Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 03:12

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Панорама [9]
Образование: модели и методы [60]
Управление [1]
Событие [18]
Воспитание и социализация [40]
Ступеньки к школе [11]
Профессиональное обучение [31]
Коррекционная педагогика [17]
Дополнительное образование [101]
Психологическая служба [47]
Родительское собрание [12]
Автограф на память [13]
Семиречье - взгляд сквозь годы [10]
Хочу поделиться [80]
Хроника [0]
Воспитание о образование в разных странах [2]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Рубрики журнала » Событие

Ұстаз деген – ұлықтығы биік мамандық
№ 3, 2008 г.
Алматы қаласында білім беру мекемелері қызметкерлерінің арасында Абай атындағы опера және балет театрында білім беру ұйымдары мен жалпы білім беру мектептерінің басшылары және байқаулардың жеңімпаздары арасында дүбірлі де, тағылымы терең тамыз маслихаты өтті. Абай атындағы опера және балет театры фойесінде ұйымдастырылған көрмеде “Білім беру саласының басты міндеті - сапалы қызмет аясын кеңейту” атты мұғалімдердің кәсіби шығармашылығының жаңа технология мен оқу - тәрбие үдерісіндегі жан - жақты сындарлы сынықтан өткен нәтижелі жетістіктері және оқушылардың шығармашылық еңбектері көрсетілді.

Педагогикалық кеңеске Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаев, Алматы қаласының әкімі А.С.Есімов, Білім басқармасы бастығы Р.С.Шимашева, аудан әкімдері, жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Тамыз маслихаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауы аясында өтті.

Алғашқы сөз кезегін алған Алматы қаласы Білім басқармасы бастығы Рахат Сейдахметқызы Шимашеваның баяндамасы барысын сараласақ, алғашқы сөз барысын балалар бақшасының бүгіні мен ертеңгі әл ауқаты жайында қозғады (бастады). ...Баланың тәрбиесіне қоршаған ортаның тигізер ықпалы өте зор. Сондықтан, ерте бастан бала бойында табиғатты аялауға, ұлттық құндылықтарды бағалауға, Отанына, қоршаған ортасына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек. Тәлім - тәрбие ошағының қайнар көзі - бала бақша болып табылады. Баланың тәлім - тәрбиесінің жүйелі болуы мақсатында Әуезов ауданында 50 орындық шағын орталықтың ашылатындығын айтты. Салауатты өмір салты үшін, дені сау ұрпақ тәрбиелеуде қала аумағында 30-ға жуық бала бақшаларда дене тәрбиесі тереңдетіліп өтіледі. Барлық бала бақшаларда сауықтыру, алдын алу шаралары тереңдетіліп жүргізілетіндіктен, өткен жылмен салыстырғанда балалардың арасында жұқпалы аурулармен ауруының азайғандығын баса айтып өтті.

Мектептегі оқу үдерісін ұйымдастырудағы елеңдетер жайттардың бірі - мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ нәтижелері бойынша төмен бағаланғандығы. 18 жаңа түрдегі мектеп ҰБТ бойынша ең төменгі нәтиже көрсетті деп өз ойын сараптайды.

Екінші сөз кезегін алған, Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев өз сөзінде “Болашақ” бағдарламасы бойынша үш тілде оқыту жүйесіне көшу мақсатында жүздеген мұғалімдер кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында шетелге дәріс алуға жіберілетіндігін айтты. Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасымен “100 мектеп - 100 аурухана” атты бағдарламасы аясында 2011 жылға дейін 250 мектеп, 200 бала бақша, 50 кәсіптік техникалық мекемелердің құрылысының  басталатындығын айтты. Жас мамандар үшін қызметтік пәтерлер немесе жатақханадан бөлме берілетіндігі мен мұғалімдердің денсаулығын нығайтуда сауықтыру орталықтарының ашылатындығы туралы жағымды хабардан құлағдар етті.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Смағұлұлы Есімов мырза өз сөзін Қытай халқының мақалымен бастады: “Айт маған - мен оны ұмытамын, көрсет маған - есімде сақтаймын, қызықтыр мені - мен бәрін үйренемін”. Педагогиканың басты міндеті - баланың алған тағылымдық ілімін тәжірибе жүзінде қолдана білуге үйрету - деді А. С.Есімов. Алматы қаласында білім беру қызметкерлерінің еңбек ақысына 50 пайыздық үстеме, ал,  жуық арадағы 3 - 4 жылда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен педогогтардың еңбек ақысы 2 есеге көтерілетіндігі жоспарланып отырғандығын баса айтты. Алматы қаласы бойынша педагогтардың кәсіби құзырлығын шыңдау мақсатында әр түрлі іс - шаралар өткендігін және де осындай шабытты байқаулардың осы оқу жылында да жалғасын табатындығын ескертті. Келесі жылы мектептерде 200-ге жуық пән бөлмелерінің, бала бақша мекемелерінде асханалық, кір жуатын, ұйықтайтын және ойын бөлмелерінің жабдықталатыны туралы жоспарланғанын сөз етті. Мәжілс соңында мұғалімдерге “Қазақстан Республикасы білімінің құрметті қызметкері”белгісі, Ыбырай Алтынсарин атындағы медалдар, Білім және ғылым министрлігі және Алматы қаласы әкімінің құрмет грамоталары және білім беру ұйымдарының 54 қызметкерлеріне Алматы қаласы әкімі 15 мың теңге көлемінде сыйақысы, ал, ардагерлерге теледидар берілді. “2008 жылдың ең үздік мектебі” байқауының жеңмпаздарына интерактивті тақталар берілді. Ең құнды сыйлық - жаңа пәтер кілтінің табысталуы еді. Осындай пәтерге қолы жеткен жеңімпаздардың ішінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу орталығының жетекшісі Пашаева Гүлсім Ашыққызы бар. Тамыз маслихатының соңы концертке ұласты.

 

Категория: Событие | Добавил: teacher-almaty (15.12.2008)
Просмотров: 4037 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz