талапкер І.Жансүгіровтың бір прозалық немесе поэзиялық шығармасын таңдап алып, шығарма немесе жазбаша талдау жасап, жазбаша түрінде комиссия мүшелеріне алдын ала тапсырылды.

2 - турда І.Жансүгіровтың бір өлеңін жатқа, мәнерлеп оқыды.

3 - турда өз шығармашылығымен таныстырды. Өзі жазған арнау-өлеңдерін топтап, мәтіндерін алдын-ала комиссияға жазбаша түрде тапсырды.

4 - турда талапкер І.Жансүгіровтың прозалық шығармасынан немесе драматургиясынан үзінді оқиды.

Байқауға Алматы қаласынан қалалық әдістемелік кабинет директоры Биомарова Г.А. жетекшілігімен № 154 ОМ 11 сынып оқушысы Болатбек Ұлан  мен № 162 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Сүлейменова Қарлығаш  қатысты.  Ұлан мен Қарлығаш Ілияс атаға арналған арнау-өлеңдерінің мазмұндылығымен және мәнерлеп жатқа оқуымен ерекшеленді. Байқау нәтижесі бойынша әділқазы алқасының шешішімен Болатбек Ұлан  1 орын иеленгені үшін мақтау қағазымен марапатталып, жеке компьютер сыйға берілді. Сонымен бірге 7 сынып оқушысы Қарлығаш 3 орын иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды және музыкалық орталық сыйға алды.

Болатбек Ұлан

Сіз...

            Сіз, біз үшін

Заңғар, биік, алыпсыз,

Ғасырында жарқыраған.

Лаулап, оттай жаныпсыз,

Әттең, заман – дүние

Өткеннен соң,

Кеткеннен соң таныппыз!

Поэзияның төріндегі

Ілиястардың тегіндегі

Арқалысы – анық сіз,

Жетісудың құшағында

Алатаудың дәл ұшында

Жарқырығын жарықсыз,

Кешіріңіз!

Кезінде сізді

Танымый қалыппыз!

Сіз – ақынсыз

Жырлау үшін жаратылған!

Жыр жазғансыз

Қалам қылып сұңқардың

Қанатынан!

Арнаған сізге деген өлеңдерім

Сыйлық болсын мына менің

Тарапымнан!

Жырларыңыз өсиет ретінде

Таратылған!

Сіз – дарынсыз!

Заманында дара туған,

Жолыңызды бүгін, міне,

Ниет  қылып бала қуған.

Сүйесіз-ау

«Қазақпын» деген адамды!

Көрдіңіз – ау

Талай сатқын, наданды!

Жойды емес пе

Әке-шешең, балаңды?!

Әлі күнге алып жүр ғой

Сол сатқындар мазамды.

Жетісудан

Түлеп ұшқан сұңқарсыз!

Заманында

Еркін шапқан тұлпарсыз!

Аман болса іздерің

Әлі талай жырлармыз.

Мән бермеңіз

Бүгінгі тірлік, кемдікке,

Қалай өмір сүреміз-ау оларсыз !

Бар табиғат

Қаламыңыздан жаралған,

Бар тіршілік

Жанарыңыздан нәр алған,

Бар сұлулық

Санаңыздан таралған.

Өзгешесіз

Тіршілікте пенде, адамнан!

Көзді жұмып, өткізіп

Соңғы сәтті қамалдан,

Тоқтатпаймыз!

Сия ағызып қаламнан,

Жауына теңеп

Улады жалған санамнан,

Сонда да сіз!

Тарихымнан менің жоғалман!

 

Поэзияның Құлагері  

Жүйріксіз!

Қазағыңды, бауырыңды

Сүйіпсіз!

Қиындығын мыңнан көріп

Күйіпсіз!

Алатаудай асқар шыңды

Биіксіз!

Қаламтартар жастарды

Маңайыңызға жиыпсыз.

Келеміз, міне бүгін

Жолыңызды қуып біз,

Қалдырдыңыз жазып бізге

Өшпейтіндей мәңгі із!

Сізді іздеумен,

Тағы сізді еске алып

Отырмыз ойлап бәріміз!

Жазың, қысың, көктем және күз,

Ұмытпаймыз сізді ешқашан

Ант-су ішкен уәдеміз.

Мынау біздің

Сізге тартқан кәдеміз

Жалғыздықпен күй кешсеңіз

Қазір бізде бәрі егіз.

Кейде қорқып солардан

Достан ұшар зәреміз,

Жырыңызбен сәбилерді

Жылатып алып, бір еміз,

Біздер бүгін

Бұрынғы емес, бергіміз!

өтінемін, жырыңызбен

Біздер жаққа келіңіз!

Категория: Событие | Добавил: teacher-almaty (25.09.2008)
Просмотров: 6649 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.1/10
Всего комментариев: 1
1 Назерке   (25.04.2009 13:10)
Қадамдарыңыз құтты болсын. Шынында да өте тамаша өлең екен. Мен Ілиясты сүйіп оқимын.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz