Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 03.12.2016, 16:34

Учителя Алматы

Меню сайта
Категории раздела
Биология [28]
ИЗО [12]
Профессиональное обучение [6]
Внеклассное чтение [16]
География [22]
Духовные ценности [10]
Если хочешь быть здоров [47]
Информатика [58]
История [48]
Иностранный язык [99]
Книжная полка [49]
Компьютер-бум [10]
Казахский язык и литература [181]
Математика [85]
Мир науки [11]
Моя Родина - Казахстан [42]
Музыка [97]
Начальная школа [399]
Общество семи муз [12]
Психологический клуб [11]
Русский язык и литература [129]
Родительское собрание [11]
Творческая личность [20]
Технология [21]
Физика [20]
Химия [31]
Экологическое воспитание [13]
Самопознание [35]
Наш опрос
Считаете ли вы результаты ЕНТ справедливыми?
Всего ответов: 1520
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мастерская учителя » Моя Родина - Казахстан

“Туған өлкем”
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Горьковский орта мектебі
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Токбаева Хапиза Сайрановна
“Туған өлкем”
Мақсаты: Болашағымызды жалғастырушы ұрпақтардың бойында
Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге,
табиғат әсемдігін таныта және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Кең байтақ Қазақстан алтын орда
Аңсаған еркіндікті алдын қолға
Көтеріп республика шаңырағын
Түстің сен егеменді сара жолға.
Сары арқа, сары жайлау, сары далаң
Кең байлығың әркімді еткен алан.
Ұрысты күшті болса иесі өліп
“ Менің жерім ” деуге әркім құмар болған.
Туған жер, атамекен, ақыл-ойым
Саяң самал желпиді, жылы қойның.
- Жер, су, елді бір ауыз сөзбен қалай атауға болады?
- Туған өлке.
- Осы өзіміздің елімізге, жерімізге қандай тілек білдірер едіңдер?
1. Елімізде тыныштық болсын!
2. Еліміз бай болсын!
3. Соғыс апаты болмасын!
4. Бейбітшілік болсын!
“Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас”,-деген дана аталарымыз. Кіндік қанымыз тамған жердің шөбі де, жері де, ауасы да бізге ыстық.

1 оқушы: Ауыл деген ыстық қой,
Әрбір өскен балаға.
Сағынамын ауылды,
Барсам егер қалаға.
2. Жасыл желек жамылған,
Менің туған ауылым.
Көрген адам тамсанған
Қалың ағаш тау гүлін
3. Көгінде күн нұр төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
4. Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
5. Түлегі өскен алуан-алуан,
Төс алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
6.Жарық көрген күнімнің
Куәсі сенсің, туған жер.
Сен артықсың мен үшін,
Бүкіл жерден, туған жер!
7. Отанды
Жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
8. Отан дейміз, от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер, атамекен.
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Жүргізуші: “ Туған жер, не бар екен сенен ыстық, себебі сенде туып сенен өстік! ”-деуші еді біздің атақты жерлесіміз, жазушымыз Сәбит Мұқанов.
Ән: “ Туған жер ”.
1. Жайлау гүлге тұнатын,
Атам, әжем тұратын
Мен ауылды, мен ауылды сүйемін.
Мен ауылды, мен ауылды сүйемін.

2. Көше гүлге тұнатын,
Папам, мамам тұратын.
Мен қаланы, мен қаланы сүйемін.
Мен қаланы, мен қаланы сүйемін.

3. Папам, мамам тұратын,
Атам, әжем тұратын
Туған жерді, туған жерді сүйемін.
Туған жерді, туған жерді сүйемін.
Сүйемін.
Жүргізуші: Біздің еліміз, жеріміз, көкөніске, жеміске, егістікке табиғи байлықтарға өте бай екен. Енді “ Жер, су, ауа ” ойынын ойнаймыз.
Мақсаты:Берілген сұраққа тез жауап беруге, шапшандылыққа баулу.
Ойын шарты: Балалар қызыл асықты көрсеткенде-еліміздің қалаларын атау; жасыл асықты көрсеткенде-еліміздің байлықтарын атау ( күріш, мақта, көмір, мұнай ); көк асықты көрсеткенде-судағы тіршілік ететін заттарды атау.

2 ойын: “ Кім тапқыр? ”
Мақсаты: Балалардың туған жерге, елге деген сүйспеншілік сезімін ояту.
Ойын шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді.
1 топ “ ел ” деген сөзге
2 топ “ жер ” деген сөзге сөйлем құрастырады.
“ ел ” “ жер ”
Елімді жақсы көремін. Жерді аяла.
Еліміз тыныш болсын. Туған жер.
Еліміз тоқ болсын. Жерде бәрі де өседі.
- Ел туралы мақал-мәтелдер айтқызу
Сынып балалары екі топқа бөлініп айтады, қай топ ең көп мақал айтса, сол жеңімпаз аталады.
1. Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.
2. Туған жер-алтын бесік.
3. Туған жерімде өле-өлгенше қорғаймын.
4. Туған жерге, өлкеге ешнәрсе жетпейді.
5. Есің барда еліңді тап.
Жүргізуші: Балалар, осындай нақыл сөздерді ұрпағына қалдырған
даналарымыздың ой арманы біреу-ақ, ол еліміздің бірлігі,
теңдігі, достығы, осы күнгі еліміздің егеменді тәуелсіз ел
болуы.
Ән: “ Менің Қазақстаным ”
Категория: Моя Родина - Казахстан | Добавил: erali (27.01.2014) | Автор: Хапиза E
Просмотров: 2862 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz


  • Copyright "Школа" Интернет-портал "Детство-kz"© 2016
    Сайт управляется системой uCoz