Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 09.12.2016, 03:07

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [48]
Информатика [58]
История [49]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1522
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Моя Родина - Казахстан

«Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы»
«Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы»

Мақсаты: 1.Отан, Казақстан, Астана, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға жан-жақты білім беру. Жаңа білім бере отырып, туған топырағының сонау тереңде жатқан тарихын таныту.
2. Оқушыларға жаңа тақырып түсіндіре отырып патриоттық сезімдерін дамыту және тыңдап түсіну дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушылардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойында патриоттық сезімдерін және елін, жерін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін жана таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі:Сұрақ-жауап, әңгіме, баяндама түрінде.
Барысы
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» атты тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын.
Оқушылар орындарынан тұрып ҚР-ның Әнұранын орындайды.

Мұғалім: Ал, қане, балалар, Отан деген не? Оны қалай түсіндіресіңдер?

1-оқушы: Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.
2-оқушы: Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұланғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, ал батысында Әзірбайжан Республикасымен шектеседі. Қазақ жері қаншалықты кең байтақ болғанымен, табиғаты әр алуан. Біздің еліміздің табиғатының сұлулығына арнап ақын-жазушыларымыз көптеген өлең-жырлар жазған.
3-оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешті. Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткерген қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама!
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президент сайлауы өтіп, оның қорытындысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1995 жылы 30тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды. Бұл күні көп ұлтты республикамыздың барлық халқына тәуелсіздік, бостандық пен еркіндік әкелді.
Бейнекөрініс
4-оқушы: 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласының Елордасына айналды. Мұндай шешімнің қабылдануына қаланың геосаяси тұрғыдан елдің орталығында, аса ірі көлік жолдарының қиылысында орналасуы, қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның, елорданы дамытуға қажетті бос жатқан жерлердің болуы себеп болы. Халқы 290 мың адамды құрайтын, Қазақстандағы ең көркем әрі келешегі мол қалалардың бірі Қазақстанның жаңа астанасына айналды. Қаланың алаңы 1997 жылы 258 шаршы километрді құраса, бүгін Астана 710,2 шаршы километрді алып жатыр.
1-оқушы:
1998 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмоланың атауы Астана деп өзгертілді. 1999 жылы шілдеде ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Қазақстанның астанасына медаль тапсырылып, «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ берілді.
2-оқушы: 2001 жылғы 22 қыркүйек – Католик шіркеуінің басшысы ІІ Иоанн Павелдің келу сапары. ҚР Президенті Н Назарбаевтың айтуынша, Рим Папасының келуі тәуелсіздікке жеткен қысқа мерзім ішінде 130 ұлт пен халықтың бейбітқатар өмір сүрүін қамтамасыз еткен көп ұлтты Қазақстанның еңбегі бағалау болып табылады. Қазір республикада 40-тан астам конфесиядан өкілдік ететін 2300-ге жуық діни бірлестік жұмыс істейді.
1-оқушы: 2002 жылғы 17 қазан –БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннанның Астанаға келу сапары. ҚР Президенті Н Назарбаевтың Жарлығымен Кофи Аннан Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымастықтың дамыту мен нығайтуға үлкен үлес қосқан үшін, сондай – ақ республиканың халықаралық бастамаларына жан – жақты қолауы көрсеткені үшін І дәрежелі «Достық» орденмен марапатталды.
2-оқушы: 2002 жыл – Сәулетшілер одақтарының халықаралық қауымдастығы өткізген Астанадағы Х конкурс жұмысының қорытындысы бойынша беделді халықаралық қазылар алқасы «Астана- Бәйтерек» ескерткішіне ТМД елдерінің арасындағы 2002 жылғы ең үздік жоба мен құрылыс ретінде Гран-при жүлдесі берілді. Көкке қарай 97 метірге шарықтаған Бәйтерек бүкіл дүние жүзі үшін тәуелсіз Қазақстан мен оның жас астанасының бейнесімен тығыз байланысқан.
1-оқушы: 2003 жылғы 23-24 қырқүйек –Астанада әлемдік және дәстүрлі діндердің Халықаралық съезі өтіп, онда өркениеттердің дағдарысын жеңу, дау-жанжалдарды бейбіт қатар шешу мақсатында әлемдік діндердің күшін жұмылдыру сияқты мәселелер талқыланды. Форумның қорытындысы бойынша діндер арасындағы Мағлұмдама қабылданды.
2-оқушы: 2006 жылғы қыркүйек Бейбітшілік пен келісім сарайы - әйгілі сәулетші Н.Фостердің жобасы бойынша жасалған пирамида ашылды. Оның құрылысын салу туралы идеяның авторы – Қазақстан президенті Н.Назарбаев.
1-оқушы:2006 жылғы 12 қыркүйек -Әлемдік және дәстүрлі діндер көсемдерінің ІІІ Халықаралық съезіне қатысушылар жиналды.
Бүгін Астана – еуразиялық кеңестің орталығы, мұда қазіргі заманға саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі бас қосулар өткізіледі
Ал баларар, енді Отан, бірлік туралы мақал-мәтелдер айтайық

Қазақстан –қасиетті Отаным

Ғасырлар өткен сиреген халықпыз,
Қиянат дертінен сиреген халықпыз,
Тағдыры еңсесін имеген халықпыз,
Тамұқтың отына күймеген халықпыз.

Ерлікпен елдес тарихы сөнбес,
Ауызбен теңдес, дәстүрі өлмес.
Намысын бермес, елдігі дербес,
Ежелгі қазақ –ертегі ғажап.

Жан-жақты жау қаптап,
Қатер бұлт торлаған,
Жарықтан жар болып, аруақ қолдаған.
Тас қорған қамалдар салмаған алашты,
Жалаңаш төсімен ерлері қорғаған.

Егемен ел болдық каһарман ерлікпен,
Бағымыз жанады, бауырмал елдікпен.
Қазақтың мерей жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймын бірлікпен, ерлікпен.

Қорытынды
Мұғалім: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін
Категория: Моя Родина - Казахстан | Добавил: adilxan (19.09.2012) | Автор: махабат E
Просмотров: 2231 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz