Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 05.12.2016, 09:25

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1521
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Моя Родина - Казахстан

"Қазақстан - 2050 стратегиясы. Бір ел - бір халық - бір тағдыр" білім сабағы
"№39 ЖОББМ" КММ
математика мұғалімі
Рахимбердина Гульдана Берликовна

Білім сабағының тақырыбы:
«Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр»

Сабақ мақсаты:
«Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық-бір ел- бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын оқушылардың санасына жеткізу, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру.Елбасы саясатын насихаттау.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар, гүлдер

Сабақ барысы:

- Қымбатты оқушылар, бүгінгі Білім күні сабағымызды : «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр» тақырыбында бастағалы отырмыз. Осылай атауымыздың өзінде де үлкен мән бар,себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында осы тақырыппен сөз сөйлеген болатын. Неге біз бұлай айта аламыз? Өйткені «бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел» -бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, «Бір тағдыр»-бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
- Олай болса келесі кезекте сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдайық.
(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)
- Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, елдің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» дейді. Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.

Келесі кезекте дана халқымыздың жауһар мұраларының бірі мақал-мәтелдердің мәнін ашып көрелік. (слайдпен көрсету)

«Алтау ала болса-ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса – төбедегі келеді»

Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі мықты ел озады

Бөлінгенді бөрі алар және т.б

(Бұдан шығатын қорытынды татулық пен бірлік бар жерде алынбайтын асу жоқ екендігін түсіндіру)
- Жаңа кезеңдегі ұлттық бірлесу үдерісінде қазақ халқының ролін нығайту өте маңызды. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кірісудеміз. 2050 жылы Қазақстан жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болуы тиіс. Бұл үшін Елбасымыз төмендегідей жеті міндетті атап көрсетті.
(Оқушылар негізгі міндеттер туралы айтып өтеді)
1. Экономиканы дамыту, экономикалық жаңа көзқарас қалыптастыру. Қазақстанды экономикалық кеңістікке бизнес-серіктес ретінде шығару.
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау. Ұсақ кәсіпорындарды және жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге шығару.
3. Әлеуметтік қауіпсіздік және қалқымыздың жағдайы. Кедейшілік жоюлуы керек. Зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға көмек көрсету. Отбасын, әйел адамдардың мүддесін жоғары көтеру, баланы қорғау. Ұлт денсаулығын нығайту.
4. Бәсекеге қабілетті ұлт болу үшін білім мен кәсіби машық мәселесіне қатты көңіл бөлу.
5. Демократияны дамыту. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы бірігіп күресі керек.
6. Сыртқы саясатты нығайту. Түрлі елдер және ұйымдармен ынтымақта болу.
7. Жаңа қазақстандық патриотизм. Қазақстан көпұлтты мемлекет, сондықтан барлық ұлт пен этностардың бірлігі болу керек. Қазақ тілін білім, қастерлеп, сонымен қатар «Үш тұғырлы тіл» саясатын да ұстануымыз керек. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

- Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Қазақстандағы достық пен татулықтың көрінісі Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайынан да көрінеді.
Категория: Моя Родина - Казахстан | Добавил: Гульдана (11.09.2013) | Автор: Гульдана
Просмотров: 2283 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Kanatbekovich   (12.10.2013 23:40)
сабағыңыз жақсы екен көп адамдардың әлі түсіне алмай жатқан жайы бар

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz